Жұпта тексеру, бағалау

Ашық сабақ туралы қысқаша ақпарат

Пән бағыты
Жаратылыстану-гуманитарлық бағыт
Сынып
10-сынып
Сабақ тақырыбы
Экологиялық апатты аймақтар
Сабақ түрі
Аралас сабақ
Сабақ формасы
Жеке, жұптық және топтық жұмыс
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап, іздену, пікір алмасу

Пәнаралық байланыс және ресурстар

Пәнаралық байланыс

Орыс тілі, экология

Көрнекіліктер

  • Кіріспе сөз (сөз басы)
  • Графикалық диктант парақтары
  • Бағалау парақтары
  • Тест тапсырмалары

Сабақтың мақсаты мен міндеттері

Сабақтың басты мақсаты — оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дұрыс қалыптастыруға жағдай жасау.

Міндет 1

Еліміздегі экологиялық жағдайы нашар аймақтар туралы танымдық түсініктерін кеңейту.

Міндет 2

Қоршаған орта мен табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға үйрету; табиғатты қорғайтын, аялайтын, экологиялық білімі мен мәдениеті жоғары ұрпақ тәрбиелеу.

Міндет 3

Топта және жұпта жұмыс арқылы жауапкершілікті арттыру, ізденушілікке баулу.

Сабақ құрылымы

Бағыт беру кезеңі

  1. Оқушыларды түгендеу және сабаққа бейімдеу.
  2. Сабақтың барысы мен мақсатымен таныстыру.
  3. Үй тапсырмасын тексеру:
    • «Көкшетау» поэмасынан жаттауға берілген үзіндіні графикалық диктант арқылы тексеру.
    • Жұпта тексеру және бағалау.
    • 1–2 оқушыдан жатқа сұрау.

Іске асыру кезеңі (негізгі бөлім)

  1. Кіріспе: компьютер арқылы Омар Қаржау Айтолқынның «Экология» өлеңін тыңдау және тақырыпқа сай суреттер көрсету.
  2. Топтық жұмыс: алдын ала берілген тапсырма бойынша үш топ экологиялық апатты аймақтар жөніндегі жобаларын қорғау.
  3. Сөздік жұмысы: «Тимполото» ойыны негізінде жаңа сөздермен жұмыс.
  4. Мәтінмен жұмыс (оқулық):
    • Мәтінді оқу.
    • Үш мәтіннен негізгі ойды анықтау.
    • Мәтіннен тәуелдік жалғауы бар сөздерді табу.
  5. Пікірталас: экологиялық мәселелерді көтеретін айтыс үзіндісі бойынша талқылау.

Кіріспе: «Экология» өлеңі арқылы ой қозғау

Тыңдалым мәтіні (өлеңнен үзінді)

«Экология» — бөтен сөз,
Бір туғаның бірақ та.
Білгенге бұл көсем сөз,
Мәңгі қалар құлақта.

Эко, эко — үй, Отан,
Ежелден-ақ грекше.
Бізше ғылым — логия,
Тұтқасы бар әлемнің…

Өз үй — өлең-төсегің,
Табиғат боп қалады.
Оған атқан кесегің
Өз басыңды жарады…

Талқылауға арналған сұрақ

Өлең жолдарында қандай мәселе көтерілген? Негізгі ойды бір сөйлеммен түйіндеңіз.

Топтық жұмыс: экологиялық апатты аймақтар

Топ 1

Экологиялық апатты аймақ туралы жоба қорғау.

Топ 2

Себеп–салдар байланысын анықтап, дәлел келтіру.

Топ 3

Шешу жолдарын ұсыну және қорытынды жасау.

Сөздік жұмысы

«Тимполото» ойыны негізінде келесі сөздермен жұмыс жүргізілді:

бөген бетбұрыс құятын шалшық сынау

Пікірталас: айтыс үзіндісі және экологиялық дәлел

Жергілікті ақын-жыршы Ш. Ділдебаевтың 70 жылдық мерейтойына орай Сәтбаев қаласында өткен айтыстан үзінді

Заңды ойлар қозғай алсақ заман жайлы,
Көңілім көп нәрсеге алаңдайды.
Сынақтардың алаңы — Семей еді,
Сарқыншағы санамнан жоғалмайды.

Мұнайдың да мұңы бар сан ғасырлық,
Каспий қайғы қазаққа, Арал қайғы.
Бұл күнде Байқоңырды кім білмейді,
Ғарыштың орталығы ғаламға әйгі.

Сол жерден көкке кеме ұшырарда,
Қауіпті «протон» деп хабарлайды.
Алайда апат болып құлағанда,
«Зиянсыз зымыран» деп бәрі алдайды.

Жүкті ана құрсағында жатқан сәби
У жұтса, есті ұрпақ боп жаралмайды.
Геніне гептил сіңген азаматтар,
Беліне бес қаруын таға алмайды…

Талқылау сұрақтары

  • Ақын көтеріп отырған негізгі мәселе қандай?
  • Соңғы жолдарда қай өңір туралы ишара бар?

Пікірталас тақырыптары

  • 1-топ: Сәтбаев қаласында экологиялық мәселе жоқ.
  • 2-топ: Сәтбаев қаласы экологиялық тұрғыдан ластануда.

Қорытынды кезеңі: білімді бекіту және бағалау

Тест тапсырмалары

  1. 1) «Экология» сөзі қай тілден алынған?

    A) француз   B) неміс   C) ағылшын   D) грек

  2. 2) Экология терминін алғаш ғылымға енгізген ғалым:

    A) У. Петти   B) Э. Геккель   C) Ч. Дарвин   D) В. Бартольд

  3. 3) «ҚР азаматы табиғатты қорғауға және оның байлығын сақтауға міндетті» деген жолдар қай заңнан алынған?

    A) «Білім туралы» заң   B) «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заң   C) «Еңбек туралы» заң   D) Су кодексі

  4. 4) Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған іс-шараға жатпайтыны:

    A) қорықтар ашу   B) орманды кесу   C) «Қызыл кітап» шығару   D) заңдар қабылдау

  5. 5) Қазақстандағы қорықтар саны:

    A) 9   B) 5   C) 7   D) 10

  6. 6) Қоршаған ортаны қорғаудың дүниежүзілік күні:

    A) 16 желтоқсан   B) 25 қазан   C) 5 маусым   D) 1 қаңтар

  7. 7) Экологиялық апатты аймақтар:

    A) Көкшетау, Астана   B) Тараз, Шымкент   C) Арал, Балқаш   D) Баянауыл, Қызылжар

  8. 8) «Қазақстанның Швейцариясы»:

    A) Алматы   B) Баянауыл   C) Маңғыстау   D) Көкшетау

  9. 9) Мақалды аяқтаңыз: «Әркімнің өз жері — …»

    A) алтын   B) жұмақ   C) бақыт   D) жақсы

  10. 10) «Протон» отынынан тарайтын химиялық зат:

    A) сынап   B) аммонал   C) газ   D) гептил

Бағалау

Бағалау кестесі қорытындыланып, оқушылардың жұмысы сараланды.

Сөз соңы (қорытынды үндеу)

Ей, Қазақстан ұланы,
Болғайсың дала қыраны.
Жер-суын қорғау — бабаңның
Емес пе еді басты ұраны?!

Үй тапсырмасы

Экологиялық мәселелерді шешудің жолдарын қарастырып, нақты ұсыныстар дайындау.