Қай жырау
Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижелері
Бұл сабақ ХVІІІ ғасырдағы қазақ мәдениеті мен әдебиетінің дамуына ықпал еткен тұлғаларды таныстырып, қазақ ақын-жырауларының шығармалары арқылы тарихи-рухани мұраны түсіндіруге бағытталған.
Білімділік
ХVІІІ ғасырдағы қазақ мәдениеті мен әдебиетінің дамуына ықпал еткен тұлғалар туралы мағлұмат беру; қазақ ақын-жырауларының шығармаларымен таныстыру.
Дамытушылық
Қосымша материалдарды пайдалану арқылы оқушылардың ізденісін арттырып, танымдық ой-өрісін кеңейту.
Тәрбиелік
ХVІІІ ғасырдың көрнекті ақын-жыраулары мұраларын сақтауға және құрметтеуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже
- Оқушылар ХVІІІ ғасырда қазақ өлкесін зерттеген экспедициялар туралы біледі.
- Қазақстанды зерттеген орыс ғалымдарын және олардың еңбектерін ажырата алады.
- ХVІІІ ғасырдағы қазақ ақын-жыраулары, олардың шығармалары мен тарихтағы орны туралы түсінік қалыптастырады.
Сабақтың сипаттамасы
Ұйымдастыру деректері
- Сабақтың типі
- Жаңа білімді меңгерту
- Сабақтың түрі
- Дәстүрлі
- Сабақтың әдісі
- СТО (сын тұрғысынан ойлау)
Ресурстар мен байланыс
- Көрнекілік
- Тұлғалардың суреттері, слайдтар, кестелер
- Пәнаралық байланыс
- Қазақ және орыс әдебиеттері
Сабақтың барысы
I. Қызығушылықты ояту
Сабақты бастамас бұрын оқушылардан «мәдениет» сөзін топтастыру (кластер) арқылы оның мағынасын ашу ұсынылады.
II. Мағынаны тану
Оқушылар сабақ жоспарымен танысып, кітап материалдары және қосымша деректер арқылы тақырып кеңінен түсіндіріледі.
Сабақ жоспары
- 1 Орыс ғалымдарының Қазақстанды зерттеуі
- 2 Қазақ әдебиеті
III. Ой толғаныс
1) Семантикалық карта (барлық оқушылармен жұмыс)
| Тұлғалар | Еңбектері |
|---|---|
| И. Г. Ренат | Жоңғария картасы |
| Г. Ф. Миллер | «Сібір тарихы» |
| П. И. Рычков | «Орынбор өлкесінің топографиясы», «Орынбор тарихы» |
| Н. П. Рычков | «Қырғыз-қайсақ даласы туралы күнделік жазбалар» |
| П. С. Паллас | «Ресей мемлекетінің әртүрлі аймақтарына саяхат» |
2) «Кубизм» (сұрақ-жауап)
Оқушыларға кубик беріледі. Кубик ортаға тасталып, түскен санына сәйкес оқушы сұраққа жауап береді.
- 1 (жасыл қыры): Қазақ өлкесін қандай экспедициялар зерттеген?
- 2 (қызыл қыры): Орыс ғалымдарынан Қазақстанды зерттеген кімдер?
- 3 (көк қыры): ХVІІІ ғасырдағы қазақ ақындарының шығармаларында қандай басты оқиғалар суреттелген?
- 4 (сары қыры): ХVІІІ ғасырдың көрнекті ақын-жырауларының мұраларын сипаттаңыз.
- 5 (қара қыры): І Петр Азияға жол іздеу талабымен Орта Азияның ішкі аудандарына өту үшін қазақ даласын не деп қарастырды?
- 6 (қоңыр қыры): «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» поэмасының ерекше бір нұсқасын жазған ақынды атаңыз.
3) «Ол кім, білесіз бе?» ойыны
Ортаға 5 оқушы шығады. Олар жасырылған сөздер мен сипаттамалар бойынша ақын-жырауды табуы керек: бірден тапса — 10 ұпай, ал көмек арқылы тапса — 5 ұпай.
Сұрақ 1
Жас кезінен ақындар айтысына қатысқан; әрі балуан, әрі батыр; жоңғар басқыншыларына қарсы ұлт-азаттық күресті ұйымдастырушы; көшпелілер өмірінде жылқы түлігінің маңызын жырлаған; шығармаларын Қаракерей Қабанбай мен Қанжығалы Бөгенбай батырларға арнаған. Бұл қай жырау?
Көмек
Қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында жерленген.
Жауап
Ақтамберді жырау
Сұрақ 2
Абылай ханға жақын жүріп, Орта жүзде болған оқиғаларға белсенді түрде қатысқан. Шығармаларында шақшақ руынан Жәнібек, дулат руынан Бөкей мен Сағыр, Дербесәлі, уақ руынан Баян, Бөгенбайды шабытпен жырлаған. Бұл қай жырау?
Көмек
Абылай дәуіріндегі жорық-жырларымен танымал.
Жауап
Тәтіқара жырау
Сұрақ 3
Белгілі Бекболат биге арнау жазған; Абылайдың өмірі мен қызметін, оның қосшысы — көрнекті қолбасшы Бөгенбайды мақтан еткен. Қай жырау?
Көмек
ХVІІІ ғасырда 1706–1778 жылдары өмір сүрген.
Жауап
Үмбетей жырау
Сұрақ 4
Арғын тайпасының қаржас руынан шыққан. Ауызынан өлең төгіліп тұратындықтан замандастары оны «көмекей әулие» деп атаған. Халық оны әулие, дана және көреген жырау ретінде құрметтеген, Абылайдың кеңесшісі болған. Ол кім?
Көмек
1684–1781 жылдары өмір сүрген, Қалқаман батырдың баласы.
Жауап
Бұқар жырау
Сұрақ 5
Орынбаймен айтысы бүгінге жеткен. Шығармашылығының ең маңызды жетістіктерінің бірі — «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» поэмасының ерекше нұсқасын жазып қалдыруы. Ол қай ақын?
Көмек
1775–1846 жылдары өмір сүрген; суырып салма ақын; Шығыс Қазақстан облысы, бұрынғы Абыралы ауданында дүниеге келген.
Жауап
Жанақ
Қорытынды: бағалау және үй тапсырмасы
Оқушыларды бағалау
Белсенділік, дәлелді жауап, кестемен жұмыс және ойын тапсырмаларындағы ұпай саны бойынша бағаланады.
Үйге тапсырма
Өтілген тақырып бойынша тест тапсырмасын құрастырып келу.