Көйлекті жапсыру әдісімен таныстыру

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Шығармашылық Бөлімі: Жапсырма Тақырыбы: Әдемі көйлек

Мақсаты

  1. Мультфильм кейіпкерлерін қатыстыру арқылы балалардың сабаққа қызығушылығын ояту; көйлек туралы мағлұмат беру және жапсырту.
  2. Көз мөлшерін, қол қимылының үйлесімділігін дамыту; шығармашылық және іскерлік қабілеттерін жетілдіру; логикалық ойлау мен есте сақтауды дамыту.
  3. Тапсырманы таза әрі ұқыпты орындауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері

  • Көрсету арқылы түсіндіру
  • Сұрақ-жауап
  • Салыстыру

Қос тілділік компоненті

қазақша
көйлек
орысша
платье

Керекті құралдар

«Машаның туған күні» плакаты (сурет), түрлі-түсті қағаз, ақ қағаз, желім, сүрткіш/сүлгі, қосымша дидактикалық материалдар.

Қауіпсіздік ережесі

  • Желімді ауызға апармау.
  • Жұмыс аяқталған соң желімнің қақпағын жауып қою.
  • Қолды таза ұстау, артық желімді сүрткішпен алып тастау.

Сабақ барысы

1) Шаттық шеңбері (жылулық шеңбері)

Тәрбиешінің сөзі

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Қабақ түйген не керек?

Көңілді боп жүрейік.

Балалар, бүгін бізге қонақтар келді. Сабаққа белсенді қатысып, өз өнерлеріңді көрсетіңдер.

Балалардың әрекеті

  • Қонақтармен амандасады.
  • Жылулық шеңберін жасайды.
  • Назарын сабаққа аударады.

2) Тақырыппен таныстыру

Тәрбиешінің әрекеті

Мынау кімнің суреті? Бұл — Маша. Бәріміз танимыз.

Бүгін Машаның туған күні. Қараңдаршы, құрбы қыздары оған гүл, торт және сыйлықтар беріп жатыр.

Ал біз не сыйлаймыз?

Машаның құрбыларының көйлектері қандай әдемі! Қазір бізде жапсыру іс-әрекеті бар. Машаға қағаздан әдемі көйлек жасап берейік.

Балалар, әдемі көйлектер мен басқа киімдер қайдан келеді деп ойлайсыңдар? Енді мына суреттерге назар аударайық.

Балалардың әрекеті

  • Машаны танып, қызығушылығы артады.
  • Тақырыппен танысады.
  • Туған күнге қандай сыйлық жасауға болатынын ойлайды.
  • Көйлектің неден және қалай жасалатыны туралы мағлұмат алады.

3) Негізгі бөлім: материалдың шығу тегі және жапсыру тәсілі

Тәрбиешінің түсіндіруі

Алдымен мақта алқабында өскен мақтаны техникамен жинап, фабрикаға жеткізеді. Фабрикада мақта өңделіп, жіпке айналады.

Жіптен әртүрлі мата тоқылады. Ал матадан киім, соның ішінде көйлек тігіледі.

Көйлекті жапсыру тәсілі

  1. Дайын пішінді көйлектің теріс жағына желім жағыңдар.
  2. Ақ қағаздың ортасына дәл орналастырыңдар.
  3. Сүлгімен үстінен жеңіл басып, жақсылап жапсырыңдар.

Ендеше, жұмысқа кірісейік.

Балалардың әрекеті

  • Жапсыру әдісімен танысады.
  • Қауіпсіздік ережесін сақтайды.
  • Жұмысты ұқыпты орындауға тырысады.

4) Сергіту сәті

Өлең мәтіні

Маша, Маша, тұршы,

Бетіңді, қолыңды жушы,

Айнаға қарашы,

Шашыңды тарашы,

Әйбәт көйлек киіп,

Енді бізді қушы.

Балалардың әрекеті

Әуенмен бірге қимыл-қозғалыстарды жасап, бой сергітеді және тынығады.

5) Жұмыстарды талдау және педагогикалық қолдау

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың жұмыстарын жинақтап, қажет жерінде кемшіліктерін түзетеді, жеке-дара кеңес береді, орындау сапасына назар аударады.

Балалардың әрекеті

Жұмыстарын көрсетеді, ұсыныстарды тыңдайды, түзетулер енгізеді.

6) Таңқаларлық сәт және дидактикалық ойындар

Сюжеттік кіріспе

Тук-тук-тук! Біреу есікті қағады.

Балалар, бұл кім болды екен? О-о, аю!

Қараңдаршы, аю да Машаның туған күніне келіпті. Сөмкесінде не бар екен? Сендерге дидактикалық ойындар әкеліпті.

Ойын 1: «Қай қыз қай үйде тұрады?»

Шарты: Түстеріне қарай ажыратып, әр қыздың өз үйін табу.

Ойын 2: «Киім мен аяқкиімді реттейік»

Шарты: Шашылған киімдерді шкафқа, аяқкиімдерді аяқкиім салғышқа бөлек-бөлек ажыратып орналастыру. Айсұлуға реттеуге көмектесу.

Қорытынды және мадақтау

Аю да, Маша да сендерге риза болды. Көйлекті ұқыпты жасағандарың және ойын тапсырмаларын дұрыс орындағандарың үшін рахмет айтып, сыйлық ретінде жұлдызшалар таратылады.