Туыстас жануарлар тобы
9-сыныпқа арналған сабақтан тыс шара
Бұл сабақтан тыс шара оқушылардың табиғат туралы білімін тереңдетіп, ойлау мен тіл мәдениетін дамытуға арналған танымдық сайыс түрінде ұйымдастырылады.
Тақырыбы
«Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар»
Сабақтың түрі
Жаңа білімді меңгерту және аралас формат
Мақсаты
-
Оқушылардың өсімдіктер мен жануарлардың құрылысы, маңызы және ерекшеліктері туралы білімдерін тереңдету.
-
Жер бетіндегі флора мен фаунаны қорғауға, ұқыптылыққа, ұжымшылдыққа және татулыққа тәрбиелеу.
-
Танымдық ойындар арқылы ойлау, сөйлеу және есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Көрнекіліктер
- • Интерактивті тақтада көрсетілетін слайдтар
- • Сұрақтар топтамасы
- • Мақал-мәтелдер
- • Жұмбақтар жазылған кестелер
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру бөлімі
- Оқушылардың сабаққа қатысуы мен дайындықтары тексеріледі.
- Сынып оқушылары үш топқа бөлінеді:
I топ
Өсімдіктану
II топ
Жануартану
III топ
Тіршіліктану
II. Сайыс кезеңдері
- Өсімдіктерге байланысты метафоралық теңеулер
- «Ең, ең...»
- Шығармашылық жұмыс
- Ұйқасын тап
- Мақал – сөз мәйегі
- Тіл өнері
- Мықты болсаң, тауып көр
- Қорытындылау
1-кезең. Өсімдіктерге байланысты метафоралық теңеулер
Мақта
«Ақ алтын»
Бидай
«Алтын дән»
Күріш
«Ақ маржан»
Жүгері
«Дала аруы»
Қызғалдақ
«Шөл аруы»
Бәйшешек
«Көктем гүлі»
Емен
«Ағаштар патшасы»
Кактус
«Түн аруы»
Жүзім
«Оңтүстіктің перзенті»
Картоп
«Екінші нан»
Итмұрын
«Шипалы бұта»
Зығыр
«Солтүстіктің жібегі»
2-кезең. «Ең, ең...»
I топ
- Ең үлкен мұхитТынық
- Ең жүйрік сүтқоректіГепард
- Ең кішкентай құсКолибри
- Ең суы мол өзенАмазонка
- Ең ірі гүлАрнольди рафлезия
II топ
- Ең кішкентай мұхитҮнді
- Ең суыққа төзімді құсПингвин
- Ең ірі ескек аяқты сүтқоректіМорж
- Ең қысқа өсімдікБалықөті
III топ
- Ең кіші материкАустралия
- Ең ірі құсТүйеқұс
- Ең ірі құрлықтағы сүтқоректіПіл
- Ең ұзын өзенНіл
- Ең биік сарқырамаАнхель
Қосымша (IV топ)
- Ең үлкен материкЕуразия
- Ең ұзын жануарКерік
- Ең ірі су жануарыКит
- Ең үлкен көлКаспий
- Ең жылдам өсетін өсімдікБамбук
3-кезең. Шығармашылық жұмыс («Егер...»)
Әр топ төмендегі рөлдердің бірін таңдап, табиғатты қорғау және қоғамға пайдалы бастамалар туралы қысқа ұсыныс, өлең, жоба немесе жоспар дайындайды.
- Табиғат қорғау министрі болсаңыз
- Ақын болсаңыз
- Зообақ басшысы болсаңыз
- Суретші болсаңыз
- Эколог болсаңыз
- Дәрігер болсаңыз
- Ботаника бағының басшысы болсаңыз
- Кәсіпкер болсаңыз
4-кезең. Ұйқасын тап
Бір текті, құрылысы ұқсас, мекені бір,
Әлемде сан алуан хайуанат бар.
Соларды топтастырып, жүйеге сап,
Ғылымда өз алдына атайды түр.
Түрлерді топтастыру — ол да дұрыс,
Ол тобын жануарлардың дейді туыс.
Бұларды топтастырмай тағы болмас,
Туыстас жануарлар тобы — тұқымдас.
Тұқымдас — шегі емес топта бірақ,
Жинақталып, солар құрады отряд.
Түрден — туыс, ал туыстан — тұқымдас,
Тұқымдастан — отряд, одан — класс.
Олар қалай класқа тұрмақ сыйып,
Кластардың жинағын деді тип.
Ал сонша бөліктерге шын ие,
Жіктеудегі ең ірі топ — дүние.
5-кезең. Мақал — сөз мәйегі
-
Күте білсең, жер жомарт.
-
Жері байдың — елі бай.
-
Сулы жер — нулы жер.
-
Су біткен жерде өмір де бітеді.
-
Құлан — қырдың көркі, құндыз — судың көркі.
-
Дана көптен шығады, дәрі шөптен шығады.
6-кезең. Тіл өнері
- Ойлай білсең дана боласың, ойнай берсең бала боласың
- Жұмыссыз жастың жүргені сөкет, басқаның үргені сөкет
- Ойдың көркі — тіл, тілдің көркі — сөз
- Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде
- Жердің сәні — егін, ердің сәні — білім
- Кісі көркі — жүз, жүздің көркі — көз
- Жер — ана , ел — бала
- Гүл қайда болса, көбелек сонда болады
7-кезең. Мықты болсаң, тауып көр
Тапсырма: Қазақстандағы экологиялық апат аймақтарын анықтап, карта немесе мысалдар арқылы дәлелдеңіз (оқушылардың жауаптары негізінде талқыланады).
Аймақ
Арал өңірі
Аймақ
Семей полигоны аймағы
Семей өңірі (соның ішінде Абай ауданы және т.б.)
Аймақ
Каспий теңізі маңы
Өңір
Шығыс Қазақстан
Мысал: Бесқарағай ауданы
Өнеркәсіптік аймақ
Қарағанды
Нысан
Байқоңыр ғарыш айлағы
8-кезең. Қорытындылау
Қорытынды бөлімде топтардың жауаптары бағаланып, табиғатты қорғаудың маңызы туралы ой түйінделеді. Оқушылардың белсенділігі, ұжымдық жұмысы және тіл мәдениеті ерекше атап өтіледі.