Қостанай аялдамасы

Сабақ тақырыбы

Құрттар әлемі (презентациямен)

Сабақтың барысы

Маршрут: Ақтөбе → Хромтау → Рудный → Қостанай → Астана

Топтық жұмыс Деңгейлік тапсырмалар Ойын элементтері

Ұйымдастыру

Оқушылар 3 топқа бөлінеді. «Астана» поезына отыру үшін «үйден таксимен» шығу секілді рөлдік кіріспе жасалады.

Құрал

Деңгейлік сұрақтар видео-сұрақтар форматында ұсынылады.

Нәтиже

Оқушылар ақпаратты талдап, дәлелдеп, қорытынды жасап үйренеді.

I. Қызығушылықты ояту

Миға шабуыл: Ақтөбе – Астана маршруты бойынша саяхат

1-деңгей: жеңіл сұрақтар

  1. Бауырсорғыштың аралық иесі қандай жануар?

    Жауабы: кіші тоспаұлу.

  2. Жұмыр құрттардың денесі қандай 3 қабаттан тұрады?

    Жауабы: 1) сыртқы — сірқабық, 2) ортаңғы — гиподерма, 3) ішкі — бірыңғай салалы бұлшықет.

  3. Буылтық құрттардың дене қуысы қалай аталады?

    Жауабы: целом.

2-деңгей: күрделі сұрақтар

  1. Шұбалшаң топырақта тіршілік етуге қалай бейімделген? Оның практикалық маңызы қандай?

    Жауабы: Шұбалшаң өте сезімтал болғанымен, топырақта тіршілік етуге бейім: көзі мен қармалауыштары жоқ; қозғалуына дене сегменттері мен қимыл аппараты көмектеседі. Топырақты қопсытып, құнарлылығын арттырады.

  2. «Алғашқы (тұрақты) ие» және «аралық ие» ұғымдарын қалай түсінесіз?

    Жауабы: Алғашқы (тұрақты) иеде паразит құрт жыныстық жолмен көбейеді, ал аралық иеде оның дернәсілдік кезеңі тіршілік етеді.

  3. Неліктен жұмыр құрттар денесін қысқартып та, созып та алмайды?

    Жауабы: Көптеген жұмыр құрттарда тері-бұлшықет қапшығы бар, бірақ көлденең жолақты бұлшықеттер болмайды. Сондықтан олар денесін қысқартып-созбайды, тек жан-жағына майыстыра алады.

3-деңгей: өте қиын сұрақтар

  1. Сорғыштар класына жататын эндопаразиттер қандай аурулар туғызады?

    Жауабы: Қансорғыш құрт — айырдене (шистосома) шистосомоз ауруын туғызады; ол адамның құрсақ қуысы мен қуықтың ірі веналарында паразиттік тіршілік етеді.

  2. Бөсір (аскаридоз) ауруы қалай пайда болады?

    Жауабы: Ішексорғының дернәсілдері ішек қабырғасына қадалып, бөлетін улы заттары ішектің қызметін бұзады.

  3. Суыpтқы туғызатын ауру қандай, оның қауіптілігі неде?

    Жауабы: Суыртқы көбіне сүтқоректілердің тері астындағы шел қабатты зақымдап, дракункулез ауруын туғызады.

II. Мағынаны тану

Ақтөбе аялдамасы: үй тапсырмасын тексеру

1) Жалпақ құрттар

Тақырыптық сызба арқылы негізгі белгілерін еске түсіру.

2) Жұмыр құрттар

Дене құрылысы мен тіршілік ету ерекшеліктерін жүйелеу.

3) Буылтық құрттар

Целом, қозғалу және экологиялық рөліне назар аудару.

III. Хромтау аялдамасы

Жұмбақтар шешу: әр топқа 2 жұмбақ

I топ

Төрт сорғышпен, қармақшалар басында,
Етпен бірге қосылады асыңа.
Шала піскен етті жесең байқамай,
Қауіп-қатер туғызады басыңа.

Жауабы: сиыр цепені.

