Сәбеңнің ізі қалды сөнбейтұғын
Тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы
«Жол таптым бар халықтың жүрегіне...»
Сабақтың мақсаты
- Сәбит Мұқановтың өмірі мен шығармашылығы туралы деректер келтіру, ақын өлеңдерінің мазмұнын ұғындыру және жатқа оқыту.
- Ақын туралы естеліктерді еске түсіріп, мәнерлеп айтқызу.
- Ойлау қабілетін, жатқа айту мен мәнерлеп оқу дағдысын шыңдау.
- Биік адамгершілікке, өмірді сүйе білуге баулу.
Жүргізуші сөзі
Кіріспе
Айта салған сөзім емес дәлелсіз —
Танығанға Сіз бір байтақ әлемсіз!
Жерді айналып, күндер, түндер тоқтаусыз
Өтіп жатыр, өтіп жатыр Сәбеңсіз.
Ойым әсем өрнектелмес мәнерсіз,
Қате дерсіз, бәлкім «жөн-ау, иә!» дерсіз.
Жиырма жеті жыл өтіпті-ау, зымырап —
Сәбең алар, Сәбең берер сәлемсіз!
Ертіс, Есіл кетпесе де кері ағып,
Алыптарсыз кім не берді, нені алып?
Ғасырлардың қайраңында — ең алып.
Көңіл шіркін кей-кейде өстіп бұзылар:
Тағдыр — тайғақ, жанды қырар сызы бар.
Тәубә дейміз өмір атты айдында —
Мұқановтың мыңды айдаған ізі бар!
Артығырақ кеттім бе деп мына мен
Орыстан да, қазақтан да сұрап ем.
Бір кісідей кәрісі айтты, жасы айтты:
«Деген сөзді Сәбең — тұтас бір Әлем!»
Шындық айтсақ, жия тұрып ұятты —
Төбемізден жұлдыздар ғой жиі ақты.
Шоқ жұлдыздың бірі — Сәбит Мұқанов,
Ұлтымыздың баламасы сияқты.
Келді міне қос ғасырдың тоғысы,
Қазақ емес, емес тіпті орысы…
Шалғай жатқан бізден ата қонысы,
Мекен-тұрақ, жайылымы, өрісі…
Талайлардың өкілі айтты дегенді:
«Сәбит — ойдың жүйрік бәйге торысы!»
Сәбит Мұқановтың 114 жылдығына орай «Жол таптым бар халықтың жүрегіне» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
II. Өмірбаяны
Өмірбаяны оқылады.
III. Өлеңдер
Оқушылардың мәнерлеп оқуы.
1-оқушы
Уа, Сәбе, аласармас асқар тауым,
Дұрыс қой, саған арнап сөз бастауым.
Бір өзің бір әлемдей алып тұлға,
Өзіңнен үлгі алады өсер қауым.
Сен едің өнегесі мықтылықтың,
Бар ісің бастауы еді жақсылықтың.
Әділеттің ақ туын аспандатып,
Табыңды алып шықтың тапшылықтан.
Жасыңда білім іздеп аласұрдың,
Жиырмаңда ақ бандымен талас құрдың.
Бәйгеден озып келер сәйгүліктей,
Өзіңді өзің күреске жараттың.
Отызда ел билеп, еңсе тіктедің,
Шығармаңның небір түрін жазып бердің.
Бойыңдағы дарының жұлқа тартып,
Түледі ойыңдағы бар арманың.
Нешеме биіктерді бағындырдың,
Айналаңа күн нұрын жағып жүрдің.
Достарыңа шипалы алақан боп,
Дұшпаныңды ізіңе табындырдың.
Айтуға шындықты да қорықпадың,
Есімде жапа көріп, торыққаның.
Арсыз топ арандатты, пәле жауып,
«Құрттық!» — деп Мұқановтың қанын сорып.
Алтынға тат тұрмайды жақсаң-дағы,
Темірге балта өтпейді шапсаң-дағы.
Ішінен жаққан оттан аман шығып,
Тағы да жақсы атағың аспандады.
Адам жоқ дәмі бітіп, өлмейтұғын,
Аққан жұлдыз секілді өзің жазған.
Сәбеңнің ізі қалды — сөнбейтұғын.
2-оқушы
О, тағдыр, сен төндірдің
Басыма тағы ауыр күн.
Естірттің өлімін өндірдің,
Қайғысы қатты бауырдың!
Қанын неге торсыққа
Қара ниет құйды екен?
Жолыққыр өмірі қырсыққа —
Көзі қалай қиды екен?
Қайратпен қарсы алдым мен
Қайғының бұл дауылын.
Түксиіп жауға қалдым мен,
Кегің кетпес, бауырым!