Бауырың нешеде
Жалпы мәлімет
ШҚО, Аягөз қаласы №5 жалпы білім беретін орта мектеп (коммуналдық мемлекеттік мекеме).
Бастауыш сынып мұғалімі: Аязбекова Дария Сериковна.
Іс-шара: «Жұлдызды сәт» білім сайысы.
Сайыстың мақсаты мен міндеттері
- Оқушылардың математикалық сауаттылық деңгейін анықтау.
- Логикалық ойлау қабілетін, тапқырлығын, шапшаңдығын және танымдық белсенділігін арттыру.
- Сұрақтарға математикалық тілмен мәдени түрде жауап беруге үйрету, қарым-қатынасты дамыту.
Көрнекілігі
Сызбалар, слайдтар және ойынға қажетті құралдар.
Ұйымдастыру кезеңі
-
1) Дайындық
- Әділқазылар алқасын сайлау, сайыс шарттарымен таныстыру.
- Жеребе тастау арқылы қатысушылардың тұру ретін анықтау.
-
2) Сайыс шарты
- Ойыншылар жауапты параққа жазып, тақтаға іледі.
- Әр дұрыс орындалған тапсырма үшін ойыншыға жұлдыз беріледі.
- Әр бөлім соңында жұлдыз саны есептеліп, жұлдызы аз ойыншы ойыннан шығады.
- Жеңімпаз ең көп жұлдыз жинаған ойыншы болып анықталып, марапатталады.
Сайыс бөлімдері
I. Бой сергіту
«Кім жылдам?» ойыны
II. Байқағыштық бөлімі
Тез әрі дәл жауап беру
III. Ойшылдар бөлімі
Логикалық есептер
IV. Ғажайып үштік
Әр ойыншыға 3 тест тапсырма
V. Баспалдақ ойыны
Жылдам есептеу
VI. Бәйге
1 минутта 10 сұрақ
Кіріспе сөздер
1 оқушы: Математика — ғылым патшасы, оған басқасы тең келмейді. Еліміздің егеменді өркендеуі — есеп пен білімнің арқасы.
2 оқушы: Қиын есеп те оңай шешіледі, егер миды шынықтырсаң. Математик болсаң, жеңімпаздар алға озар.
4 оқушы: Біреуінің жүрегінде тереңдік бар, біреуінің арқасында қоғамдық жүк бар. Біреуінің күмбірлеген күйі бар, енді біреуінің ойы өткір, миы жүйрік. Ортаға «Жұлдызды сәт» сайысына қатысушы жас математиктерді шақырамыз!
5 оқушы: Сіздерді сайысқа шақырамыз, есеппен бастарыңызды қатырамыз. Математиканы ұғындырып, білімдеріңізді толықтырамыз.
Қатысушылар өз ретін анықтау үшін жеребе алады (оқушылар өзіне сәйкес орынға тұрады).
I. Бой сергіту — «Кім жылдам?»
Ойыншылар тапсырманы оқып, дұрыс жауабын мүмкіндігінше тез табуы керек (уақыт есептеледі).
1) 14 + 30 − 4 − 40 + 39 − 15 + 10
34
2) 23 + 51 − 4 + 10 − 40 + 26 − 2
64
3) 85 − 5 − 26 + 6 − 30 + 13 + 7
50
4) 8 + 6 − 12 + 39 − 37 + 9 + 20
33
5) 4 + 8 − 2 + 51 − 5 + 14 − 30
40
6) 87 − 8 + 11 − 50 + 16 − 7 + 1
50
II. Байқағыштық бөлімі
Ойыншылардың тез әрі бірінші жауап беруі ескеріледі.
-
1) Суретте неше үшбұрыш бар? Жауап: 10
-
2) Алғашқы сабақтар: қазақ тілі, математика және ана тілі. Математика бірінші емес, ал ана тілі бірінші де, үшінші де емес. Қай пән нешінші болды?
III. Ойшылдар бөлімі
-
1) Екі стаканға бірдей су құйдық. Біреуін тәрелкеге төңкердік. Қай ыдыста су көп? Жауап: бірдей
-
2) 1, 2, 3 цифрларын пайдаланып, неше екі таңбалы сан жазуға болады?
-
3) Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының жалпы саны — 10. Аулада неше тауық, неше бұзау болуы мүмкін?
-
4) 1 кг алманың бағасы 100 теңге болса, 0,5 кг алманың бағасы қанша? Жауап: 50 теңге
-
5) Шаршының периметрі 80 см болса, қабырғасының ұзындығы қанша сантиметр?
Сергіту сәті
Математикалық санамақ
4 — дегенім жақсы баға, 1 — дегенің жаман баға, Алады оны жаман бала. 2 — дегенім нашар баға, Інішегім нашарлама. 3 — дегенім орта баға, Сапасы да орта ғана. 5 — дегенім — өте жақсы, Ол мен алатын баға.
