Білімнің алғаш есігін ашқан ұстаздармен қоштастыра отырып жоғарғы сынып мұғалімдеріне сәт сапар тілеп табыстау
Бастауышпен қоштасу
Тақырыбы: «Бүгінгі шәкірт — көгершін, болашағың көгерсін!»
Мақсаты
-
Білімнің қайнар көзі, бастау бұлағы бастауыштан басталатынын ұғындыру.
-
Білімге, өнерге қызығушылықты арттыра отырып, білім ордасын және ұстаздарды құрметтей білуге тәрбиелеу.
-
Алғаш білім есігін ашқан ұстаздармен қоштастырып, жоғарғы сынып мұғалімдеріне сәт сапар тілеп табыстау.
Көрнекілік
Өтілу барысы
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Бүгін «Бүгінгі шәкірт — көгершін, болашағың көгерсін!» атты бастауышпен қоштасу ертеңгілігімізге жиналып отырсыздар. Қадамдарыңызға нұр жаусын!
Алдарыңызда тұрған балалар 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын тәй-тәй басып аттаған кіп-кішкентай бүлдіршіндер еді. Енді міне, бойлары да, ойлары да өсіп, әріп танып, бастауыш сынып білімін аяқтап, жоғарғы сыныпқа қадам басқалы отыр.
Бүгінгі көгершіндерім, болашақтарың көгеріп, көктеп, биіктерге самғаңдар деген тілекпен бүлдіршіндерімізді ортаға шақырамыз.
Оқушыларға арналған таныстыру өлеңдері
1
Әзілді жаны сүйеді,
Армансыз ол күледі.
Әлнұр біздің әрқашан,
Күлімсіреп жүреді.
2
Би билейді талмайды,
Әсем әнін арнайды.
Біздің нәзік Ақбөбекті,
Барлық бала тыңдайды.
3
Үндемей-ақ бәрін тындырар,
Сыныптың салмақты қызысың.
Жымиып күлген күлкісі —
Мерейдің тұйық мінезі.
4
Ертеңгі күнін ойлайтын,
«Бес алам» деп қалмайтын.
Аршыл, біздің Жандәулет,
Жалқаулыққа бармайтын.
5
Сыйлап сәлем береді,
Үлкендерді көргенде.
Арайлымды сыныпта,
Ізетті деп біледі.
6
Барлық істе алда жүретін,
Ән айтып, биде билейтін.
Сыныптың белсенді аруы —
Әсел, өнерлі қызымыз.
7
Жыр оқып тарихын танытқан,
Кітап оқып білімін дамытқан.
Дархан — сыныбымыздың озаты,
Білімін ол болаттай қорытқан.
8
Әсем деген қызымыз,
Қатысқан талай сайысқа.
Тамылжытып ән айтып,
Жеткен талай табысқа.
9
Білімімен үлгі болған сыныпқа,
Отырмайды ойланбастан.
Манас — өнегелі, өнерлі,
Достары арасында беделді.
10
Іс келгенде алдына
Жан салмайтын қызымыз.
Ер мінезді, көрікті —
Фарида, біздің ержүрек.
11
Өзі ұялшақ, көп үндемес,
Мінезіне ешкім тең келмес.
Үндемес қыз — Нұрай,
Сыныпта оған тең келмес.
12
Бойында алаулаған жалын,
Жақсылыққа толы жанын.
Іңкәр — сынып қамын ойлап,
Қайтпай жүрер талай қадам.
13
Күні бойы тынбаған,
Үлкендерді сыйлаған.
Сабырлы біздің Меруерт,
Ұқыптылыққа бойлаған.
14
Өнер қуған жасынан,
Сөз асырмас басынан.
Намысқой біздің Аяжан —
Дос табылар қасынан.
Хормен
Құрбыласпыз, тұрғыласпыз — 14-іміз.
Күлімдейміз, бір бақшаның гүліндейміз.
Жүргізушілер сөзі
1-жүргізуші — Ақбөбек
Армысыздар, мұғалімдер — әз жандар,
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Өлең оқып, би билеп, бүгін ән де айтылады.
2-жүргізуші — Дархан
Қош келдіңіздер, ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңізден мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңызда жауқазындай құлпырған,
Біз — алаңсыз, балғын шақты балалар.
1-жүргізуші — Ақбөбек: Бүгін біз бойымызға білімнің жарық сәулесін сыйлаған, көп нәрсені үйреткен ұстазымызбен қоштасқалы отырмыз.