Мұқият тыңдап, ұқыпты жаза білуге үйрету

Қазақ тілі пәні бойынша 7-сыныпқа арналған жылдық күнтізбелік жоспар мен күнделікті сабақ жоспарлары төмендегі тақырыптарды қамтиды.

Тақырыптар тізімі

  • 31. Диктант
  • 32. Тест тапсырмалары
  • 33. Тест тапсырмалары
  • 34. Есімдіктің сөйлемдегі қызметі
  • 35. Тіл ұстарту

Қазақ тілі, 7-сынып: сабақ жоспары

Бұл сабақ жоспары диктант арқылы оқушылардың сауатты жазу дағдысын нығайтуға, тыңдау мәдениетін қалыптастыруға және жауапкершілік қасиеттерін дамытуға бағытталған.

Сабақтың тақырыбы

Диктант

Сабақтың түрі

Қайталау

Сабақтың әдісі

Баяндау

Сабақтың мақсаты

  • Оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізуге және сауатты жазуға дағдыландыру.
  • Мұқият тыңдап, ұқыпты жазуға үйрету.
  • Өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, мейірімді әрі кешірімшіл болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі

Диктанттар жинағы.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу, түгелдеу.
  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
  • Тақтаға бүгінгі күн мен диктанттың тақырыбын жазу.

2) Диктант мәтіні

122 сөз

Көктемде
Екі күннен кейін мен қалаға жүріп кеттім. Каспий суының жаңа ашылған кезі. Лай судың үстінде болбырлау сұрғылт сеңдер теңселе жылжиды. Оларды біздің қайығымыз қуып жетті де, басып озды. Сеңдер қайықтың жақтауына соқтығып, шатынай айырылып қалып жатты. Толқындарды жарға айдап, жорға жел ойнақтады. Бөшке, қап, жәшік сияқты ауыр жүк артқан моторлы қайық тербеліп келеді. Рульді ұстап келе жатқан жас жігіт еді. Оның үстінде қырма қой терісінен тігілген, омырауы әр түсті жіппен кестеленген әсем пешпеті бар. Жүзі сабырлы, салқынқанды еді. Қайықтың тұмсық жағында көмекшісі отыр. Бұл — үстіне жыртық шекпен киген, белін арқан жіппен буған, басында көнетоз қалпағы бар, үсті-басы үрпі-түрпі бір мұжық еді. Ол ұзын ағашқа ілінген темір ілмекпен сеңдерді серпіп қояды.

Мәтін мұғалім тарапынан оқылады, оқушылар тыңдап отырып тыныс белгілерін дұрыс қойып, сауатты жазады.

Үй тапсырмасы

Өткен тақырыптарды қайталау.