Тың игерудің зардаптары
Пән
Тарих (11-сынып)
Мұғалім
Смайлова Рахия Сергебаевна
Сабақтың тақырыбы
Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру. Тың игерудің зардаптары
Сабақтың мақсаты
Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игерудің себептері мен салдарын түсіну және бағамдау.
Сабақтың міндеттері
-
Тың игерудің қазақ даласына тигізген зардабы мен зиянын анықтау.
-
Сауатты талдауға үйрену.
-
Бір-бірінің пікірін тыңдау арқылы өз ойын жүйелі жеткізуге дағдылану.
Сабақтың типі
Жинақтау сабақ
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Әдістер мен ресурстар
Сабақ әдістері
- Реттік ойын
- Тұлғаны таны
- Жигсо
- Сұхбат алаңы
- Дискуссиялық карта
Көрнекіліктер мен құралдар
Көрнекіліктер
Карта, бейнетаспа
Құралдар
Тақта, плакат, стикер, маркер
Сабақ барысы (жоспар)
1) Ұйымдастыру кезеңі
2 минутТопқа бөлу: Кіші жүз
Адай, қарасақал, байбақты, жағалбайлы, тама, керейт, шекті.
Топқа бөлу: Орта жүз
Арғын, найман, керей, уақ, қоңырат, қыпшақ.
Оқушылар Орта жүз және Кіші жүз болып екі топқа бөлінеді.
2) Білу: «Реттік ойын»
3 минутБірнеше оқиғадан тұратын кеспе қағаздар оқушыларға таратылады. Екі топ өз жауаптарын анықтап, дұрыс жауаппен салыстыру арқылы тексереді.
3) Тұлғаны таны
Мемлекет басшыларының саясатын саралау арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбы айқындалады.
4) Түсіну: «Жигсо»
Екі топқа екі түрлі тапсырма беріледі. Тапсырмалар орындалған соң, топтар бір-біріне «қонаққа» барып, ақпарат алмасады. Соңында сарапшылар тобы құрылады.
5) «Сұхбат алаңы» (бейнетаспамен)
Сұхбат барысында бейнетаспа көрсетіліп, төмендегі сұрақтар талқыланады:
-
Негізгі мақсат: Тың игеру саясатының басты мақсаты қандай болды?
-
Демография: Тың игеру саясаты демографиялық жағдайға қалай әсер етуі мүмкін?
-
Іске асыру: Тың игеру қалай жүзеге асырылды?
-
Нәтиже: Тың игеруден кейін елімізде астық проблемасы толық шешілді ме?
-
Қазіргі көзқарас: Бүгінгі тұрғыдан алғанда тың игеру қазақ халқына не берді?
-
Әлеуметтік әсер: Тың игеру республика халқының шаруашылығы мен тұрмысын жақсартуға қаншалықты ықпал етті?
6) Дискуссиялық карта
Тың игерудің тиімді және тиімсіз жақтары «Иә / Жоқ» форматында айқындалады.
7) «Сұрақтар қорабы»
Оқушылар өз сұрақтарын арнайы қорапқа салады. Бұл сұрақтар келесі сабақта талқыланады.
8) Бағалау
Бағалау смайликтер арқылы жүргізіледі.
Үй тапсырмасы
Тақырып: Тың және тыңайған жерлерді игеру.
Зерттеу тапсырмасы: Н. Ә. Назарбаевтың тың және тыңайған жерлерді игерудің 50 жылдығына арналған баяндамасы бойынша мәліметтерді жинақтау.
Ескерту
Қажет болса, материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, қосымша дерек ретінде пайдалануға болады.