Шеңбер ұзындығының формуласын білу

Жалпы мақсат

Оқушыларға шеңбердің ұзындығы, дөңгелектің ауданы және шар туралы ұғымдарды ғылыми тұрғыда түсіндіру. Оқушылардың ойлау қабілетін, сөйлеу мәдениетін, логикалық пайымдауын дамыту және топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Оқу нәтижелері

  • Шеңбердің ұзындығы туралы түсінік қалыптастырады.
  • Пи саны (π) ұғымымен танысады.
  • Шеңбер ұзындығының формуласын біледі және оны диаметр арқылы өрнектей алады.
  • Дөңгелектің ауданын және формуланың шығу негізін түсінеді.
  • Шардың мағынасын, оның қасиеттерін және «сфера» ұғымын меңгереді.

Негізгі идеялар

Шеңбер

Шеңбердің ұзындығын диаметр арқылы өрнектеуді білу және формуланы қолдану.

Дөңгелек

Дөңгелек ауданының формуласын және оның қорытылуын түсіну.

Шар және сфера

Шардың мағынасын түсіну, шар мен сфераның айырмашылығын ажырату.

Сабақта қолданылатын материалдар

Оқулық Интерактивті тақта Слайд-шоу Сызбалар Қарындаштар Фломастерлер Жапсырмалар

Сабақ барысы

Білу

7 минут

Оқулықты пайдаланып, тақырып бойынша көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңдар. Оқушылар жаңа тақырыппен танысып, тапсырмаларды орындайды.

  1. Шеңбердің ұзындығы тең.
  2. Дөңгелектің ауданы тең.
  3. Шар дегеніміз
  4. Шар беті деп аталады.
  5. «Сфера» сөзі білдіреді.
  6. Шар бетінің екі деп аталады.

Түсіну

2 минут

Сұрақтарға жауап беріңдер (слайдпен жұмыс).

  1. Шеңбердің ұзындығы дегеніміз не?
  2. Дөңгелектің ауданының формуласы қандай?
  3. Шар дегеніміз не?
  4. «Шар» сөзінің аудармасы мен мағынасы қандай?
  5. Шардың диаметрі дегеніміз не?
  6. «Сфера» сөзінің мағынасы қандай?
  7. π санының мәні неге тең?

Қолдану

15 минут

Формулаларды қолданып есептер шығарыңдар.

  1. Радиусы 10 см шеңбердің ұзындығын табыңдар.
  2. Киіз үй табанының диаметрі 8 м. Киіз үй табанының ауданын табыңдар.
  3. 14-суретте радиусы 15 мм шеңбер кескінделген. Шеңбер өзара тең үш бөлікке бөлінген, оның бір бөлігі боялған. Боялған доғаның ұзындығын табыңдар.

Талдау

5 минут

Айыра білуге арналған тапсырмалар. Оқушылар интерактивті тақтада жауаптарды сәйкестендіріп белгілейді және дұрыстығын тексереді.

  • «Сфера» сөзінің грек тіліндегі аудармасын және «радиус» ұғымын ажырату.
  • Шеңбердің ұзындығы мен дөңгелектің ауданын ажырату.
  • Шар мен сфераның айырмашылығын түсіндіру.
  • Шеңбер ұзындығының формуласы мен дөңгелек ауданының формуласын ажырату.

Жинақтау

6 минут

Алған білімдеріңді пайдаланып, сызба құрастырыңдар және постер жасап қорғаңдар. Кітаптағы нұсқауды басшылыққа алыңдар.

Гүл егілген гүлзардың дөңгелек жиегінің ұзындығы 18,84 м. Гүлзардың ауданын анықтаңдар.

№206. Велосипед доңғалағының диаметрі 60 см. Велосипед 5 айналым жасағанда қанша қашықтық жүреді?

Бағалау

7 минут

Әр топқа тапсырмалар беріледі. Тапсырмаларды орындау және жинақтау нәтижелері бойынша оқушылар бағаланады.

Автор туралы

Бостандық орта жалпы білім беретін мектебі, математика және информатика пәні мұғалімі — Бекмұханбетова Айгүл Сабитовна.