Сабаққа сіздер қандай әрекет жасайсыңдар

Биология пәнін оқытуда диалогтік оқытудың маңызы

Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратынын көрсетеді. Диалогтік оқыту кезінде Мерсер мен Литлтонның пайымдауынша, оқушының пәнге деген қызығушылығы артып, білім деңгейінің өсуіне әсер етеді және берілген тақырыпты тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. [1, 38-б.]

Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың оқуына ажырамас бөлшек болып табылады. Ол әңгімелесудің үш түрін сипаттайды: әңгіме-дебат, топтық әңгіме, зерттеушілік әңгіме. Оқушылар сыныптастарымен және құрдастарымен диалог жүргізген кезде сыни тұрғыдан ойлап, зерттеу жүргізуге қабілетті болады. [1, 40-б.]

Негізгі ой

Диалог — сабақ барысындағы мұғалім мен оқушы және оқушы мен оқушы арасындағы мақсатты қарым-қатынас; ол түсінуді тереңдетіп, ойлауды дамытады.

Білім беруде диалогтың маңызы зор: мұғалім оқушылармен тікелей байланыс жасап, ой тастайды және әр түрлі деңгейдегі сұрақтар қояды. Мерсер мен Литлтон (2007) диалогтың сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, интерактивті қарым-қатынас пен бірлескен жұмыстың балалардың оқуына және когнитивті дамуына әсер ететінін атап көрсетеді.

Выготскийдің тұжырымы бойынша, кіші жастағы балалардың когнитивті дамуы әлеуметтік қарым-қатынас үдерісінде жүзеге асады: анағұрлым қабілетті оқушылармен араласу, мәдениет пен қоршаған ортамен өзара әрекеттесу арқылы оқушылардың ересектерше ойлау тәсілдері қалыптасады.

Сұрақ қою және диалог құрылымы

Сыныпта сұрақ қою үлгісі көбіне «бастама — жауап — кейінгі әрекет» тізбегі арқылы жүзеге асады. Мерсердің (1995) моделіне сәйкес, әңгімені бастайтын және оны бақылап отыратын тұлға — мұғалім.

Сұрақ қою — маңызды дағдылардың бірі. Дұрыс қойылған сұрақ сабақ берудің тиімді құралына айналып, оқушылардың оқуына қолдау көрсетеді, түсінуді жақсартып, кеңейтеді.

Төмен дәрежелі сұрақтар

Нақты, қысқа жауапқа бағытталады; көбіне фактілерді еске түсіруді тексереді.

Жоғары дәрежелі сұрақтар

Талдау, дәлелдеу, салыстыру, пайымдау сияқты ойлау әрекеттерін іске қосады; жауапты тереңдетуге, қайта бағыттауға және сынақтан өткізуге мүмкіндік береді.

Түрткі болу сұрақтары оқушының жауабын нақтылау және түзетуге көмектесу үшін қолданылады. Ал сынақтан өткізу сұрақтары оқушылардың ойын анық білдіруіне және идеясын дамытуына мүмкіндік беретіндей етіп құрылуы қажет.

Тәжірибеден мысал: 9-сыныптағы сабақ

Теорияны тәжірибемен ұштастыру мақсатында Мерсердің тұжырымдарына сүйене отырып, оқушыларға төмен деңгейлі сұрақтардан гөрі жоғары деңгейлі сұрақтардың тиімділігін байқадым. 9-сыныпта «Жасуша құрылымдары: плазмалық мембрана, цитоплазма, ЭПТ, Гольджи жиынтығы, лизосома» тақырыбын оқыту барысында төмендегі әдіс-тәсілдер қолданылды:

  • «Мен саған, сен маған»
  • ЖИГСО
  • «Жуан және жіңішке сұрақтар»
  • Блум таксономиясы
  • Венн диаграммасы

Қойылған сұрақтарға мысалдар

Бүгінгі тақырыпты қалай әңгімелер едің?

Сабақта сіздер қандай әрекет жасайсыңдар?

Бүгінгі тақырыпты қалай салыстырар едің?

Бұл сұрақтар арқылы оқушылардың бойында ізденіс пен терең ойлауға ұмтылыс қалыптастыру көзделді. Сұрақтар жеке, жұптық және топтық жұмыстармен кіріктірілді. Нәтижесінде оқушылар сындарлы сөйлей білуге ынталанып, сыныптастарына сұрақ қойып, түсінік берді және тыңдай білуді үйренді.

Жақсыбай А. Е.

Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Саға мектеп-бала бақшасының биология пәні мұғалімі

Диалогтік оқыту

Ескерту: Мәтінде берілген сілтемелер бастапқы нұсқадағыдай сақталды ([1, 38-б.], [1, 40-б.]).