Лейкоцит тобына

Биология апталығы

«Тіршілік — нәруызды денелердің өмір сүруі»

«Білім кілті — танымдылықта» атты білім сайысы 8 «А», 8 «Б», 8 «В» сынып оқушылары арасында өткізілді.

Мақсаты

  • Білімді жүйелеу арқылы оқушылардың ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту.
  • Танымдық қызығушылықты арттыру, топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
  • Белсенділікті күшейтіп, жылдам қимылдауға және ұшқыр ойлауға баулу.

Сайыстың құрылымы

  1. 1 Ойлы болсаң, озып көр (шапшаңдыққа сұрақтар)
  2. 2 Танымдық тапсырма
  3. 3 Ғалымдарды танимыз ба?
  4. 4 Мықты болсаң, тауып көр
  5. 5 Қорытынды

I кезең

«Ойлы болсаң, озып көр»

Шапшаңдыққа арналған сұрақтар әр топқа бөлек қойылды.

8 «А» — «Фагоцитоз» тобы

10 сұрақ

Шапшаңдық
Көне Грекияда медицина саласын жан-жақты зерттеген ғалым
Гиппократ
Барлық органоидтерді біріктіретін жасуша заты
Цитоплазма
ДНҚ түріндегі тұқым қуалаушылық ақпарат орналасатын құрылым
Ядро
Биологиялық белсенді заттарды өндіретін арнайы мүшелер
Ішкі секреция бездері
Жұлынның жалғасы
Сопақша ми
Ойлаумен байланысты ми бөлігі
Үлкен ми сыңарларының маңдай бөлігі
Фагоцитоз кезінде лейкоциттер микробтарды өлтіргеннен кейін неге айналады?
Іріңге
Жүйке ұштары
Рецептор
Микробтардың өсуін тежеп, оларды жоятын заттар
Антибиотиктер
Организмдегі маңызды тіршілік үдерістерін реттейтін биологиялық белсенді заттар
Гормондар

8 «Б» — «Гемоглобин» тобы

10 сұрақ

Шапшаңдық
Ұйқыбезден бөлініп, қандағы қант мөлшерін реттейтін гормон
Инсулин
Адам ағзасында қан сүзгісі қызметін атқаратын мүше
Бүйрек
Адамның пайда болуын және тарихи даму кезеңдерін зерттейтін ғылым
Антропология
Латын тілінде «адамгершілік» ұғымын білдіретін сөз
Гуманизм
Көңіл күй гормоны
Адреналин
Аралық мидың астыңғы жағына жіңішке өсінді арқылы бекінетін без
Гипофиз
Сүйек қандай ұлпаға жатады?
Дәнекер ұлпа
Сұйық дәнекер ұлпа
Қан
Ата-бабадан ұрпаққа берілетін тұқым қуалау белгілері жазылатын бірлік
Ген
Жасушаның «энергетикалық станциясы»
Митохондрия

8 «В» — «Лейкоцит» тобы

9 сұрақ

Шапшаңдық
Адамның дене жасушасындағы хромосома саны
46
Жоғары жүйке жүйесінің қатысуымен ағзаның тітіркендіргішке жауап қайтаруы
Рефлекс
Орталық жүйке жүйесінің маңызды бөлігі (бес бөлімнен тұрады)
Ми
Адамда сирек кездесетін, қан ұйымайтын ауру
Гемофилия
Қанның қызыл түсті пигменті
Гемоглобин
Амеба тәрізді қан жасушасы
Лейкоцит
Жүйке жасушасының ұзын өсіндісі
Аксон
Рефлексті жүзеге асыру үшін қозу толқындары жүріп өтетін жол
Рефлекторлық доға
Тұқым қуалау белгісін сақтайтын жіпше, таяқша тәрізді түзіліс
Хромосома

II кезең

Танымдық тапсырма

Логикалық ойлау мен пәндік білімді өмірлік жағдайлармен байланыстыра отырып дәлелдеуге бағытталған сұрақтар берілді.

