Білімді боп
Әзірлеген:
Мұсалимова Гүлнар Рақымқызы
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, Астана қаласындағы Халықаралық үздіксіз білім беру колледжі
Мақсаты
- Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.
- Оқушыларды ұйымшылдыққа, мәдениеттілікке, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
- Оқушылардың ой-өрісін және есте сақтау қабілетін дамыту.
Шараның жүру барысы
I жүргізуші
Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар! Білім іздеп, инемен құдық қазғандар, құшақ жая қарсы аламыз сіздерді. «Би билеп, ән де бүгін шырқалар» дегендей, қош келдіңіздер бүгінгі ойынымызға!
II жүргізуші
Наурыз мерекесі құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен қазақ даласына жаңа жыл келеді. Әр адам келер жылдан үлкен үміт күтіп, оны ақ тілекпен, ақ ниетпен қарсы алады.
III жүргізуші
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! «Көңілді тапқырлар сайысын» бастауға рұқсат етіңіздер! (Музыка ойналады.)
Қатысушы командалар
2а сынып
«Жалын» тобы
2б сынып
«Ұшқын» тобы
2в сынып
«Ғалым» тобы
Ескерту
Командаларды қол соғып, қошемет көрсетейік. Қадірлі қонақтарымыз — сайыстың қазылар алқасы (жюри) мүшелері.
Сайыс кезеңдері (қазақша)
- Таныстыру
- Пантомима
- Үй жұмысы
- Мақал-мәтелдер сайысы
- Капитандар сайысы
Туры конкурса (по-русски)
- Приветствие
- Пантомима
- Конкурс: домашнее задание
- Конкурс на знание пословиц и поговорок
- Конкурс капитанов
Жеребе және тәртіп
Әр топ реттік нөмірін анықтау үшін капитандар ортаға шақырылады. Жюри үстелінде жеребе тартылып, командалардың шығу реті белгіленеді.
Мы приглашаем капитанов к столику жюри. Капитаны команд тянут жребий для определения порядка выступления.
1-кезең: Таныстыру және ұран
Әр команда өз атауын, ұранын және сәлемдесуін таныстырады.
2а сынып
«Жалын»
«Біз жалынды жастармыз, көп білуге құштармыз!»
Сәлемдесу
Жақсы іс — асыл қасиет, адамдарға сыйлаймыз!
Шәкәрім ата өсиетін бойымызға жинаймыз!
Жарысуға екі топпен әрқашан біз дайынбыз!
Біз әдепті баламыз, айтқан тілді аламыз.
Күнде оқып сабақты, мұғалімді қуанта аламыз.
2б сынып
«Ұшқын»
«Білім қуған жандармыз, ұшқыннан от боп жанамыз!»
Сәлемдесу
Біз бақытты ұланбыз, самғап ұшар қыранбыз.
Бес нәрседен қашық болсақ — азаматпыз, балаңбыз.
Бес нәрсеге асық болсақ — сан биікке шығармыз!
Біз әдепті баламыз, айтқан тілді аламыз.
Орыс, қазақ, ағылшын сабақтарынан білім аламыз.
2в сынып
«Ғалым»
«Білім алмай — ғылым жоқ, шығамыз біз ғалым боп!»
Сәлемдесу
«Үміт етке, достарым» деген ата сөздерін есімізде сақтаймыз.
Білімді боп, ер жетіп, үмітін біз ақтаймыз!
Біз әдепті баламыз, айтқан тілді аламыз.
Ата-ананы қуантып, үнемі «бестік» аламыз.
Жюриге сөз беріледі. Слово предоставляется жюри.
2-кезең: Пантомима
Командалар конверттегі сөзді сөзсіз қимыл-қозғалыспен көрсетеді. Қазылар алқасы алғашқы кезеңдердің қорытындысын шығарып жатқанда, командалар келесі бөлімге — үй жұмысына дайындалады.
Команды без слов должны показать слово, которое будет у них в конверте.
Жюриге сөз беріледі. Слово предоставляется жюри.
3-кезең: Үй жұмысы — ұлттық салт-дәстүр көріністері
«Жалын» (2а)
Тұсау кесу дәстүрін көрсетеді.
«Ұшқын» (2б)
Бесікке салу дәстүрін көрсетеді.
«Ғалым» (2в)
Ашамайға мінгізу (атқа мінгізу) дәстүрін көрсетеді.
