Ойлан - ойлан аялдамасы
Сайысқа қатысатын 3 оқушы — Талапкерлер. Қалған оқушылар — Ақылшылар. Сайыс кезінде талапкерлер жауап бере алмаған сұрақтарға ақылшылар жауап беріп, жеңімпаз алқаларын алуы мүмкін. III сайысты жеңіп шыққан талапкер «Сынып үздігі» атағын алады.
І. Үй тапсырмасы
«Қу мысық» тақырыбына шығарма жазып келу. Жеңімпаз өзіне жол таңдайды:
- Қызыл жол — қатесіз жеңіс.
- Көк жол — бір қатемен.
- Ақ жол — екі қатемен.
ІІ. Дүниетану аялдамасы
Ақ жол
Қандай құстар өздеріне ұя жасамайды?
- Шағала
- Сұрқарлығаш
- Көкек
- Қайра
Көк жол
Оқушылар шеберханада қақпақ ұя жасап, оны биік ағаштың күн жақ бетіне қақты. Оқушылардың істегені дұрыс па?
- Дұрыс
- Жоқ, дұрыс емес
- Жоқ, қақпақты ағаштың бетіне қағуға болмайды. Оны байлау керек.
Қызыл жол
Қандай құстарға адамдар көктемде ұя жасап береді?
- Ұзақ
- Торғай
- Бозторғай
- Қараторғай
ІІІ. Ойлан-айлан аялдамасы
Ақ жол
Солдан оңға оқысаң: Қажет қылсаң айтасың.
Оңнан солға оқысаң: Қажет қылсаң айтасың.
Жауабы: Керек
Көк жол
Солдан оңға оқысаң: Сен сыйлайтын тәтемін.
Оңнан солға оқысаң: Сен сыйлайтын тәтемін.
Жауабы: Аға
Қызыл жол
Солдан оңға оқысаң: Ең мейірбан жанмын мен.
Оңнан солға оқысаң: Ең мейірбан жанмын мен.
Жауабы: Ана
IV. Метаграмма аялдамасы
Ақ жол
Егер М-дан бастасаң — тоғай болар тұрағым.
М-ны алып тастасаң — теңіз болып шығамын.
Жауабы: Марал — Арал
Көк жол
Егер Ш-дан бастасаң — су таситын ыдыспын.
Ш-ны алып тастасаң — бітіретін бір істімін.
Жауабы: Шелек — Елек
Қызыл жол
Егер Х-дан бастасаң — сәлеміңді ап жетемін.
Х-ты алып тастасаң — көлігің боп кетемін.
Жауабы: Хат — Ат
V. «Заблудился звук» аялдамасы
Ақ жол
Неизвестно, как случилось,
Только звук-то заблудился:
Заскочил он в чей-то дом
И хозяйничает в нем.
Закричал охотник: «Ой!
Двери гонятся за мной!»
Дұрыс сөз: Звери
Көк жол
Куклу выронив из рук,
Маша мчится к маме:
Там ползет зеленый лук
С длинными усами.
Дұрыс сөз: Жук
Қызыл жол
Синеет море перед нами,
Летают майки над волнами.
Дұрыс сөз: Чайки
VI. Қазақ тілі аялдамасы
Тыныс белгілерін қойып шығыңдар.
Ақ жол
Елдің тұрмысы жақсарды. Үй сайын электр шамы жарқырап тұр. Әр үйде газ плитасы, шаңсорғыш, тоңазытқыш бар.
Көк жол
Станция үлкен. Онда көп қабатты үйлер салынған. Колхоз, совхоздан келген жолаушылар вокзалда отырады.
Қызыл жол
Бір мың тоғыз жүз он тоғызыншы жыл. Қыс басталды. Қалаларда отын, тас көмір, мұнай жоқ.
Соңында әділқазылар алқасы қорытынды жасайды.