Кірпікшелер көп денесін қаптаған,
Су ішінде тыным таппай жатпаған.
Екі «құлақ», екі «көз»і тағы бар,
Осы құрттың атын тауып ал.

Жауабы: ақ сұлама.

II топ

Бұл жұмыр құрт ащы ішекте болады,
Өз қорегін жұтқыншақпен сорады.
Үш ернімен көмкерілген аузы бар,
Шешуін сен тауып ал.

Жауабы: ішексорғы.

Жас баланың тік ішегі — мекені,
Көпке мәлім дара жыныс екені.
Жұмыртқасы дамиды оның далада,
Жұқпайды ол таза жүрген балаға.

Жауабы: үшкірқұрт.

III топ

Топырақ арасында тұрағы,
Топыраққа құнар беріп тұрады.
Жаңбырдан соң жер бетіне шығады,
Ойланған жан оның мәнін ұғады.

Жауабы: шұбалшаң.

Қылтаны көп денесінде, су түбінде жүреді,
Өзі балықтардың сүйікті қорегі.
Ұзын денесі буылтықтан тұрады,
Бұл да құрттың ерекше бір түрі еді.

Жауабы: нереида.

IV. Рудный аялдамасы

Деңгейлік тапсырмалар

1-топ: «Қайсысы артық?»

Нысандарды салыстырып, артық ұғымды дәлелмен анықтау.

2-топ: «Басқатырғы»

Логикалық ойлау мен байланысты табуға арналған тапсырмалар.

3-топ: Танымдық ойын «Ат жүрісі»

Сұрақтарға кезекпен жауап беру арқылы білімді бекіту.

V. Қостанай аялдамасы

Тест тапсырмалары

  1. 1. Жалпақ құрттар типіне жататын жәндіктерге қандай белгілер тән?

    A) екі жақты симметриялы Ә) радиальды симметриялы Б) екі қабатты жануар В) целомды жануар

  2. 2. Сиыр цепенінің дернәсілі қайда дамиды?

    A) адам ішегінде Ә) топырақта Б) сиыр денесінде В) тоған суда

  3. 3. Алғаш жалпақ құрттарда пайда болған жүйе

    A) ас қорыту Ә) қанайналым Б) тыныс алу В) зәр шығару

  4. 4. Адам ішексорғысы денесінің ұзындығы

    A) 10 Ә) 1 Б) 40 В) 4

  5. 5. Соңғы дене қуысы — целом — бар ағзалар

    A) ішекқуыстылар Ә) жұмыр құрттар Б) жалпақ құрттар В) буылтық құрттар

  6. 6. Буылтық құрттардың қозғалу мүшесі болып саналады

    A) кірпікшелері Ә) параподий Б) талшықтары В) тамыраяқтары

  7. 7. Қанның ұюын баяулататын қасиеті бар сүліктерде болатын зат

    A) гирудин Ә) гликоген Б) лизин В) фермент

  8. 8. Паразиттік тіршілік ететін жұмыр құрттар

    A) ішексорғы Ә) үшкірқұрт Б) қылқұрт В) барлық жауаптар дұрыс

  9. 9. Жұмыр құрттардың ас қорыту жүйесіне қандай белгілер тән?

    A) алдыңғы, ортаңғы, артқы бөлімдерден тұратын ішек аналь тесігімен аяқталады Ә) тұйық ішек Б) ортаңғы ішекте көптеген өсінділердің болуы В) ішегі жоқ

  10. 10. Паразит құрттарды зерттейтін сала

    A) палеонтология Ә) протозоология Б) гельминтология В) зоология

VI. Ой толғаныс

Астана аялдамасы: шығармашылық жұмыстар

1) Ертегі

Тақырыпқа сай қысқа оқиға құрастыру.

2) Бес жолды өлең

Негізгі ұғымдарды ықшам, мәнді түрде жинақтау.

3) Эссе

Ойды дәлелдеп жазу, қорытынды шығару.

Үй тапсырмасы

Тақырып бойынша тест тапсырмаларын құрастыру.