Матрицалардың анықтауышын табу

Қолданбалы курс бағдарламасы: Матрица (11-сынып)

Бағыты: жаратылыстану – математика. Жалпы көлемі: 34 сағат, аптасына 1 сағат.

Түсінік хат

Жаратылыстану – математикалық бағыттағы математика курсы оқушылардың математика пәнінен алған білімін үздіксіз әрі жүйелі дамытуға бағытталған. Қазіргі таңда математиканы оқыту тек математикалық білімді меңгертуге емес, математиканың көмегімен білім алуға бағдарланып отыр. Жалпы білім беру үдерісінде пән мазмұнының күнделікті өмірмен байланысын ашу арқылы оқушылардың жан-жақты дамуы қамтамасыз етіледі.

Өмір талабына сай оқыту мақсатында кәсіби бейінделген оқу бағдарламасы құрастырылып, болашақ мамандыққа қажетті тақырыптар іріктелуі тиіс. Бұл бағдарлама математика меңгерудің жоғары деңгейін қалыптастыруға мүмкіндік беретін қолданбалы курсты толықтырады және негізгі оқу бағдарламасында қамтылмай қалған күрделі әрі қажет материалдарды ұсынады.

Математиканы бейімдеп оқыту оқушылардың математикаға бейімділігін анықтауды және дамытуды, математикамен байланысты мамандықтарға бағыттауды, сондай-ақ жоғары оқу орындарында білімін тиімді қолдана білуді көздейді.

Мақсаты

«Матрица» тақырыбын оқыту арқылы оқушылардың ақыл-ойын, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту; матрицалардың қолданбалы мүмкіндіктерін кәсіптік есептерді шешуде пайдалану дағдыларын қалыптастыру; математикамен байланысты мамандықтарға бағдарлау.

Міндеттері

  • Танымдық ой-өрісті дамыту және өмірлік белсенділікті арттыру.
  • Оқу барысында алынған білімнің болашақ еңбек қызметінде қажет екенін көрсету.
  • Негізгі мектепте меңгерген ақпаратты кеңейту және жетілдіру.

Күтілетін нәтиже

Даму

Ақыл-ой, танымдық және шығармашылық қабілеттері артады.

Бағдар

Кәсіби бағдар қалыптасады.

Қолдану

Тақырыпқа қатысты есептерді жоғары оқу орындарында шеше алады.

Мазмұны мен құрылымы

І тарау. Матрица

7 сағат
  • Матрицаның анықтамасы, түрлері және теңдігі.
  • Матрицаға амалдар қолдану.
  • Матрицаның қасиеттері.

ІІ тарау. Анықтауыштар

12 сағат
  • Анықтауыштардың негізгі қасиеттері.
  • Кері матрица.
  • Бағана немесе жол бойынша анықтауыш элементтерін жіктеу.

ІІІ тарау. Сызықтық теңдеулер жүйесін шешу әдістері

15 сағат
  • Қарапайым матрицалық теңдеулер және оларды шешу.
  • Крамер формуласы.
  • Гаусс тәсілімен сызықтық теңдеулер жүйесін шешу.
  • Есептер шығару.

Оқушылардың деңгейіне қойылатын талаптар

  • Матрица туралы түсінігі болуы.
  • Матрицаларға амалдар қолдана білуі.
  • Матрицаның анықтауышын таба білуі.
  • Кері матрицаны анықтай білуі.
  • Сызықтық теңдеулер жүйесін Крамер және Гаусс әдістерімен шеше білуі.