Оқушылар поэмамен
Сабақтың контексі
- Пән
- Қазақ әдебиеті (11-сынып)
- Тақырып
- Ж. Молдағалиев — «Мен қазақпын» поэмасы
- Бағыты
- Үздік ұстаз бәйгесіне арналған сабақ үлгісі
Мақсаты мен міндеттері
Сабақтың мақсаты
«Мен қазақпын» поэмасының мазмұнын түсіну, шығарманы бүгінгі өмірмен байланыстыра талдау; оқушыларды өзіндік көзқарас қалыптастыруға және пікірін дәлелдеп қорғауға бағыттау.
Сабақтың міндеттері
- Поэманың негізгі идеясын ашу.
- Поэма желісіндегі тұлғаларға тоқталу.
- Поэмадағы астарлы ойды топтық және жұптық жұмыстар арқылы таныту.
- Оқушылардың өз бетінше тақырыпты ашуына ықпал ету.
Жетістік критерийлері
Бірлескен жұмыс
- Топпен бірлесе жұмыс жасай алады.
- Тақырыпты аша алады.
- Білімін және сыныптастарының жауаптарын толықтыра алады.
Белсенділік және көшбасшылық
- Топтық жұмыста тың идеялар ұсына алады.
- Жеке тапсырмаларда белсенділік көрсетеді.
- Көшбасшылық қасиетін танытады.
Ойды жеткізу дағдысы
- Поэмамен жұмыс істеу дағдысы қалыптасады.
- Өзіндік пікір білдіріп, білімін өз бетімен реттей алады.
- Ұжымда ойын еркін әрі терең жеткізе алады.
Негізгі идея
Поэманы өмірмен байланыстыра отырып, ұлттық рух, тарихи жады және тәуелсіздік жолындағы күрес ұғымдарын талдау.
Бағалау
- Алдын ала бағалау кестесі ұсынылады.
- Топ басшылары топ мүшелерінің жинаған балын жариялайды.
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
2 минут
- Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын бақылау, бүгінгі күнге сәттілік тілеу.
- Үнтаспадан үзінді тыңдату.
- «Күннің шуағындағы “Мен кіммін?”» сұрағына жауап беру арқылы патриоттық тіркестермен топқа бөлу.
І топ
Көк байрақты туым бар, дархан көңіл елім бар, байлығы бар жерім бар, жазиралы далам бар, биік белес тауым бар, әсем де көркем табиғатым бар, сарқылмайтын өзен-көлім бар — мен қазақпын.
ІІ топ
Шешен сөйлер тілім бар, мұсылмандық дінім бар, ізгі дәстүр-салтым бар, көпұлтты елім бар, кеудемде намыс отым бар, елге арналған үндеуім бар, құндылығым бар; рухани жаңғырып, болашаққа сенемін — мен қазақпын.
ІІІ топ
Қаһарлы қыраным бар, бәйгеге қосар тұлпарым бар, қалықтап ұшар сұңқарым бар, ел қорғаған батырым бар, жыр арнайтын ақыным бар, ақылгөй дана ұлыларым бар, қарттарым — асыл қазынам, ел басқарған Елбасым бар — мен қазақпын.
Мұғалім: «Күн шуағындағы “Мен кіммін?” сұрағына жауап бердік. Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қалай аталады?»
Оқушылар: «Мен — қазақпын».
Мұғалім: «Сабақтың мақсаты қандай? Қалай ойлайсыңдар?» — оқушылар ой бөліседі, кейін мұғалім мақсатты нақтылайды.
Білу және түсіну
8 минут
«Пицца» әдісі: поэманың авторы, ақын Жұбан Молдағалиевтің өмірі мен шығармашылығы бойынша сұрақтар әзірленеді. Әр топ кезекпен жауап береді (1-топ, 2-топ, 3-топ).
Бейнематериал: «Мен — қазақпын» поэмасынан үзінді тыңдалады және талқыланады.
- Басты тақырып
- Ұлт, халық
- Негізгі идея
- Өлмес тарих және тәуелсіздік жолындағы күрес
- Жанры
- Лирика-публицистикалық поэма
Поэма ұлттық болмысты, халықтық рухты арқау етеді.
Халықтың бастан өткерген кезеңдері мен азаттыққа ұмтылысы көрініс табады.
Қоғамдық ой мен лирикалық сезім ұштасқан.
Талдау және шығармашылық жұмыс
Оқушылар поэманы іштей оқиды. Кейін «коктейль таяқшалары» арқылы жұпқа бөлініп, ой бөліседі, одан соң топта талқылайды.
1-топ
1–4 бөлім
2-топ
5–7 бөлім
3-топ
8–9 бөлім
Постер қорғау сұрақтары
- Жұбан шығармашылығынан қазақтың ұлттық поэзиясының айқын белгілерін көре аламыз ба?
- Поэмада қандай тарихи кезеңдер сипатталады және қандай ғасырларды қамтиды?
- Оқу барысында түсініксіз болған тұстарды белгілеу және сұрақ қою.
Автор туралы мәлімет
Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Егіндібұлақ ауылы.
Егіндібұлақ ЖОББ мектеп-балабақша кешенінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі — Жаннатова Әсемнұр Талғатқызы.
Материал: Ж. Молдағалиев — «Мен қазақпын» поэмасы (жүктеу).