Менің анам үнемі жұмыста

Автор туралы

Қарағанды облысы, Балқаш қаласы, Н. К. Крупская атындағы жалпы білім беретін №4 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі — Қасымова Айнұр Нұрбековна.

Менің сүйікті тағамдарым

Менің сүйікті тағамдарым — бауырсақ, бәліш және жент. Айта берсем, ұнататын тағамым өте көп, бірақ осы үшеуін ерекше жақсы көремін.

Үйдегі ас дайындау

Анам көбіне жұмыста болады, сондықтан маған тамақты әжем әзірлейді. Ол бауырсақ пен бәлішті жиі дайындайды.

Ауылдан келетін дәм

Жентті ауылдағы әжем әкеледі. Жазда ол қымыз да әкеледі. Әкем қымызды ерекше жақсы көреді.