Шоқан Уәлиханов - қазақтың ұлы ғалымы

Тақырып

Шоқан Уәлиханов — қазақтың ұлы ғалымы.

Мақсаты

Ш. Уәлихановтың өмірі мен қызметін таныстыру арқылы оның ғалым, этнограф, суретші, зерттеуші әрі жан-жақты шығармашыл тұлға екенін көрсету.

Күтілетін нәтиже

  • Ш. Уәлихановтың өмірі, қызметі және ғылымдағы жетістіктері туралы білім қалыптастырады.
  • Оқулық мәтінімен жұмыс істеу дағдысын дамытады.
  • Тарихи ойлау мен есте сақтау қабілетін жетілдіреді.

Сабақ сипаттамасы

Сабақтың түрі
Білік пен дағдыны қалыптастыру сабағы.
Сабақтың типі
Жаңа білімді меңгеру.
Пәнаралық байланыс
География.

Көрнекіліктер мен әдіс-тәсілдер

Көрнекіліктер

  • Слайдтар
  • Бейнежазба
  • Таратпа материалдар
  • Тарих картасы
  • Тест тапсырмалары және басқа материалдар

Әдіс-тәсілдер

  • Жеке жұмыс және топтық жұмыс
  • «Математикалық лото»
  • Хронологиямен жұмыс
  • «Тарихи домино»
  • Картамен жұмыс және қосымша тапсырмалар

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

  • Оқушыларды түгендеу, зейінін сабаққа аудару.
  • Топқа бөлу.

II. Үй тапсырмасын тексеру

§ 49–50: «Қазақстандағы халық ағарту ісі және діни білім беру ісі» тақырыптары бойынша тест тапсырмалары арқылы тексеру.

III. Жаңа сабақ

Көмекші сұрақтар арқылы сабақтың тақырыбы ашылады және оқушылар үш топқа бөлінеді.

Көмекші сұрақтар

  • Айғанымның немересі кім?
  • Бұл тарихи тұлғаның шын есімі қандай?
  • Ол кімнің ұлы? (Жауап: Мұхаммед-Қанапия — Шыңғыс төренің ұлы.)

Тақырып слайд арқылы түсіндіріліп, бейнежазба көрсетіледі.

IV. Жаңа сабақты пысықтау

Бекіту кезеңінде «Математикалық лото (жылдар сөйлейді)» тапсырмасы орындалады: әр топқа есеп беріліп, шыққан жылдарға сәйкес оқиғаларды оқулыққа сүйене отырып, хронологияны сақтай баяндау қажет.

I топ

  1. 845 + 750 − 150 + 390
  2. 900 + 800 − 600 + 747
  3. 1896 − 546 + 485 + 21
  4. 777 + 896 + 500 − 316

II топ

  1. 1562 − 22 + 965 + 829
  2. 346 + 427 + 560 + 845
  3. 900 − 30 + 1568 + 263
  4. 800 + 566 + 95 + 394

III топ

  1. (1000 + 1500) − 2 + 603
  2. 2500 − 500 + 250 − 386
  3. 246 + 546 + 646 + 416
  4. 1562 − 22 + 965 + 829

Автор туралы

Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Қоңыр ауылы.

А. Жұмағалиев атындағы Жосалы ОМБК.

Тарих және құқық пәндерінің мұғалімі: Какимгалиева Алма Жақсығалиевна.