Оқушыларды сабаққа дайындау. Сабақтың тақырыбы

Сабақтың тақырыбы

«Балаларыма». Тасымал.

Сабақтың мақсаттары

1) Оқу және тіл дамыту

Мәтінді түсініп оқуға, мазмұнын ұғынуға, өлеңді мәнерлеп оқып, мағынасын түсінуге үйрету. Байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастырып, сөздік қорын молайту және тіл дамыту арқылы ой қорытуын жетілдіру.

2) Оқу-жазу дағдысы және шығармашылық

Оқу-жазу дағдыларын нығайту, сөздерді буын жігімен тасымалдауға жаттықтыру. Түрлі тапсырмалар арқылы шығармашылық қабілетін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру және шапшаңдыққа дағдыландыру.

3) Тәрбиелік бағыт және сын тұрғысынан ойлау

Ізденімпаздыққа, ұқыптылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу. Сын тұрғысынан ойлау тәсілдерін қолдану арқылы ой ұшқырлығын дамыту және өз бетімен жұмыс істеуге ынталандыру.

4) Азаматтық-патриоттық тәрбие

Достыққа, адамгершілікке, батылдыққа, патриоттыққа тәрбиелеу. Балалардың бойына Отанға сүйіспеншілік ұялатып, туған ел мен жерге деген құрметін арттыру.

Сабақтың ресурстары мен форматы

Көрнекіліктер

  • Суреттер, кестелер, сызбалар
  • Компьютер, интерактивті тақта, слайдтар
  • Флипчарт, магнитті тақта, бор
  • Оқулық, дәптер №1 және қосымша материалдар

Сабақтың түрі

Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдер

Көрнекілік, сұрақ-жауап, шығармашылық жұмыс, оқу, ойын, топтастыру, «Ой қозғау» стратегиялары.

Пәнаралық байланыс

  • Дүниетану
  • Бейнелеу өнері
  • Математика

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

1) Психологиялық дайындық

Біз әдепті баламыз,

Жақсы оқи аламыз.

«5»-ке оқып сабақты,

Ата-ананы қуантамыз.

2) Сабаққа дайындау

Оқушылардың құрал-жабдықтарын түгендеу, сыныптың сабаққа дайындығын тексеру.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Оқулықпен жұмыс

  • 65-бет: «Бөдененің құйрығы неге қысқа?» — оқу, мазмұнын әңгімелеу
  • 66-бет: тасымал ережесін жаттау

«Ой қозғау» (топтық сұрақтар)

  • I топ: Сөз неден құралады?
  • II топ: Сөзді буынға қалай бөлеміз?
  • III топ: Тасымал деген не?

Мәтін бойынша сұрақтар

Мәтінде не туралы айтылған?

Бөдене қандай құс?

Сәйкестендіру тесті

Төмендегі сөздердің ішінен тасымалданатын және тасымалданбайтын сөздерді бөліп көрсет.

Тасымалданатын сөздер

қалам кітап батыр

Тасымалданбайтын сөздер

даңқ ата аға

Сергіту сәті

1, 2, 3 — жинап алып күш,

Отан қорғау жолында сен де алға түс!

III. Мағынаны ашу

Слайд арқылы жаңа сабақты меңгерту: қазақ халқының аты аңызға айналған қаһарман батыры, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының өмірі, ерлігі және еңбегі туралы әңгімелеу; өмірбаянынан сыр шерту.

IV. Жаңа тақырып

Оқулықпен жұмыс (67-бет)

  • Кезекпен тізбектеп оқу
  • Мазмұнын әңгімелеу
  • «Түртіп алу» әдісі арқылы балаларға қалдырған өсиетін тауып оқу

Өсиет

Отан сүйер ұлан болыңдар! Өз Отаныңа лайықты азамат болып өсіңдер!

Сөздікпен жұмыс

Қаһарман
Ешнәрседен қорықпайтын батыр.
Дүниежүзілік
Жер бетіндегі барлық халыққа қатысты, әлемдік.

Слайдпен жұмыс

Негізгі ұғымдарды бекіту, мысалдар арқылы түсіндіру.

Флипчартпен жұмыс: өздік және топтық тапсырмалар

I топ

Тасымалдауға болмайтын сөздердің астын сыз:

Ар, ұят, намыс, әке.

II топ

Шығармашылық жұмыс: берілген сөздерден сөйлем құрастыр:

Ержан, немересі, Бауыржан, атаның.

III топ

«Қазақ», «намыс», «батыр» сөздерін тасымалдап жаз.

а) тасымалданатын сөздер; ә) тасымалданбайтын сөздер.

Қосымша дәптермен жұмыс

103-жаттығу:

  • Ребусты шешу
  • Шешуіндегі сөзді тасымалдап жазу: қа-йық

№1 жұмыс дәптері (33–34-беттер)

  1. Тасымалдауға болмайтын сөздерді жаз: әке, от, ар, нан, ұят, бір, он, Отан, ат, ата, ана және т.б.
  2. «Балаларыма» мәтінінен Б. Момышұлының балаларға айтқан өсиетін тауып, көшіріп жаз.

Сергіту сәті

Қыран құстай самғаймыз,

Әлемді біз шарлаймыз.

Биік-биік шыңға өрлеп,

Тыныштықты қорғаймыз.

Мәтін бойынша сұрақтар (топтық жұмыс)

1 топ: Әңгіме кім туралы?
2 топ: Авторы туралы не білесің?
3 топ: Б. Момышұлы қандай өсиет қалдырған?

V. Сабақты бекіту

Талқылау сұрағы: Бүгінгі сабақта не үйрендік?

  • Мәнерлеп оқуды;
  • Әдемі, сауатты жазуды;
  • Сөзді буын жігімен тасымалдауды;
  • Бауыржан Момышұлының Отан сүйгіш, батыл, ұлтжанды қаһарман екенін.

Қорытынды: Біз де Бауыржан атамыздай батыл, күшті, өжет, қайратты болуға ұмтыламыз.

VI. Бағалау

Оқушыларды тапсырмаларды орындау сапасына және сабаққа қатысу белсенділігіне қарай бағалау.

VII. Үй тапсырмасы

  • «Бауыржан Момышұлы. Балаларыма» мәтінін және өлеңін мәнерлеп оқып, мазмұнын айту.
  • Тасымал ережесін жаттау.
  • 102-жаттығу.