Денсаулық фестивалына қош келдіңіздер
Универсиада «Ақеркеде» — Денсаулық фестивалі
Бұл фестивальдің мақсаты — қызметкерлерді салауатты өмір салтын ұстануға үндеу, қызығушылығын арттыру, ауызбіршілікке және біріккен іс-әрекетке баулу.
Құрметті әріптестер!
«Шынықсаң шымыр боларсың» демекші, сіздерді салауатты өмір салтын ұстану мақсатында өтетін «Универсиада Ақеркеде» денсаулық фестиваліне шақырамыз. Денсаулық фестиваліне қош келдіңіздер!
Шақыру-ұран
Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл —
Жақсы азамат боласың!
Жарыс рухы
Жеңімпаз болу оңай ма?
Арман болған талайға.
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп, қалай да!
Қатысушылар және командалар
Бүгінгі қысқы спорттық сайысқа «Ақерке» бөбекжай-балабақшасының қызметкерлері қатысады. Олай болса, сайысқа қатысушы командаларды ортаға шақырамыз.
Команда 1
«Жалын» тобы
Әр таңды бақытпен атырамыз — өнерлі ой көгінде бақ сынаймыз.
Команда 2
«Достық» тобы
Бірлік пен серіктестікті алға қойып, жарысқа сеніммен шығамыз.
Әнұран
Сайысты бастамас бұрын Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.
Әділқазылар алқасы
Сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен танысыңыздар:
-
Балабақша меңгерушісі
Қарымсақова Рабиға Көптілеуқызы
-
Балабақша әдіскері
Серікбаева Клара Тоғамысқызы
-
Балабақша мейіркеші
Ашықбай Сәуле Төреханқызы
Сайыс кезеңдері
Сайыс 5 кезеңнен тұрады. Әр кезең — шапшаңдық, дәлдік, ұйымшылдық және төзімділікті талап ететін қызықты сынақ.
-
1) «Шаңғыны табу» ойыны
Кезең 1Шарты: кедергілер арасымен жүріп, межеден айналып, өз орнына қайта оралу.
-
2) «Такси» ойыны
Кезең 2Шарты: топ басшылары кедергілер арасымен жүгіріп өтіп, топ мүшелерін бір-бірлеп «жинап» әкеледі.
-
3) «Қар жинау» ойыны
Кезең 3Шарты: кішкентай шелектен «қарды» алып, кедергілерден өтіп, үлкен шелекті толтыру.
-
4) «Хоккей» ойыны
Кезең 4Шарты: клюшкамен допты кедергілер арқылы жүргізіп, доғаға дәл түсіру.
-
5) «Серіктестер» қимылды ойыны
Кезең 5Шарты: ойыншылар шеңбер бойымен тұрып, бірінің оң жақ иығына қолын қояды. Сол аяқтарын көтеріп, шеңбер бойлай секіріп жүреді. Кім көтерген аяғын жерге түсіріп алса, сол ойыншы шыққанға дейін ойын жалғасады.
Қорытынды және марапаттау
Жарыс қағидасы
Жарыс заңы ежелден — жеңімпазды анықтау. Жеңімпаз болудың шарты — еңбектену және жалықпау. Біреу озса сайыста, біреу артта қалады. Бұл сайыстан ренжімей тарасу — бәрімізге жарасады.
Әділқазылар сөзі
Сайыс шарттары бойынша қорытынды жасалып, жеңімпаз анықталады. Марапаттау рәсіміне сөз әділқазылар алқасына беріледі.
Қорытынды сөз
Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа! Өмірде бақыттысың денің сау болса. «Денсаулық — терең бақыт» деген сөзді ұлы Абай данамыз бекер айтпаған. Осы оймен бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.
Ұйымдастырушы
Төлегенова Айсәуле Оңбосынқызы
Қызылорда облысы, Қазалы қаласы
№1 «Ақерке» бөбекжай-балабақшасының дене тәрбиесі жетекшісі