Қайырлы күн, құрметті спорт сүйер қауым
Спорттық ойынның мақсаты мен міндеттері
Денсаулық пен белсенділік
Оқушылардың денсаулығын нығайту, белсенділігін арттыру және ептілік, шапшаңдық, батылдық, күш-қуатын байқату.
Спортқа қызығушылық
Спортқа деген сүйіспеншілікті күшейту және командалық рухты қалыптастыру.
Салауатты өмір салты
Салауатты өмір салтын насихаттау және күнделікті әдетке айналдыру.
Қолданылатын құралдар
Сайыста келесі құрал-жабдықтар пайдаланылады:
- Эстафеталық кедергілер
- Доптар (үлкен, кіші)
- Шарик
- Қасық
- Үлкен ыдыс
- Гимнастикалық төсеніш
- Таяқшалар және т.б.
Өтетін орны және атмосфера
Сайыс мектептің спорт залында өтеді. Көңілді әуен ойнап тұрып, қатысушылардың сергектігі мен ынтасын арттырады.
Жүргізушілердің кіріспе сөзі
ІІ жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті спорт сүйер қауым! Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Көгілдір ту астында, биікке біз самғаймыз!» атты эстафеталық жарысқа қош келдіңіздер!
І жүргізуші: Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Халық денсаулығы» мемлекеттік бағдарламасында халық денсаулығын нығайту – мемлекетіміздің ең маңызды міндеттерінің бірі екені атап көрсетілген. Салауатты өмір салтын ұстану – осы істің маңызды баспалдағы.
Тәуелсіздік және мемлекеттік рәміздер
Тәуелсіздік күні
Қазақстан Республикасы 1991 жылғы 16 желтоқсанда тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды.
Мақтанышымыз
Әнұран, Ту, Елтаңба және ұлттық валюта – елдің айрықша белгілері. Оларды қадірлеу – әр азаматтың қасиетті борышы.
Айбар мен еңсе
Қазақстан Туымен – тұғырлы, Елтаңбасымен – еңселі, Әнұранымен – айбатты.
Салтанатты сәт
Ортаға Елтаңба, Ту және Әнұранды ұстап шыққан оқушылар шақырылады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.
Жарысқа қатысушылар мен командалар
Ұйымдастыру тәртібі
Әр сыныптан 5 оқушы және сынып жетекшісі қатысады. Командалар ойын алаңына шығып, сапқа тұрады. Одан кейін топтар шеңберге тұрып, сергіту жаттығуларын орындайды және өз атауы, төсбелгісі мен ұранын таныстырады.
Командалар
-
№1 топ: «Тұлпар»
5 «А» сыныбы, сынып жетекшісі: Жунусова М.Г.
-
№2 топ: «Сұңқар»
5 «Ә» сыныбы, сынып жетекшісі: Имамбаева Ә.Ж.
-
№3 топ: «Арлан»
6 «А» сыныбы, сынып жетекшісі: Азимбаева Ғ.К.
Әділқазылар алқасы
Спорт заңы бойынша әділдік пен тәртіпті сақтайтын әділқазылар алқасы таныстырылады.
Сайыстың барысы: 6 кезең
Қатысушыларға сәттілік тілейміз! Алға қойған мақсат – біреу: ұйымшылдықпен жарысу, әділ ойнау және денсаулықты нығайту.
1) Эстафеталық жарыс (сұрақ-жауаппен)
Баскетбол добыКоманда мүшесі баскетбол добын кедергілер арасымен алып жүріп, кедергілерде орналасқан сұрақтардың біріне жауап береді. Барлығы кезекпен орындайды.
Кедергілердегі сұрақтар
- 1.Тудың авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)
- 2.Елтаңбаның авторлары кімдер? (Жандарбек Мәлібеков, Шота Уәлиханов)
- 3.Әнұранның сөзі мен әнін кімдер жазған? (Сөзі: Нұрсұлтан Назарбаев, Жұмекен Нәжімеденов; Әні: Шәмші Қалдаяқов)
- 4.Қазақстан қашан тәуелсіз ел болды? (1991 ж. 16 желтоқсан)
- 5.Ұлттық валюта қалай аталады? (теңге)
- 6.Қақпашы нені күзетеді? (қақпаны)
- 7.Асық, тоғызқұмалақ, тығылмақ, аударыспақ — бір сөзбен? (ұлттық ойындар)
- 8.Спорт алаңындағы ең басты адам кім? (төреші)
- 9.Бокстың алаңы қалай аталады? (ринг)
- 10.Кросс деген не? (жүгіру)
2) «Картоп отырғызу»
Кегли + корзина + обручБірінші ойыншы кеглилері бар корзинаны алып жүгіріп, залдың шетіндегі обручқа кеглилерді төгеді де, бос корзинаны келесі ойыншыға береді. Келесі ойыншы кеглилерді жинап әкеледі. Тапсырманы команда толық орындап шығады.
3) Ептілік эстафетасы
Доп + ракетка + шарик + секіртпеБірінші ойыншы баскетбол добын жерге соғып алып барып, торға тастайды. Қайтарда стол теннисінің ракеткасымен теннис шаригін қақпақылдап алып келеді. Келесі ойыншы шарикті қақпақылдап апарып, баскетбол добын торға тастайды да, секіртпемен секіріп қайтады. Барлығы кезекпен орындайды.
4) «Бәйге»
Жұптық ойынБелгі бойынша бір бала «ат» болады: жіп иықтан ілінеді. Қыз бала жіптен ұстап, жұп болып жүгіріп өтеді.
5) «Пингвин»
ДопДопты аяқтың ортасына қысып алып, белгіленген жерге дейін жүріп барып қайтады. Барлығы кезекпен орындайды.
6) «Сұр қоян»
Қаппен секіруБірінші ойыншы қапты аяғына киіп, белгі бойынша бөгетті айналып секіріп келеді де, қапты келесі ойыншыға береді. Команда толық орындайды.
Қорытынды және марапаттау
Жеңімпаздарды анықтау
Сайыс аяқталып, жеңімпаздар анықталды. Әр топ өз қабілетін көрсетіп, қызықты әрі тартымды жарыс өткізді. Сөз әділқазылар мүшелеріне беріледі.
Марапаттау
Жеңіске жеткен топтар марапатталады. Жарыстың негізгі құндылығы – әділ ойын, бірлік және денсаулық.
Тілек
Берекелі заман болсын, баршаңыз аман болыңыздар!
Жиырма бірінші ғасырда, ашық аспан астында денсаулықтарыңыз мықты болсын!
Жанұяларыңыз қуанышқа толсын!
Бүгінгі көңілді мәре жарысын осымен аяқтаймыз.
Өткізілген жері: ШҚО, Көкпекті ауданы, Тассай ауылы, Әуезов атындағы орта мектебі КММ
Дайындаған: дене шынықтыру пәні мұғалімі Смағұлұлы Нигмет (Смағұлов Нигмет)