Дауыссыз дыбыстармен әндетіп көрші
Сабақтың тақырыбы
Ц дыбысы.
Мақсаты
Ц дыбысының дауыссыз екенін түсіндіру, оның айтылу артикуляциясымен таныстыру. Ц дыбысының қазақтың төл сөздерінде кездеспейтінін байқату. Ц дыбысы бар сөздердің мағынасын ашып, дұрыс айтуға және сауатты жазуға дағдыландыру.
Принциптері
- Жүйелілік
- Ғылымилық
- Көрнекілік
Көрнекілігі
- Қазақ әліпбиі
- Тірек-сызбалар
- Қосымша көрнекі құралдар
Сабақтың барысы
I. Психологиялық дайындық
Мектеп — кеме, білім — теңіз,
Барар жерге тез жетеміз.
Адаспаймыз ұлы жолда,
Ұстаз берген білім ойда.
II. Ой ашар
«ӘР ҚАШАН КҮН СӨНБЕСІН!» сөйлеміндегі тек дауысты дыбыстарды ғана оқып, әуенімен айтып көр.
Енді сол сөйлемді тек дауыссыз дыбыстармен «әндетіп» көр.
Талқылау сұрағы: Дауыстылар мен дауыссыздардың сөйлеудегі қызметі туралы қандай қорытынды жасайсың?
III. Ой сергіту сұрақтары
- Қазақ тілінде қанша әріп бар?
- Дыбыс пен әріптің айырмашылығы неде?
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Екі дыбыстың қосарлануы арқылы жасалатын дыбыс қалай аталады?
- «Лагерь» сөзінде неше дыбыс, неше әріп бар?
- «Ащы» сөзіне қарама-қарсы сөзді ата.
- «Р» қандай дыбыс?
- Бойында бар, ойында жоқ. Ол қай әріп?
- Судан шашақ шашылар, су тоқтаса басылар. Ол не?
- «Ч» дыбысының алдындағы дыбысты ата.
IV. Жаңа сабақ: «Ц» дыбысы
Ц — қатаң дауыссыз дыбыс. Ол сөздің барлық буынында кездесе алады.
Мысалдар:
- цемент
- авиация
- марганец
Назар аудар: «Ц» дыбысы қазақтың төл сөздерінде кездеспейді, көбіне кірме сөздерде қолданылады.
Оқу мақсаты: дыбысты дұрыс айту, жазуда дұрыс қолдану және мағынасын түсіндіру.
А) Көрнекілікпен жұмыс
Қазақ әліпбиінен «Ц» әрпін көрсетіп, баспа және жазба түрін салыстыр.
Б) Дәптермен жұмыс
Бір жолға «Ц» әрпінің бас және кіші түрін жаз.
V. Оқулықпен жұмыс: 106-жаттығу
Әр сөздің мағынасын түсіндір. Мысалы: центнер — салмақ өлшемі.
VI. Бейнелі жазу
Суреттен қандай әріптерді көріп тұрсың? Сол әріптерден сөз құра.
Жауабы: автомобиль.
VII. 107-жаттығу
«Ц» әрпі бар сөздерді теріп жаз:
- станция
- авиация
- цирк
- цистерна
VIII. Сергіту сәті
Өн бойымды тік ұстап,
Таянамын бүйірді.
Бастап кетем дұрыстап,
Сәйгүлікше жүруді.
Аяқты алға қоямын,
Жұдырықты түйемін.
Қос қолымды жоғары
Көтерем де, иемін.
Шығарғанда демімді,
Екі деймін ішімнен.
Көтерілген қолымды
Қапталыма түсірем.
IX. Дидактикалық ойын
«Нешінші бөлік артық?» тапсырмасын орында.
Жауабы: төртінші бөлік артық, себебі Б, В, Г — ұяң дауыссыз дыбыстар.
X. Оқулықпен жұмыс
109-жаттығу: ребусты шеш. Жауабы: цемент. Осы сөзге дыбыстық талдау жаса.
110-жаттығу: мәтінді оқы: «Цирк». Нұсқауды орындап, сұрақтарға жауап бер.
XI. Сабақты қорытындылау
Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қой:
Ц…ирк
Кие…
Ц…агон
шка…
Ц…теле…он
кон…ерт
XII. Үй тапсырмасы
108-жаттығу: көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
XIII. Бағалау және мадақтау
Оқушылардың белсенділігі мен тапсырмаларды орындау сапасына қарай бағалау жүргізіліп, ынталандыру сөздері айтылады.