Миға шабуыл әдісі арқылы талдау
Сабақ туралы мәлімет
Мұғалім
Павлодар қаласы, №19 жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі пәні мұғалімі — Ж.Ж. Каденова.
Сабақ тақырыбы
Сұлтанмахмұт Торайғыров. «Шәкірт ойы».
Сабақтың мақсаты
- «Шәкірт ойы» өлеңін мәнерлеп, түсініп оқу; мағынасын ашу және талдау.
- Оқушылардың тіл мәдениетін, ойлауын және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
- Өлең мазмұны арқылы оқу-білімге үндеу, отансүйгіштік пен еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер
Күтілетін нәтиже
Оқушылар көркем шығарманың тілдік ерекшеліктерін және образдар әлемін танып, өлең мазмұнын талдай алады.
Негізгі екпін
Оқу-білімге ұмтылыс, қараңғылықпен күрес, елге қызмет ету идеясы.
Сабақ барысы (уақыт бөлінісі)
Психологиялық ахуал
2 минутОқушыларды түгендеу, топқа бөлу, сәттілік тілеу. Топқа бөлу түрлі түсті шарлар арқылы жүзеге асады.
Білу
5 минутБейнесөз арқылы жаңа тақырыпқа шығу: «Балалар, тақырыбымыз қандай? Мақсатымыз не?» Одан кейін мақсатқа жету алгоритмін құру.
Түсіну
4 минут«Топтастыру» стратегиясы арқылы тақырыптың негізгі ұғымдарын айқындау.
Қолдану
10 минутОқулықпен жұмыс: мәтінді оқу, тірек сөздерді белгілеу, мағыналық бөліктерге бөлу.
Сергіту сәті
2 минут«Айна» әдісі: оқушылар қимылды қайталап, қысқа сергіту жаттығуын орындайды.
Талдау
10 минутI топ тапсырмалары
- Өлеңді мәнерлеп оқу.
-
«Миға шабуыл» әдісі арқылы талдау:
- Шәкірт нені армандайды?
- Елдің жүрегі неге «мұздаған» деп сипатталады?
- Неге ол жұлдыз емес, Күн болғысы келеді?
II топ тапсырмасы
Ғаламтор деректеріне сүйене отырып, астрономиялық тұрғыдан жұлдыз бен Күн туралы ғылыми түсінік беру.
III топ тапсырмасы
«Шәкірт» бейнесіне топтастыру құру:
- Ілім-білімге құштар.
- Қараңғылықты сейілтетін Күн болуды армандайды.
- Еліне адал қызмет етуді мақсат етеді.
- Надандықпен күреседі.
IV топ тапсырмасы
Өлең құрылысына талдау:
Қараңғы қазақ көгіне
aӨрмелеп шығып күн болам!
bҚараңғылықтың кегіне
aКүн болмағанда, кім болам?
bМұздаған елдің жүрегін
vЖылытуға мен кірермін!
v- Көлемі
- 3 шумақ, 6 тармақ
- Өлшемі
- 2 бунақ, 8 буын
- Ұйқасы
- Кезектес және шалыс ұйқас
Жинақтау
5 минут«Біздің арманымыз» тақырыбында пікірлесу, ой түйіндеу.
Үй тапсырмасы
2 минут- Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Шәкірт ойы» өлеңін жаттау.
Бағалау
3 минутТоп басшысы бағалайды. Формативті бағалау жүргізіледі.
Рефлексия
2 минут«Қарлы кесек» стратегиясы арқылы оқушылар алған білімдерін жинақтайды.