Тұсау кесу
Бұл дәстүр баланың алғашқы қадамына және бір жасқа толуына байланысты жасалады. Сол күні арнайы ойындар ойналып, домбыра сүйемелімен әндер орындалады. Әдетте ең сыйлы, жасы үлкен әйел (көбіне әжесі, кейде анасы) баланың аяғын жүн жіппен байлап, көпшіліктің көзінше кеседі. Бұл — балаға өз жолын табуға, өз бетімен жүруге берілген ақ батаның нышаны. Рәсім барысында «Тұсау кесу жыры» айтылып, қонақтар жылы тілектерін білдіреді.
Бесікке салу
Сәбидің дүниеге келуі — үлкен отбасылық қуаныш. Әдетте бір апта өткен соң «бесік той» жасалып, көрші-қолаң шақырылады. Қонақтар ана мен балаға сый-сияпат әкеледі. Осы күні сәбиге есім беріледі. Ат қою көбіне отбасының үлкендеріне (ата-әжесіне) немесе молдаға, кейде құрметті қонаққа — құтты қонаққа тапсырылады.
Ашамайға мінгізу (атқа мінгізу)
Бұл — бала 4–6 жасқа келгенде өткізілетін салтанатты рәсім. Үйге қонақ жиналып, дастарқан жайылады, туыстар ақ тілегін айтады. Алдын ала балаға арнап өрілген қамшы дайындалып, ол азамат болып қалыптасудың белгісі ретінде қабылданады. Ағаштан ер-тоқым (ашамай) жасалып, баланы жуас, үйретілген атқа мінгізеді. Рудың үлкені бата береді.
Бата
Ақ тілек, ақ тілек,
Атқа тоқым сал, білек.
Атқа да жақсы шаба біл,
Жасыңнан малды баға біл,
Өнеге, өнер таба біл,
Аймағыңа жаға біл.
Атқа міндің — ақ жол болсын. Әмин!
Кейін үлкендер баланы ауыл аралатып жетектейді, жұрт қарсы алып, шашу шашып, сый-сыяпат ұсынады.
Тәрбиелік мәні
Мұндай салт-дәстүрлердің маңызы — бала бойына ізгі құндылықтарды сіңіру, қуаныш пен жауапкершілікті қатар сезіндіру. Рәсімдер арқылы балалар ептілікке, төзімділікке, қайратқа баулиды, ал ұл бала өзін ер азамат ретінде тануға қадам жасайды.
4-кезең: Мақал-мәтелдер сайысы
Командалар кезекпен бір мақалдан айтып шығады. Бұл кезеңде жанкүйерлердің көмегіне рұқсат етіледі.
I жүргізуші
Әр нәрсенің бастауы — жетекке тиісті.
Оның әрбір ісі — өз ісінің жемісі.
II жүргізуші
Онда неге тұрамыз — қолға алайық сол істі.
Әр жеткеннің өз ісі — білімділігіне тиісті.
5-кезең: Капитандар сайысы
Соңғы кезең — капитандар сайысы.
I жүргізуші
Ұлы күні кәрі-жас,
Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай,
Жамырасып өсірген.
Наурыз той құтты болсын!
III жүргізуші
Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікке,
Қастерлейік, қадіріңді білдік пе!
Құтты болсын Ұлыс күн — жұмылдырған
Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке!
Барлығы бірге:
Жарқыраған жыл нұрлы,
Жаса, Наурыз дәстүрлі!
II жүргізуші: Біздің мерекеміз осымен аяқталды!
Барлығы: Қош сау болыңыздар!
Қосымша материал: көріністер
Төмендегі шағын қойылымдар үй жұмысы бөлімін мазмұндауға және ұлттық салт-дәстүрлерді әсерлі көрсетуге арналған.
1-көрініс: «Сүйінші»
(Оқушылар киіз үстінде жүн түтіп, шәлі тоқып, құрақ құрап, ою салып отырады.)
— Сүйін, сүйін, сүйін! Болатбек ағаның әйелі босаныпты! Ұл туыпты! Сүйінші!
— О, бәрекелді! Жақсы болған екен! Бауы берік болсын!
Үй иесі: — Әй, шырағым, жақсы хабар айтып келгеніңе рахмет. Қазақ баласы сүйінші сұрамай, қуанышты хабарды жерге тастамайды. Міне, айналайын, сүйіншің.
Үй иесі: — Қазақта 7 саны қасиетті. 7 күн өткен соң, анасы ширап, денсаулығы түзелгенде баланы бесікке салады.
2-көрініс: «Бесікке салу»
(Үй иелері тойға дайындалып, қонақ күтеді. Қонақтар келеді.)