IV. Ғажайып үштік
Әр ойыншыға тест түрінде 3 тапсырма беріледі.
Ойыншыға арналған тест (нұсқа 1)
1) Амалды орында
-
27 + 42
а) 69 ә) 47 б) 29
-
28 + 32
а) 60 ә) 61 б) 6
2) Уақыт өлшемдері
-
1 жылда қанша ай бар?
а) 12 ә) 18 б) 36
-
1 аптада қанша күн бар?
а) 7 ә) 14 б) 21
3) Қарапайым мәтіндік есеп
-
Сатылғаны — 10 л, қалғаны — 30 л. Болғаны — ?
а) 10 ә) 33 б) 40
-
Кесе — 70 теңге, қасық — 30 теңге. Барлығы — ?
а) 40 теңге ә) 90 теңге б) 100 теңге
Ойыншыға арналған тест (нұсқа 2)
1) Амалды орында
-
28 + 62
а) 89 ә) 90 б) 69
-
26 + 14
а) 47 ә) 40 б) 42
2) Уақыт өлшемдері
-
1 айда неше апта бар?
а) 5 ә) 4 б) 3
-
1 сағатта неше минут бар?
а) 24 ә) 70 б) 60
3) Қарапайым мәтіндік есеп
-
Болғаны — 40 (шар), алынғаны — 20. Қалғаны — ?
а) 10 ә) 20 б) 40
-
Сәбіз — 40 теңге, пияз — 50 теңге. Барлығы — ?
а) 40 теңге ә) 90 теңге б) 100 теңге
Жанкүйерлер сайысы
- 1) Бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының жалпы саны — 10. Неше тауық, неше бұзау болуы мүмкін?
- 2) Жазда 6 бала таудан сырғанақ тепті. Олардың 4-еуі қайтып кетті. Неше бала қалды?
- 3) Аулада әртүрлі көліктер бар: жеңіл машина, мотоцикл, үш аяқты велосипед. Дөңгелектерінің жалпы саны — 10. Аулада неше жеңіл машина, неше мотоцикл, неше велосипед тұр?
V. Баспалдақ ойыны
VI. Бәйге бөлімі
1 минут ішінде ауызша қойылған 10 сұраққа тез әрі дұрыс жауап беру қажет. Әр дұрыс жауап — 1 ұпай.
Сұрақтар (нұсқа 1)
- 1) Ең кіші екі таңбалы санды ата.
- 2) 3 ондық, 4 бірліктен тұратын сан.
- 3) Қыс пен көктемде неше ай бар?
- 4) Шаршының қабырғасы 2 см. Периметрі қанша?
- 5) Сен 8 жастасың, бауырың сенен 3 жас кіші. Бауырың нешеде?
- 6) 1 дециметрде неше сантиметр бар?
- 7) Ағаштың басында 2 торғай отыр. Оған тағы 2 торғай келіп қонды. Барлығы нешеу болды?
- 8) 120 минутта неше сағат бар?
- 9) 2 аптада неше тәулік бар?
- 10) Қарындаш 20 теңге, ал дәптер одан 5 теңгеге қымбат. Дәптер неше теңге тұрады?
Сұрақтар (нұсқа 2)
- 1) Ең үлкен екі таңбалы санды ата.
- 2) 4 ондық, 5 бірліктен тұратын сан.
- 3) Жаз бен күзде неше ай бар?
- 4) Шаршының периметрі 4 см. Қабырғасы қанша сантиметр?
- 5) Сен 8 жастасың, ағаң сенен 3 жас үлкен. Ағаң нешеде?
- 6) 5 дециметрде неше сантиметр бар?
- 7) Ағашта 6 балық «қонып» отырды, оның 3-еуі «ұшып» кетті. Ағашта неше балық қалды?
- 8) 85 минут — неше сағат және неше минут?
- 9) 1 аптада неше тәулік бар?
- 10) Дәптер 20 теңге, ал қарындаш одан 10 теңгеге арзан. Қарындаш неше теңге тұрады?
Жанкүйерлерге арналған жұмбақтар
- 1) Жүз мүйізі бар, үстінде киізі бар. Жауап: Киіз үй
- 2) Жиырма төрт батыр бірін-бірі жеп жатыр. Жауап: Дойбы
- 3) Екі қатар тал шарбақ: күндіз алыспайды, қабыспайды, түнде қабысады. Жауап: Кірпік
- 4) Доп емес, дөңгелек емес, ұқсас бірақ, достарым. Фигура ол негізі — дәл жауабын қостадым. Жауап: Шеңбер
Қорытынды бөлім
Сайыстың жеңімпазын анықтап, марапаттау үшін сөз әділқазылар алқасына беріледі.
Осымен «Жұлдызды сәт» білім сайысы аяқталды. Қатысып, өз білімдерін көрсеткен барлық оқушыларға рахмет!