Өрнекті бұйым Жеке жұмыс
Бейнелеу өнері • 6-сынып
Сабақтың тақырыбы: Өрнек түрлері
Мақсаты
Оқушыларға ұлттық сәндік-қолданбалы өнер, ою-өрнектердің түрлері мен қолданылуы, сондай-ақ бейнелеудегі композициялық заңдылықтар туралы түсінік беру.
Оқыту нәтижесі
Диалогтік оқытудағы жетелеуші сұрақтар арқылы оқушылар сәндік-қолданбалы өнер мен ою-өрнектердің түрлері және қолданылуы туралы оқып, түсінеді; композиция заңдылықтарын пайдаланып, өрнекті бейнелеу дағдыларын меңгереді.
Сабақ кезеңдері
I. Қызығушылықты ояту
- Оқушылармен амандасу.
- Оқушыларды түгендеу.
- Қолөнер бұйымының суретін тексеру.
- «Жанр» тақырыбындағы сөзжұмбақты шешу.
- Психологиялық дайындық: тренингке шақыру, жұмбақ айту.
Жұмбақтар
Жасыл болып жыпырлап өнеді,
Сары болып үзіліп семеді.
Жауабы: Жапырақтар
Қар астында қыстады,
Ақпен бөркін тастады.
Жауабы: Бәйшешек
Осы тренинг арқылы жаңа сабаққа кірісу.
II. Мағынаны ашу
Топқа бөлу
- I топ — Жауқазын
- II топ — Тұмарша
- III топ — Ботамойын
- IV топ — Шұғыла
Теориялық бөлім
Ұлттық сәндік-қолданбалы өнер туындылары және оның даму тарихы талданады. Оқушылар төмендегі жаңа ұғымдармен танысады:
Дамытушылық жұмыс
- Ойлау деңгейін арттыру үшін жетелеуші сұрақтар қою.
- Мәтінмен жұмыс: топтық талқылау.
- Постер дайындау және қорғау.
Жеке жұмыс
Өрнекті бұйымға байланысты сурет салу. Тапсырма: «Өрнек сыры».