Риддер және Семей қалаларының басты өнеркәсіп салалары
Сабақтың тақырыбы
Шығыс Қазақстан қалалары, селолық елді мекендері және экономикалық-экологиялық проблемалары
Сабақтың мақсаты
- Өскемен, Риддер, Семей қалалары мен өңірдің экономикалық-экологиялық проблемалары туралы білім қалыптастыру.
- Қалалардың маманданған салаларын және өңірдегі ядролық полигон салдарын талдау.
- Оқушыларды өздігінен ізденуге және шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету.
Оқу нәтижелері
- ШҚО-ның негізгі қалаларының экономикалық-географиялық жағдайын түсіндіреді.
- Өңірдің экологиялық проблемаларын анықтайды және нақты дәлелдермен көрсетеді.
- Мәселелерді шешу жолдарын топта талқылап, ортақ шешім ұсынады.
Сабақтың құрылымы
Ұйымдастыру кезеңі
Жылы атмосфера- Әріптерді таратып, сол әріптен басталатын жақсы сөздер айту арқылы бір-біріне жағымды көңіл күй сыйлау.
- Санамақ ойыны арқылы сыныпты 3 топқа бөлу («Қуыр-қуыр қуырмаш…», «Басбармақ, балаң үйрек, ортан терек…»).
Қызығушылықты ояту
5 минутОқушылардың назарын сабаққа аудару және үй тапсырмасын тексеру «TV-Show: Айтуға оңай» форматы арқылы ұйымдастырылады.
Сұрақ-жауап бағыты
- 1) 1-оқушы: ШҚО-ның басқа аймақтармен салыстырғандағы басты ерекшеліктерін атап өтеді.
- 2) 2-оқушы: қазба байлықтардың үлесі мен маңызын сипаттайды.
- 3) 3-оқушы: өңірдегі ауыл шаруашылығының маманданған салаларын атайды.
Мағынаны тану
15 минутРөлдік ойын
Оқушылар өзін түрлі мүдделі тараптың орнына қойып, проблеманы солардың көзқарасымен қарастырады және шешімін бірлесіп ұсынады. Жұмыс барысында ойынның шарттары мен ережелері, мақсаттары, кезеңдері және қатысушылардың рөлдері нақты белгіленеді.
Тапсырмалар
1) Өскемен қаласы
Экономикалық дамуының негізгі бағыттарын сипаттау.
2) Риддер және Семей
Басты өнеркәсіп салаларын анықтау және дәлел келтіру.
3) Атмосфералық ластану
ШҚО аумағында атмосфераны ластаушы шығарындылар түрлерін атау.
4) Жоғары ластану деңгейі
Қазақстанда атмосфера ластануы жоғары қалалардың санын анықтау.
5) Семей көмірі
Семей көмірін жаққанда көбірек бөлінетін заттарды талдау.
6) Үлбі металлургия комбинаты
Жинақталған радиоактивті қалдық көлемі туралы деректерді қарастыру.
7) Орман алқабы
ШҚО-дағы орман алқабының мөлшерін анықтау.
8) Денсаулық көрсеткіштері
Өңірде күрт көбейіп жатқан ауру түрлерін талқылау.
9) Автокөлік әсері
Автокөліктің қоршаған ортаға және адам денсаулығына тигізетін зардаптарын жүйелеу.