Қамбар ата командасы

Сабақ туралы мәлімет

Орны
Ақадыр кенті
Мектеп
М. Мәметова атындағы орта мектеп
Пән
Математика
Мұғалім
Спатаева С. А.
Сынып
6
Тақырып
Қызықты математика: оң және теріс сандар
Сабақтың типі
Білім мен дағдыны тексеру, білімді бағалау
Сабақтың түрі
Жарыс сабақ

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушылардың оң және теріс сандар бойынша есептерді меңгеруін қамтамасыз ету, білімін бекіту.

Дамытушылық

Зейінін, ойлауын, есте сақтау үдерістерін дамыту; қиялын ұштап, қабілетін шыңдау.

Тәрбиелік

Дидактикалық және логикалық ойындар арқылы ақыл-ой белсенділігіне баулу, ізденіске және өркендеуге тәрбиелеу.

Өту барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу және оқушыларды ұйымдастыру.
  • Бүгінгі сабақта қызықты ойындар мен әртүрлі есептер шығарылады. Барлығы белсенді қатысады.
  • Сынып екі топқа бөлінеді: «Қамбар ата» және «Шопан ата».

II. Командалардың таныстыру кезеңі

Әр команда өз атауын, ұранын және мүшелерін таныстырады.

III. «Алтын сақа» ойыны

Әр командадан екі оқушы шығып, сақаны иіреді. Кімнің асығы алшы түссе, сол ойын бастайды және тізілген асықтарды атады. «Алтын сақа» қай түске (қызыл, көк, сары, жасыл) түссе, сол қоржын қалтасынан сұрақ алып жауап береді.

1) Екі оң санның қосындысы қандай сан болады?

Көк

Жауабы: оң сан.

2) Екі теріс санның қосындысы қандай сан болады?

Жасыл

Жауабы: екі теріс санның қосындысы теріс сан болады.

3) Қарама-қарсы сандардың қосындысы неге тең?

Сары

Жауабы: 0-ге тең. Мысалы: −9 + 9 = 0, −5 + 5 = 0.

4) Таңбалары әртүрлі сандарды қосқанда не істейміз?

Қызыл
  1. Модулі үлкен саннан модулі кіші санды азайтамыз.
  2. Нәтиженің алдына модулі үлкен санның таңбасын қоямыз.

IV. «Тізбекті шешу» ойыны

Командалар берілген сандық немесе амалдар тізбегін кезекпен жалғастырып, дұрыс нәтижеге жетуге тырысады.

V. «Дос таңдау» ойыны

Таңба заңдарын түсіндіру үшін мынадай ұқсастық қолданылады: плюс (+) — дос, ал минус (−) — қас. Оқушылар өрнектің қалай оқылатынын және нәтижесінің қандай таңбамен шығатынын айтады.

+ (+) · (+) = ?

«Досымның досы — маған дос» → +

− (−) · (+) = ?

«Қасымның досы — маған қас» →

+ (−) · (−) = ?

«Қасымның қасы — маған дос» → +

− (+) · (−) = ?

«Досымның қасы — маған қас» →

VI. «Теңге ілу» ойыны

Әр топтан бір оқушы «шыбық атқа» мініп, белгіленген алаңнан шауып өтіп, тоқтамай жүріп ыдыстан теңге іліп алуға тырысады. Теңгелер нөмірленген: әр нөмірге сәйкес логикалық тапсырма беріледі.

Кім көп теңге іліп алып, сол теңгелердің нөміріне сәйкес тапсырмаларды дұрыс орындаса, сол команда жеңеді.

Логикалық тапсырмалар

  1. Мұз айдынында жеті бала сырғанап жүр. Сырғанамай екі бала жағалауда қарап тұр. Барлығы неше бала? Жауабы: 9
  2. Көлден ұшты жеті қаз. Қайтты, қонды екі қаз. Қонбағаны нешеу? Жауабы: 5
  3. Жаңа ғана шалғында алты бұзау жүр еді. Біреуі жатып қалды. Нешеуі жүр? Жауабы: 5
  4. Үйдің төрт бұрышында төрт мысық отыр. Әр мысықтың алдында үш мысық отыр. Неше мысық отыр? Жауабы: 4
  5. Төрептің төрт ұлы бар. Төрт ұлының әрқайсысында бір апа және бір қарындас бар. Төрептің барлық баласы нешеу? Жауабы: 6
  6. Тауықта неше аяқ бар? Ал бақайы нешеу? Жауабы: 2 аяқ, 8 бақай
  7. Әр бөлігінде бір ғана нүкте қалатындай етіп, шаршыны қалай екі бөлікке бөлуге болады? Жауабы: диагональ бойынша бөлу

VII. Топ басшылар сайысы

Топ басшылары өзара сайысып, сабақтың қорытындысын шығарады.

  1. Жылқы туралы мақал-мәтелдер айтыңыз.
  2. Қой туралы мақал-мәтелдер айтыңыз.
  3. Жеті атаңызды атаңыз.
  4. Төрт түліктің пірлерін атаңыз.
  5. Сүттен жасалатын тағамдарды атаңыз.
  6. Қазақтың ұлттық ойындарын атаңыз.
  7. Тақпақ айтып беріңіз.
  8. Ән салып беріңіз.