Бүгінгі өтетін сабағымыз Адалдық мәтіні

Мақсаттар мен күтілетін нәтиже

Білімділік

  • Мәтінді оқып, мазмұнын меңгерту.
  • Идеялық мәнін түсінуге мүмкіндік беру.
  • Жағымды және жағымсыз қасиеттердің пайдасы мен зиянын ажырата білуге жетелеу.

Дамытушылық

  • Топтық және жеке жұмыстар арқылы шығармашылық дағдыларды дамыту.
  • Өз бетінше ойлау мен сөйлеуге еркіндік беру.
  • Пікір айту мәдениетін қалыптастыру және қолдау көрсету.

Тәрбиелік

  • Өмірдегі қарама-қайшылықтарды байқап, бағалай білу арқылы шындыққа қарым-қатынас қалыптастыру.
  • Үлкенді сыйлау, ізет көрсету, адал болуға тәрбиелеу.

Сабақ барысы: кезең-кезеңімен

I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. 1 Оқушыларды түгендеу, құрал-жабдықтарын дайындау.
  2. 2 Психологиялық дайындық: көңіл-күйді көтеру үшін өлең шумағын хормен айту. Көшелерден біз өткен,
    Үлкендерді көрсем,
    Жақын кеп,
    Сәлем берем ізетпен.
  3. 3 Сабақтың мақсат-міндетін қою, сайыс форматын түсіндіру.

Топтарға бөлу және сайыс ережесі

I қатар

«Білім»

I деңгей

II қатар

«Талап»

II деңгей

III қатар

«Алғыр»

III деңгей

Тапсырмалар топ деңгейіне қарай күрделене түседі. Әр тапсырма орындалған сайын топтың көрсеткіші смайликтер арқылы жаңартылып отырады.

II. Үй тапсырмасын тексеру

  • «Аяз бен Қыдыр» айтысын әр топтан сұрау.
  • «Табиғатта жаман кезең болмайды» тақырыбындағы эсселерін оқыту.

Ескерту: Әр тапсырма орындалған сайын бағалау смайликтері арқылы бір саты көтеріліп отырады.

III. Тірек білімді жетілдіру (ширату сұрақтары)

Әр топқа зейінді шоғырландыруға арналған 2 сұрақтан беріледі.

I топ — «Білім»

  1. Мұсылман халықтарының жаңа жыл тойлайтын айы. (Наурыз)
  2. «Ас қадірін білмесең, ашаршылық берсін жазаңды» деген кім? (Диқан баба)

II топ — «Талап»

  1. Жаңа туған малдың сүтінен жасалатын тағам. (Уыз көже)
  2. Тастары күйелі қазандай қап-қара, таяқпен ұрсаң шойындай даңғырлайды. Бұл қайда? (Қазантаста)

III топ — «Алғыр»

  1. Жылқы етінен ішекке тығылып жасалатын тағам. (Қазы)
  2. «Сиыр мен иесі айтысты» — бұл айтыстың қай түрі? (Жануарлар мен адамдардың айтысы)

IV. Жаңа сабақ (танымдық-операционалдық кезең)

Тапсырмалардың ішінде жасырын сөз бар. Сол сөзді тапқаннан кейін ғана жаңа сабақтың тақырыбы ашылады. Әр топ өз тапсырмасын орындайды.

I топ — «Білім»

Кестелік көбейту: көбейтіндіге сәйкес әріптерді жазып, шыққан сөзді оқы.

Берілгендер

15, 24, 5, 12, 16, 21, 32

II топ — «Талап»

Әріптер тізбегі: мағыналы сөзді тауып, мағынасыз әріптердің үстін сыз.

ІКРСТШЛПАДАЛДЫҚНПТУДЖЫСРИК

III топ — «Алғыр»

Ретпен орналастыру: сандарды кему ретімен орналастырып, әріптерді торкөздерге қойып жаз; шыққан сөзді оқы.

Әріптер

Ы Д Қ Л Д А А

Сандар

40, 165, 9, 91, 87, 105, 910

Түйін сөз: бүгінгі сабақ — Дәулет Қасеновтің «Адалдық» мәтіні. Алдымен «адалдық» ұғымының мәнін ашамыз: адал адам деп кімді айтамыз?

Мәтінмен жұмыс

  1. Мәтінді 3 бөлікке бөліп, іштей оқу.
  2. Диалогтарды рөлге бөліп, дауыстап оқу.
  3. Әр топ оқыған бөлігін әңгімелеп береді.

Болжау әдісі

Мұғалім мәтінді кітап ішінен ақша табылған жеріне дейін мазмұндап береді. Одан кейін әр топ оқиғаның қалай аяқталатынын болжап айтады.

Талдау және бекіту сұрақтары

  1. Балалар не үшін дауласты?
  2. Ақшаның апайдікі емес екеніне Сәрсен мен Бейсеннің көздері шынымен жетті ме?
  3. Сәрсен мен Бейсен неге Дүйсенге сенімсіздік білдірді?
  4. Сәрсен мен Бейсен Дүйсенге «рақметтен» басқа тағы не айтуы керек еді?
  5. Мәтіндегі оқиға қалай басталып, немен аяқталды?

Оқиғалы шығарманы сюжетті шығарма деп атайды. Ал оқиғадан гөрі көңіл-күйге құрылатын шығармалар (мысалы, өлең) — сюжетсіз шығарма.

Шығармашылық тапсырмалар (дәптерде)

I топ — «Білім»

Сәрсен мен Бейсенге хат жазу.

II топ — «Талап»

Сөздікпен жұмыс: «аңысын аңдиық», «дегбірсізденді» сөздерінің мағынасын түсіндіріп, сөйлем құрау.

III топ — «Алғыр»

Дүйсенге жеделхат жолдау: әр оқушы бір сөйлеммен ризашылығын білдіріп жазады.

V. Қорытынды (рефлексия)

Бүгінгі сабақтан не үйрендіңдер, қандай ой түйдіңдер?

Автордың негізгі айтары не?

«Бір бас жақсы, екі бас тіпті жақсы» деген мәтел әңгіменің шешіміне сай келе ме?

«Пайда ойлама, ар ойла» мақалын кімдерге арналған деп ойлайсыңдар?

«Ақ жүрген адам азбас» деген сөздің мағынасы қандай?

VI. Үй тапсырмасы және бағалау

Үй тапсырмасы

  • Мәтінді түсініп оқу, әңгімелеу.
  • Үш топтың тапсырмаларын алмастырып орындау.

Бағалау

  • Смайликтер көмегімен үздік топты анықтау және мадақтау.
  • Әр топ басшысы бағалау парағы арқылы топ мүшелерінің қатысуын бағалайды.