«Фагоцитоз» тобы

Сұрақ

Скрипкашының мишығында ісік пайда болды. Ол бұрынғыша ойнай ала ма?

Жауап

Мишық қаңқа бұлшықеттерінің үйлесімді жиырылуын реттейді: әсіресе мойын, тұлға, аяқ-қол бұлшықеттерінің қозғалысы мен дененің тепе-теңдігін сақтауға жауап береді. Мишық зақымданса, қол-аяқ тез шаршайды, қозғалыс пен тепе-теңдік бұзылады, сөйлеу де қиындауы мүмкін. Сондықтан бұрынғыдай ойнауы күрделенеді.

«Гемоглобин» тобы

Сұрақ

Егер ғарышта адамның құлағының дәл түбінен зеңбірек атылса, ол оның дауысын естімейді. Неліктен?

Жауап

Ғарышта атмосфералық ауа қабаты жоқ. Дыбыс тербелістері таралуы үшін орта (ауа) қажет, сондықтан дыбыс естілмейді.

«Лейкоцит» тобы

Сұрақ

1492 жылы Рим Папасы Иннокентий VII-ні жасарту мақсатында оған он жасар үш ұл баланың қанын ішкізгені айтылады. Бұл қан құюдың орнын алмастыра алар ма еді?

Жауап

Жоқ. Ішкен қан ас қорыту жолына түсіп, қорытылып кетеді. Ал қан құю кезінде қан тікелей тамырға енгізіледі.

III кезең

«Ғалымдарды танимыз ба?»

Сұрақтар барлық топқа ортақ қойылды. Слайдта ғалымдардың суреттері көрсетілді.

Халел Досмұхамедов

Анатомия, физиология және гигиенаға бірдей көңіл бөлген. Әр мүшенің тазалығын сақтауға қатысты өсиеттері ерекше мәнге ие. «Адамның тән тірлігі» еңбегін жазған.

Гиппократ

Көне Грекияда медицина саласын жан-жақты зерттеген, анатомия ғылымының дамуына үлкен үлес қосқан ғалым.

Әбу Насыр әл-Фараби

Аристотельден кейінгі ойшыл, кемеңгер философ. Сол кезеңде оны «емдеу шеберлігі ғалымы» деп атаған.

IV кезең

«Мықты болсаң, тауып көр»

«Фагоцитоз» тобы

Төмендегі кітап атаулары қандай мүшелер жүйелеріне қатысты екенін анықтау тапсырылды:

  • Гематология
  • Нейрология
  • Гастроэнтерология
  • Урология
  • Кардиология негіздері
  • Эндокринология
  • Офтальмология

«Гемоглобин» тобы

Сұрақ

Мешел ауруы қандай витаминнің жетіспеушілігінен өршиді? Осындай науқасты бұл витаминді ішке қабылдамай-ақ емдеуге бола ма?

Жауап

Мешел ауруы көбіне жас сәбиде D витаминінің жетіспеуінен туындайды. D витамині теріде күннің ультракүлгін сәулелерінің әсерінен түзіледі, сондай-ақ тағам құрамымен де ағзаға түседі.

«Лейкоцит» тобы

Сұрақ

Неліктен кейбір скрипкашылардың сол құлағының естуі төмендейді?

Жауап

Скрипка көбіне сол иық пен сол құлақтың арасына қыстырылып ойналады. Үнемі сол құлақ түбінен келетін қатты дыбыс дабыл жарғағына зиян келтіруі мүмкін. Соның салдарынан сол құлақтың естуі төмендейді.

V кезең

Қорытынды

Пән мұғалімі әділқазылар алқасымен бірлесіп, сайысты қорытындылады. Биологиялық апталық аясында өткен бұл білім сайысы оқушылардың пәнге қызығушылығын күшейтіп, ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамытуға ықпал етті. Топпен жұмыс істеу барысында танымдық белсенділік артты. Сайыс өз мақсатына жетті.