Қыз балалармен қол ұстаса айналу
Технологиялық карта
Білім беру саласы
Шығармашылық
Оқу іс-әрекет түрі
Музыка
Тақырыбы
Әуелесін, қалқысын Қазағымның жаз әні!
Мақсаты
Ұлттық музыкаға құрмет
Балалардың ұлттық музыкаға құрмет сезімдерін оятып, ұлттық саз иірімдерін бойларына сіңіру.
Ырғақ пен би қимылдары
Бидің негізгі жүріс түрлерін (аяқ ұшымен және өкшемен жүру, қасына қою адымы және т.б.) және би қимылдарын ырғаққа сәйкестендіріп, біркелкі орындауға, әсемдікке баулу.
Музыкалық ұғымдар
- «Халық әні» және «сазгер әні» ұғымдарын пысықтау.
- «Ансамбль (үндестік)» ұғымын түсіндіру.
Қабілеттерді дамыту
- Музыкалық есту және есте сақтау қабілеттерін арттыру.
- Әртүрлі музыкалық аспаптарды үнінен ажырата білуге мән беру.
- Топпен және шағын топпен әуезді ән салу шеберлігін шыңдау.
Тәрбиелік бағыты
Ойын арқылы зейінділікке, мұқият тыңдауға, жеке дауыста еркін ән салуға тәрбиелеу және қызығушылықты арттыру.
Әдіс-тәсілдер
Көрнекілігі
- үнтаспа
- қимылды және дидактикалық ойындар атрибуттары
- слайд
- балаларға арналған музыкалық аспаптар
- Ұлытау тобының суреті
- ырғақты шаршылар
- шағын домбыралардың макеттері
- телефон
Сабақ барысы
1) Бастапқы жүріс
Музыкалық сүйемелдеу: «Елімізді сүйеміз» (Д. Ботбаев)
Педагогтің бақылауы
Балалардың әуен ырғағын сезінуіне, арақашықтық сақтап, ширақ адымдауына көңіл бөледі. Әуен аяқталған сәтте дәл тоқтауын қадағалайды. Әндете амандасу ұйымдастырылады.
Әнмен амандасу үлгісі
Педагог: «Сә-ла-мет пе, ба-ла-лар?»
Балалар: «Сә-ле-мет-сіз бе?»
Балалар марш ырғағымен залға кіріп, әуен аяқталған сәтте тоқтайды және әндетіп сәлемдеседі.
2) Әуенді-ырғақты қимылдар
Ән: «Жайдарман» (халық әні)
Еске түсіру және қайталау
Алдыңғы оқу іс-әрекетінде балалар әннің музыкалық фразаларына сәйкес қимылдарды үйренген:
- 1–2 фраза: аяқ ұшымен жүру.
- 3–4 фраза: өкшемен жүру.
- Қайырмасы (5–6 фраза): қасына қою адымы.
Қазір осы қимылдарды қайталап, музыкалық фразалардың ауысуын мұқият аңғаруға көңіл бөлеміз.
Бүгінгі толықтыру: қол қимылдарын қосу
Қыз балаларға арналған қимылдар
- 1 Аяқ ұшымен ортаға қарай жүріп, кіші шеңбер жасау.
- 2 Қол білезіктерін айналдыру.
- 3–4 «Сырға» қимылын орындау.
- 5 Ұл балаларға қарама-қарсы бағытта аяқ ұшымен жүру.
- 6 Ұл балалармен қол ұстасып айналу.
Ұл балаларға арналған қимылдар
- 1 Оң жаққа қарай қасына қою адымын жасау.
- 2 Оң аяққа отыра қалып, қолды жан-жаққа жайып, қыз балалардың әсем қимылын тамашалау.
- 3–4 1–2 фразадағы қимылдарды сол жаққа қарай қайталау.
- 5 Қыз балаларға қарама-қарсы бағытта аяқ ұшымен жүру.
- 6 Қыз балалармен қол ұстасып айналу.
Қорытынды ұйымдастыру
Қатар түзей жүріп, өз орындарымызға жайғасамыз. Орындықта дұрыс отыру ережелері пысықталады:
- орындықтың ортасына дейін отыру;
- арқаны тік ұстау;
- қолды тізенің үстіне қою.