Қазақша рефераттар
Қадыр Мырза ӘлиЖерБұл қара жер болған бізге кең мекен, Кең мекенге қанша қауіп төнді екен
Қадыр Мырза Әли
Жер
Бұл қара жер болған бізге кең мекен,
Кең мекенге қанша қауіп төнді екен!
Білсең оны,
Төбе шашың тік тұрар,
Бишараның көрмегені кем де кем!
Таң алдында қылауласа тұңғыш қар,
Қызыл қанға бояуға оны кім құштар
Қара жерге қан жалатқан әйтсе де
Гитлер, Батулар мен Шыңғыстар.
Сөне жаздап, сене жаздап шам - шырақ,
Талай рет жатыпты - ау ол қансырып.
Сондай кезде,
Сондай кезде қол созып
Қай құдірет келіпті одан хал сұрап!
Құшағына ап мың сан ұлды кекілді,
Қаншама рет күйінді ол, өкінді.
Освенцим пен Бухенвальдтар Бұл жердің
Жүрегіне түскен жара секілді.
Жердің көрген қорлығы көп,
Жетеді.
Ол жыласа,
Жасқа толар етегі...
Аяғаннан,
Алдымда алып сәбидей Айдарынан сипағым кеп кетеді!