Өздік жұмысы Алгоритм типтері
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Алгоритм командалары мен оның құрылымын түсіндіру; алгоритм құру кезеңдерімен таныстыру және оларды практикада қолдануға үйрету.
Дамытушылық
Сызықтық және тармақталған алгоритмдердің командалары мен блок-схемасын меңгерту; алгоритм құру дағдыларын қалыптастыру және логикалық ойлауын дамыту.
Тәрбиелік
Ұқыптылыққа, жинақылыққа және адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
-
1
Ұйымдастыру
Сабаққа дайындық, қатысымды тексеру, мақсатты нақтылау.
-
2
Өткен материалды қайталау
Негізгі ұғымдарды сұрақ-жауап арқылы еске түсіру.
-
3
Өздік жұмыс
Тапсырмаларды орындап, алгоритмдерді сөздік және графикалық түрде ұсыну.
-
4
Сабақты бекіту
Қорытындылау, типтік қателерді талдау, нәтижені бағалау.
-
5
Үйге тапсырма
№1–3 тапсырмаларды толық аяқтау.
Өткен материалды қайталау сұрақтары
-
Алгоритм командалары есеп шартына байланысты қалай бөлінеді?
-
Жай және құрама командалардың айырмашылықтары қандай?
-
Сызықтық алгоритм дегеніміз не?
-
Тармақталу алгоритмі мен циклдік алгоритмнің айырмашылығы қандай?
-
Компьютерде есеп шығару қандай кезеңдерден тұрады?
Өздік жұмыс тапсырмалары
1) Мақал және блок-схема
Тармақталу алгоритміне мысал бола алатын мақал айтыңыз. Сол мақалдың логикасын блок-схема түрінде көрсетіңіз.
2) Орындаушының орны
Келесі бұйрықтар тобын 16 рет қатарынан орындайтын орындаушы қайда болады?
-
A
10 метр алға жүру
-
B
Сағат тілімен 90°-қа бұрылу
3) Оқулықтан мысал
Математика оқулығынан алгоритмге мысал келтіріңіз. Сол мысал бойынша блок-схема құрыңыз.
4) Мысықтың денсаулығын анықтау
Дені сау мысықтың төлі күніне кемінде 8 сағат ойнайды. «Марғау» мысығының дені сау екенін анықтайтын алгоритм құрыңыз.
5) Сөздік немесе графикалық форма
Төмендегі әрекеттер үшін алгоритмнің сөздік немесе графикалық формасын құрыңыз:
-
A) Сабаққа сөмкені дайындау
-
B) Таңғы жаттығу жасау
-
C) Үй тапсырмасын орындау
-
D) Тікбұрыштың периметрін анықтау
-
E) Бәліш әзірлеу рецепті
6) Алгоритм нәтижесін табу және блок-схема
72 санына қолданылған төмендегі алгоритмнің нәтижесі қандай? Сонымен қатар берілген алгоритмге блок-схема құрыңыз.
Алгоритм
- 1 Басы
- 2 21-ді қос
- 3 75-ті алып таста
- 4 Егер алынған нәтиже 10-нан кіші болса, 15-ті қос; ал 10-нан үлкен болса, 2-ні алып таста
- 5 Нәтижені жарияла
- 6 Соңы
Жұмысқа қойылатын талаптар
Рәсімдеу
- Алгоритмді анық, ретімен жазыңыз.
- Блок-схема белгілерін дұрыс қолданыңыз.
- Нәтижені қысқа түсіндірмемен бірге ұсыныңыз.
Ойлау дағдылары
- Сызықтық әрекеттерді бірізді орындаңыз.
- Тармақталу шартын дұрыс тұжырымдаңыз.
- Циклдік қайталауды есепте дәлелдеңіз.