Күткендей оны арманы, Күткендей оны жаз алда

Оқырман конференциясы: «Дала комиссары»

Бұл кеш Әліби Тоқжанұлы Жанкелдиннің туғанына 130 жыл толуына арналады. Оқырман конференциясында Жанкелдиннің өмір жолы мен күрескерлік болмысы, ел мүддесі үшін атқарған еңбегі сөз болады.

1-жүргізуші

Батырдың ісі өлмейді —
Қасақы жауды жерлеген.
Ақынның сөзі өлмейді —
Ақсұңқар құстай желдеген.

Жырлайын, досым, Әлиді —
Шапқан аттай өрлеген.
Он жеті жасқа жеткенде,
Қияға құлаш сермеген.

Жастайынан жаны ашып,
Ел мақсатын көздеген.
Патша мен бай, бек-заданың
Қорлығына төзбеген.

2-жүргізуші

Қиын-қыстау кездерде,
Серік болған сөзбенен.
Міндетімді ақтайын,
Тұра тұрсын өзге өлең.

Кешімізді ашып беру үшін сөзді мектебіміздің директоры Б. Бекзатов ағайға береміз.

Күрес рухы және тарихи кезең

Кештің келесі бөлігінде жүргізушілер Жанкелдин дәуірінің күрделі ахуалын, елдің азаттыққа ұмтылысын және қоғамдық ойдың жаңаруын жыр жолдарымен өрнектейді.

1-жүргізуші

Бастаған күрестер — жою үшін,
Дүрліккен дүниенің арамдығын.
Танытып өз жолының саралығын,
Көтерген езілгеннің талап-үнін.

2-жүргізуші

Түнекті туды жарып, Республика,
Қызыл гүл жайнап, дала тақырында.
Сол күндер елес қағып алыстағы,
Тізілді толқындай боп таныс шағы.

Баяндама

Осы бөлімде Ә. Т. Жанкелдиннің өмірбаяны туралы баяндама ұсынылады. Баяндамада оның білімге ұмтылысы, қоғамдық белсенділігі және тарихи оқиғалардағы орны таныстырылады.

Білім жолындағы табандылық

Әлидің жастайынан оқуға ұмтылысы, қайсарлығы мен мақсаткерлігі келесі көркем мәтіндер арқылы айқындалады.

1-жүргізуші

Жалынса да жас Әли,
Оқудан бет бұрмады.
Ақылды жан тозар ма?
Ақылсыз жан озар ма?
«Түсемін», — деді ол тәуекел,
Ұлы думан базарға.

2-жүргізуші

Арттағы ағайындар бұза алмады,
Оқуға дені қойған қатал ерді.
Ақыры оқуға ол келіп түсті,
Ақылы айдай болып көгіне ұшты.

Келесі кезекте М. Әлімбаевтың «Әліби Жанкелдин» өлеңі оқылады.

Өлең оқу

1-оқушы

Оқу, оқу, оқу деп,
Тартты Әли Қазанға.
Күткендей оны арманы,
Күткендей оны жаз алда.

2-оқушы

Қазанға Әли жүдеп барып түсті,
Жеңі жалба, етігі қисық, жыртық үсті.
Паналап күн көретін жері де жоқ.

3-оқушы

Кеш қалған ел ішінен ерте туып,
Көп мезгіл құлазыған көңлі суып,
Еміреніп ұлы орыстың оқуына,
Талайды зирек Әли жетті қуып.