Әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу білігін бағалау
Сабақ туралы
Бұл жоспар 1-сыныптағы сауат ашу сабағына арналған. Негізгі мазмұны — мәтінді тыңдап/оқып түсіну, ақпаратты әртүрлі тәсілмен жеткізу, сөйлемді дұрыс құрау және тыныс белгілерін орынды қолдану. Сабақ барысында «Бауырсақ» ертегісі арқылы ой қорыту, мазмұндау және жазылым дағдылары нығайтылады.
Құндылық
Оқушыларды бір-біріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Негізгі дағды
Дыбыс, әріп, сөз және сөйлем туралы түсінікті нақтылау; сөйлемді сауатты жазу.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
-
1.3.4.1
Мұғалімнің көмегімен оқыған/тыңдаған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба және белгілер арқылы жеткізу.
-
1.3.11.1
Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою.
-
1.3.8.1
Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талапқа сай жазу.
-
1.1.4.1
Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе иллюстрациясы бойынша болжау.
-
1.3.5.1
Тақырыпқа байланысты сөздер, сызбалар, суреттер мен белгілерді қолданып, жай сөйлемдерден мәтін құрастыру және жазу.
-
1.1.5.1
Түрлі жағдаяттарда этикет сөздерін қолдану.
Сабақ мақсаттары
Барлығы
Жаңа білімді меңгереді.
Көбі
Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбірі
Алған білімін өмірде қолдана алады.
Жетістік критерийлері
- Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
- Нақты сөйлеу арқылы мәселені түсінгенін көрсете алады.
Тілдік мақсат
Негізгі бағыт
Оқушылар дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін талқылайды.
Терминдер мен тіркестер
- дыбыс
- әріп
- сөйлем
- пікірлесу
- ой бөлісу
Талқылауға арналған сұрақтар
- Дыбыс дегеніміз не?
- Әріп дегеніміз не?
- Сөз неден құралады?
- Сөйлем деген не?
Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін «Егер...» ойыны өткізіледі:
- 1 Егер көңіл-күйлерің көтеріңкі болса, аяқтарыңды топырлатыңдар.
- 2 Егер сауат ашу сабағын жақсы көрсеңдер, қол шапалақтаңдар.
- 3 Егер сабаққа дайын болсаңдар, қолдарыңды жоғары көтеріңдер.
Топқа бөлу және ережелер
Оқушылар суреттер арқылы топқа бөлінеді. Топтық жұмыстың ережелері:
- Бір-бірін мұқият тыңдау.
- Біреудің айтқанын қайталамау.
- Тақырыптан ауытқымау.
- Топта кезектесіп сөйлеу.
- Сабаққа белсенді қатысу.
Сабақтың ортасы
Мағынаны тану
Миға шабуыл
«Суреттің жалғасын тап» тапсырмасы (ертегі: «Бауырсақ»).
Тыңдалым
Оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау және мәтінді аяқтай алу білігі бағаланады.
1-жаттығу: сөйлем туралы білімді еске түсіру
- Оқушылардан сөйлем туралы не білетіндерін сұрау.
- Оқулықтағы мәтінді оқыту және көрсету.
- Оқулықтағы сұрақтар бойынша ізденіс жұмыстарын ұйымдастыру.
Сұрақ-жауап
Ертегі не туралы?
Ертегіні өзің жалғастырып көр.
2-жаттығу: жазылым және айтылым
Мәтіндегі қарамен берілген сөйлемдерді көшіріп жаздыру. Мұғалім жазу жолын сақтауын, әріп элементтерін дұрыс жазуын және сөйлемдегі сөздердің байланысын қадағалайды.
Жаңа ақпарат: сөйлем ережелері
Сөйлем аяқталған бір ойды білдіреді.
Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылады.
Сөйлем соңына нүкте (.), сұрақ белгісі (?) немесе леп белгісі (!) қойылады.
3-жаттығу: көркем жазу
Каллиграфиялық талапқа сай жазу дағдысын қалыптастыру. Қатесіз жазуын және жоларалық кеңістікті сақтауын бақылау.
Тақтамен жұмыс
«Бауырсақ» сөзін тасымалдау (буынға бөліп жазу) бойынша жұмыс.
Мәлімет
Өңір
ШҚО, Тарбағатай ауданы
Елді мекен
Шолақорда ауылы
Мектеп және мұғалім
Б. Майлин орта мектебі (КММ)
Бастауыш сынып мұғалімі: Рысбекова Шынар Маулытханқызы
Қажет болған жағдайда толық нұсқасын жүктеп, жоспарды сынып ерекшелігіне сай бейімдеуге болады.