Ұстаз - мектептің жүрегі Сабақтың мақсаты
Ұстаз – мектептің жүрегі
Мектептің басты тұлғасы, мектептің жүрегі — мұғалім. «Ұстаз» сөзі қашанда қадірлі, қасиетті ұғымды білдіреді: ол ардақты, киелі, үлкен құрметпен айтылатын атау.
Әр адамның жүрегіндегі ізгілік сәулесі — көбіне ұстаз еңбегінің жемісі. Ұстаз әр баланы жатсынбай, жастайынан баурап, сауатын ашады; өнеге үйретіп, тәрбие береді; білім кемесіне отырғызып, болашаққа жол көрсетеді. Анадай әлпештеп, мейіріммен демеп отыратын жан — ұстаз.
Сабақтың мақсаты
Ұстаздар күніне орай оқушыларға ұстаздықтың қиын да қажырлы еңбек екенін ұғындыру; ардақты, аяулы ұстаздарын құрметтеуге, еңбегін бағалауға баулу; адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі
- Сахна мерекелік кешке арнап безендіріледі.
- Мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер жазылған плакаттар ілінеді.
Кіріспе
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салып, мал бағып, терін төккен шаруа да, көкті шарлаған ғарышкер де — бәрі де ұстаздан білім алып, тәлім көрген. Сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы бас иеді.
Ұстаз еңбегі — ұлы еңбек.
Жүргізушілердің құттықтауы
1-жүргізуші
Армысыздар, ардақты ұстаздар! Бүгін — Мұғалімдер күні. Баршамыздың сауатымызды ашып, білім нәрімен сусындатып, өмірге қанат қақтырған ұлағатты ұстаздар, мерекелеріңіз құтты болсын! «Ұстаз – мектептің жүрегі» атты ашық тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз!
2-жүргізуші
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салып, мал бағып, терін төккен шаруа да, көкті шарлаған ғарышкер де — бәрі-бәрі ұстаздан білім үйреніп, тәлім алған. Ұлағатты ұстаздар! Сіздерге бүкіл адам баласы бас иеді.
Оқушылардың арнауы
Ұстаз деген — ұлағаттың шайыры,
Қадірінің тиетұғын қайыры.
Ұстаз деген — шуағы мол шапағат,
Шаршамайтын, шалдықпайтын тәуірі.
Ұстаз деген — ұстаз болып туғандар,
Ұлылықты ұлықтаған имандар.
Ұрпағының ертеңіне жол ашып,
Өмірінің әр шақтарын құрғандар.
Ұстаз деген — ғаламның жарық күні,
Ұстаз деген — адамның асыл әні.
Бүкіл әлем мойындайтын еңбегін
Сен де одан білім нәрімен сусындадың.
Ән
«Ұстазыма»