— Сәлеметсіздер ме! Тойларыңыз құтты болсын!
— Төрлетіңіздер, шайға келіңіздер!
Айым: — Ал, халайық! Қазақ халқының ата дәстүрі — бесікке салу және балаға ат қою. Осы рәсімді ауылымыздың құрметті әжесі — Зияда әжей бастасын.
Зияда әжей: — Айналайын, Айым, сый-құрметіңе рахмет!
Бесік жыры (үзінділер)
1) Таңдап әкеп тал терек,
Бесік идім сәнді етіп.
Құс мамығы көрпешең,
Жұмсақ па екен, бал бөбек?
Әлди, әлди, әлди-ай!
(жөргек киізін салу)
2) Әлди, әлди, алайын,
Жаялығын жаяйын.
Түбегіңді жай қойып,
Шүмегіңді байқайын.
Әлди, әлди, әлди-ай!
(түбек, шүмек салу)
Баланы бесікке бөлеу.
3) Әлди, әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат, бөпем.
Қасыңдамын әрқашан,
Ұйықтай қойшы, жан бөпем.
4) Ән салайын өзіңе,
Құлақ салшы сөзіме.
Ер жетерсің әлдиім,
Көрінерсің ел көзіне.
5) Әлди, әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат, бөпем.
Жылама, бөпем, жылама,
Жілік шағып берейін.
Байқұтанның құйрығын,
Жіпке тағып берейін.
3-көрініс: «Балаға ат қою»
— Ал, енді балаға ат қою рәсімін ауылымыздың құрметті атасы Алмас атаға ұсынайық.
Алмас ата: — Халқымыздың есімдері әр халықпен аралас-құралас, мәдени байланыста болғанымызды аңғартады. Сондықтан бұл балаға парсы тілінен енген Бақтияр есімін қоямын.
— Жақсы ат! Бақтияр болсын!
Алмас ата: — Бақтияр — «жолы болғыш, бақытты» деген мағына береді. Азамат болып, бағы ашылсын, жолы ашық болсын!
— Бақтияр болсын!
— Сенің атың Бақтияр! (3 рет)
1) Алдын үлкен кісінің
Кесіп өтпеймін көлденең.
Әдеппенен кішінің
Жөніменен қол берем.
2) Ақыл сөзі санамда,
Жүрем әділ жолменен.
Үлкендерден сондықтан
Алып жүрмін көп алғыс.
Айым: — «Орамал тон болмайды, жол болады» деген қазақы тәмсіл бар. Құрметті Зияда әжей мен Алмас атаға сый-сияпатымызды қабыл алыңыздар.
— Рахмет! Жастарың ұзақ болсын!
— Қане, құрметті халайық, тойды жалғастырайық. Дастарқанға отырыңыздар!
Оқушы: — Бүгінгі отырыста қуанышымызды бөлісіп, бірге күліп-ойнағандарыңызға рахмет. Мына аз ғана тойбастардан ауыз тиіңіздер.
Оқушы: — Құрметті қонақтар! «Өскенімді ел көрсін — игерем халық мұрасын!» атты бесікке салу рәсімі осымен аяқталды. Назарларыңызға рахмет! Сау болыңыздар.
Мақал-мәтелдер топтамасы
Сайысқа және сыныптан тыс жұмыстарға қолдануға болатын мақал-мәтелдер.
Еңбек, жер, береке
- Көктемде жерге түскен бір дән, күзде мың дән болады.
- Көктемнің бір күні қыстың мың күнін асырар.
- Жаңбыр жауса — жер тоқ, егін ексе — ел тоқ. Бұлақ ақса — көл тоқ, еңбек етсе — ер тоқ.
- Ер — елінде, гүл — жерінде.
Тіл, білім, парасат
- Ең тәтті де — тіл, ең ащы да — тіл; ең жұмсақ та — тіл, ең қатты да — тіл.
- Тіл жетпейтін түкпір жоқ. Тұлпар қайыра алмағанды тіл қайырады.
- Қызыл тіл — жанның мияты, абырой — ердің қуаты.
- Тілмен түйілгенді тіспен шешілмес.
- Білімдіге — дүние жарық, білімсіздің күні кәріп.
- Білімдіден ақыл шығар, ақылды қарттан нақыл шығар.
- Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.
- Оқысаң — озарсың, оқымасаң — тозарсың.
- Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.
- «Ақыл мен білімнің тілмашы — тіл».