Күз мереке, күз ырыстың белгісі
Залды безендіру
Зал іші күз мезгіліне сай безендірілген: жапырақ түстері, молшылықты еске салатын композициялар, жылы әрі мерекелік көңіл күй.
Кіріспе сөздер
Жүргізуші 1
Күз — мереке, күз — ырыстың белгісі.
Гүлжиһан
Қайтып барады мекеніне жыл құсы.
Әнге ұласып, жырға ұласып даламыз.
Шат-шадыман халқымыздың тұрмысы.
Жүргізуші 2
Күз дегенің — ақындардың дастаны.
Аружан
Қандай ғажап — бейбіт күннің аспаны!
Бізбен бірге болыңыздар бәріңіз,
Алтын күздің той-думаны басталды!
Жүргізуші 1
Қош келдіңіздер, ата-аналар мен құрметті қонақтар!
Гүлжиһан
Жүздеріңізден мейірім мен нұр төгілер.
Алдарыңызда жауқазындай құлпырған —
Аружан
мектепалды даярлық тобының бүлдіршіндері!
Жүргізуші 2
Сәлеметсіздер ме, қадірлі қонақтар! Күз мерекесіне орай мектепалды даярлық тобының ұлдары арасында өтетін «Күз сұлтаны» сайысына қош келдіңіздер.
Алтын күздің келуі
Жүргізуші 1
Музыка әуенімен күз келуі бейнеленеді
Қуандырып біздерді, мерекелі күз келді!
Кел, жемісті Алтын күз, кемелденсін халқымыз!
Алтын күз
Әсел ерен достарым, өмірге көп қосқаным.
Қымбатты сый алыңдар, қызығыма қаныңдар.
Жүргізуші 2
Қош келдіңіз, Алтын күз! Төрлетіңіз!
Алтын күз
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Иә, мен — Алтын күзбін. Қараңдаршы, айналаны алтын түске бояп қойдым. Бүгінгі желдің лебі мені сендердің орталарыңа алып келді. Қандай керемет!
Айтыңдаршы, араларыңда «Күз сұлтаны» атағына лайықты балалар бар ма?
Жүргізуші 1
Әрине, бар! Біздің топтың ұлдары «Күз сұлтаны» сайысына қатысады. Бізбен бірге тамашалаңыздар!
Балалардың өнері
Хор
«Сары жапырақтар жауғанда»
Даниял
Мереке бүгін — күздің міне келгені,
Күздің бізге бақыт-байлық бергені.
Құтты болсын мерекесі, Алтын күз,
Бәрімізді қуаныш күйі тербеді.
Темірші
Берекесін сыйлауға өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға шақырады біздерді.
Ғафур
Жайдарлы күз, жарқын күз,
Аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толы ен дала —
Дариядай шалқар күз.
Артур
Жемісі мол теретін —
Күз дос екен бізбенен.
Бәрін тауып беретін —
Жомарт екен күз деген.
Көрініс
Ковбой биі.
Ерназ
Қамба толды астыққа — алғыс саған, Алтын күз!
Бір уыс дән шаштық та, қап-қап қауын алдық біз.
Темірлан
Астық, жеміс жиналды,
Қамбамызға құйылды.
Ардақты күз, мың алғыс!
Алдым өнім — сыйыңды.
Алимансур
Құстар қайтты ән салып,
Бұлт шарлады аспанды.
Қыс келеді жар салып,
Күзгі суық басталды.
Алмас
Дала сары киінді,
Самал соқты салқындау.
Қырмандарға үйілді
Алтын астық — алтын тау.
Нұрхан
Сары алтындар, сары алтындар бақ басынан жауады.
Бірде ашық, бірде жабық күннің қабағы тонады.
Сай қайда деп саялайтын, аялайтын денемді —
Қалбалақтап қыр үстінде қаңбақ ұшып барады.
«Күз сұлтаны» сайысы
Сайыскерлерді шақыру
Енді ортаға «Күз сұлтаны» сайыскерлерін шақырайық. (Қыздар сайыскерлерді ортаға алып шығады.)
Тәрбиеші
Сайысымызды бастамас бұрын, сайысқа әділ баға беретін әділқазылар алқасын сайлап алайық.
Дайындық
- Сайыскерлер номерлерін суырады.
- Сайыстың бөлімдері таныстырылады.
Сайыс бөлімдері
- 1) «Сегіз қырлы, бір сырлы» — өзін таныстыру, жеті атасын атау.
- 2) «Өнерлі өрге жүзер» — өнер көрсету.
- 3) «Білекті бірді жығар» — білек күшін сынау.
- 4) «Білімді мыңды жығар» — А, Т, П, Н, Ғ, Р, Л дыбыстарын қатыстырып текше әріптерден сөздер құрастыру.
- 5) «Жігітке де әсемдік жарасады» — сән үлгісі.
- 6) «Дәм-думан» — мерекелік дастарқан.
Жүргізушілердің өрнекті сөздері
Жүргізуші 1: Сайысымыздың I бөлімі — өзін таныстыру.
Жүргізуші 2: Қыран-бүркіт көтерер ердің нарқын, қыраны жігіт асырар елдің даңқын! Ендеше, ұлдарымыздың өнерін тамашалайық.
Жүргізуші 1: Ат өнері білінбес бәйгеге түсіп жарыспай, ер өнері білінбес білек күшін сынаспай — келесі кезек күш сынасуға беріледі.
Жүргізуші 2: «Білімді мыңды жығар» — енді ұлдарымыздың білімін сынап көрейік.
Би
Мың бұралған биші қыздардың «Қолшатыр» биі.
Сән үлгісі
«Жігітке де әсемдік жарасады» — келесі кезек сән үлгісіне беріледі.
Ән
«Жаңбыр» әні (орындаушы көрсетіледі).
Дәм-думан
Мерекелік дәмнен ауыз тию бөлімі.
Қорытынды сөз
Тәрбиеші: Сөз кезегін әділқазылар алқасына берейік.
Хор: «Күз жомарт»
Жүргізуші: Осымен мектепалды даярлық тобының «Күз сұлтаны» атты ертеңгілігіміз аяқталды.
Жүргізуші: Уақыт бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет!