Орман еңбекшілері
Білім беру саласы мен сабақтың паспорты
Білім беру саласы
Қатынас
Кіші сала
Сауат ашу және жазу
Тақырып
Орман еңбекшілері. Қ қ дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты
- Қ дыбысымен таныстыру, Қ дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.
- Сөздерді буынға бөлу, жуан және жіңішке дыбыстарды ажырату дағдыларын қалыптастыру.
- Ойлау, есте сақтау, сөйлеу мәдениетін және тілдік қорды дамыту.
Сабақ барысы
I кезең — мотивациялық-қозғаушы
Жылы қарым-қатынас және қызығушылық ояту
Мұғалім әрекеті
- Балаларды шеңберге тұрғызып, бір-біріне жылы сөздер айтқызады.
- «Орман еңбекшілеріне» нелер жататыны туралы сұрақ қояды.
- Балалардың сұрақтарға дұрыс жауап беруін қадағалайды.
Бала әрекеті
- Шеңберде бір-біріне жылы лебіз білдіреді.
- Орман еңбекшілерін атап, өз ойымен бөліседі.
II кезең — ұйымдастырушылық-ізденушілік
Оқиға желісі арқылы дыбыс пен әріпті меңгерту
Кіріспе әңгіме және бағыттау
Мұғалім «Құмырсқа — орман тазалаушысы» тақырыбындағы әңгімені оқып береді және талқылауды сұрақтар арқылы жүргізеді:
- Құмырсқаның қандай пайдасы бар?
- Бүгін біз Қ әрпінің айтылуы мен жазылуын үйренеміз. Бұл жолда бізге орманның кішкентай еңбекшілері көмектеседі.
Сюжеттік желі
Құмырсқа үйіне асығып келе жатып адасып қалады. Балалардың міндеті — оған үйіне апаратын жолды табуға көмектесу. Тақтада Қ қ әріптері көрсетіледі.
Әріппен жұмыс
- Сұқ саусақты дайындап, «жол бойымен» жүргізіп, әріптің бағытын сезінеді.
- Әріптің жазылу үлгісін бақылайды және есте сақтайды.
- Ауада Қ қ әрпін жазады.
- Қ қ әрпі ілінген арқан бойымен жүріп, «жолды» көрсетеді.
Ұйымдастыру-іздестіру тапсырмалары
1) Ойын: «Дыбыстың қайда екенін анықта»
Берілген сөздерден Қ дыбысының орнын анықтайды (сөздің басында, ортасында, соңында).
2) Ойын: «Берілген дыбысқа сөз айт»
Қ дыбысы кездесетін сөздерді атайды және дұрыс дыбыстап қайталайды.
3) Ойын: «Жуан және жіңішке»
Сөздердегі дауысты дыбыстарға сүйеніп, олардың жуан немесе жіңішке екенін ажыратады.
Конверттегі әріптермен салыстыру
«Құмырсқаның үйінің жанынан» конверт табылады. Конверттің ішінде Л және А әріптері бар. Оларды Қ әрпімен салыстырады.
Шығармашылық бөлім: «Қала саламыз»
Мұғалім балалардан: «Құмырсқа сендерге нені еске түсіреді?» деп сұрайды. «Құмырсқа — қала сияқты» деген ойды дамыту үшін балаларға қала құрастыру ұсынылады.
Ойын
«Қала салушылары» — геометриялық фигуралардан қала құрастыру.
Әріптермен жұмыс
«Қала» сөзін әріптер арқылы құрастырады және буынға бөледі.
Жазылым
Дәптерге Қ әрпінің таңбасын жазады; Қ дыбысын таяқшалармен құрастырады.
Сюжетті ойын: «Аукцион»
Рахат деген фермада,
Қаламқас жүр жан сала.
Қазақтың киімдерін, бұйымдарын
Танытамын деп баршаға.
Ойын барысында күтілетін әрекеттер
- Сөздердегі Қ дыбысының позициясын анықтайды.
- Суреттегі бейнелерді атап береді.
- Қ әрпінен басталатын және Қ дыбысы бар сөздерді атайды.
Нәтиже
- Сөздерді дұрыс қайталайды және анық айтады.
- Жуан және жіңішке дыбыстарды ажыратады, әріптерді дұрыс атайды.
- Үлестірмелі материалдармен жұмыс істейді (үлкен үй, қала және т.б.).