Осьтік симметрияСабақтың мақсаты:Білімділік
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Тақырып
Осьтік симметрия
Сабақтың түрі
Жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдер
- Сұрақ-жауап
- Сын тұрғысынан ойлау
- Деңгейлеп саралап түсіндіру
Көрнекіліктер
- Сызбалар
- Интерактивті тақта
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
Симметрия ұғымын түсіндіру; түзуге қатысты симметриялы нүктелерді салуды және түзуге қатысты симметриялы фигураларды құрастыруды үйрету.
Дамытушылық
Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту; ізденімпаздық қасиеттерін жетілдіру; мәдени өрісі кең, адамгершілігі мол тұлға қалыптастыру.
Тәрбиелілік
Дәлдікке, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа және еңбекті сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
Сабаққа дайындық, оқу құралдарын түгендеу, назарды шоғырландыру.
II. Үй тапсырмасын тексеру
1162-есеп
Еске түсіру стратегиясы
- Координаталар жүйесі дегеніміз не?
- Неліктен ол Декарттық координаталар жүйесі деп аталады?
- Нүктенің координаталары деп нені айтамыз?
- График дегеніміз не?
- Қозғалыс графигі арқылы уақытқа сәйкес қандай шаманы табуға болады?
III. Ой шақыру стратегиясы
Симметрия ұғымы грек тілінен енген. Ол «гармония» ұғымына жақын мағына беріп, бірдей өлшемділік пен белгілі бір реттілікпен орналасуды білдіреді.
Симметрияның түрлері көп. Ең қарапайым түрі — түзуге қатысты симметрия. Егер түзудің бойымен бүктегенде жазықтықтағы екі фигура бір-бірімен беттесетін болса, онда олар түзуге қатысты симметриялы фигуралар деп аталады.
Негізгі тұжырым: симметриялы фигуралар өзара тең болады.
Егер бір түзу фигураны симметриялы екі бөлікке бөлсе, онда мұндай фигура осьтік симметриялы фигура деп аталады.