Тапсырмаларды электронды кестелердің көмегімен шешу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі

7.2A бөлім – тапсырмаларды электронды кестелердің көмегімен шешу.

Сабақ тақырыбы: электронды кесте элементтерін пішімдеу (форматтау).

Оқу мақсаттары

7.2.2.2 — электронды кесте элементтерін пішімдеу (форматтау).

Сабақ мақсаты

Электронды кестелердің элементтерін пішімдеу дағдыларын қалыптастыру.

Ойлау дағдылары

Білу, түсіну, қолдану, талдау, саралау.

Күтілетін нәтижелер

Оқушылардың басым бөлігі

  • Электронды кесте элементтерін таниды және қолданады.
  • Деректер типтерін жіктеп, әртүрлі тапсырмаларды орындайды.

Кейбір оқушылар

  • Электронды кесте элементтерін тереңірек пішімдейді.
  • Кесте мәліметтеріне сай күрделі тапсырмаларды орындайды.

Бағалау критерийлері

  • Электронды кесте элементтерін пішімдейді.
  • Компьютерде практикалық жұмыстарды орындайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар электронды кесте элементтерін пішімдеу тақырыбын ауызша түсіндіре алады.

Лексика және терминология

электронды кесте ұяшық қатар баған парақ Excel шартты форматтау

Диалог және жазу үшін тіркестер

  • Электрондық кестелер дамуының тарихы.

Құндылықтарды дарыту

  • Өмір бойы оқуға дайын болуға тәрбиелеу.
  • Топтық жұмыс арқылы бірлік пен жауапкершілікке баулу.

Пәнаралық байланыс

Математика, ағылшын тілі.

Алдыңғы білім

Мәтіндік кесте, қатар, ұяшық, баған.

Сабақтың басы (3 минут)

Ұйымдастыру кезеңі

«Жүректен жүрекке» тренингі: оқушылар шеңберге тұрып, бір-біріне жылы лебіз айтады.

Топқа бөлу

«Ақылды бейджик» әдісі арқылы екі топқа бөлінеді:

  • I топ — «Ұяшық»
  • II топ — «Кесте»

Бағалау

Оқушыларға бағалау парақтары таратылады. Сабақ барысында өзін-өзі бағалау жүргізіліп, мұғалім қалыптастырушы бағалау береді.

Өткен тақырыпты қайталау

«Өрмекші торы» әдісі арқылы сұрақтар қойылады:

  1. Кесте деген не? Оны не үшін қолданады?
  2. Ұяшық деген не?
  3. Кестеге ұяшықтарды қалай қосамыз?
  4. Ұяшықты немесе қатарды қалай өшіруге болады?
  5. Мәтіндік редакторда кесте жасау үшін қандай амалдар қолданылады?
  6. Мәтіндік редактордың көмегімен кестелерді қалай құруға болады?
  7. Мәтіндік редакторда кестені өңдеудің қандай тәсілдері бар?
  8. «Кестені ажырату» пәрмені арқылы қандай әрекеттер орындауға болады?

Жаңа сабаққа кіріспе

Жаңа тақырыпты бастамас бұрын Bilimland порталындағы бейнеролик арқылы оқушылардың қызығушылығы оятылады.

Тақырыпты талдау «Ойлан – Жұптас – Бөліс» әдісі арқылы жүргізіледі. Әр топ постер дайындап, қорғайды.

Автор туралы

Түркістан қаласы, М. Әбенова атындағы жалпы орта мектептің информатика пәні мұғалімі — Арысбекова Балжан Сейлханқызы.

Материалдар

  • «Электронды кесте элементтерін пішімдеу»

    Файлды жүктеу

    Жүктеу
  • «Электронды кесте элементтерін пішімдеу»

    Слайдты жүктеу

    Жүктеу