Ананың анасы шығармасының идеясы

Сабақтың тақырыбы

Ғабит Мүсіреповтің «Ананың анасы» әңгімесі

Сабақтың түрі

Топтық жұмыс, пікірсайыс сабағы

Сабақтың типі

Аралас сабақ

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, тарих, бейнелеу өнері

Сабақтың мақсаты

1) Білімділік

  • Ұлы жазушы Ғабит Мүсіреповтің тарихи тұлғасын, сөз шеберлігін және қайраткерлік қырын таныту.
  • Әңгіменің негізгі идеясын, мәнін терең ұғындыру.

2) Дамытушылық

  • Оқушыларға әңгіменің тақырыбы мен өзегін түсіндіру.
  • Анаға деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін ояту.
  • Сөз астарына үңіліп, өз пікірін дәлелдеп қорғауға дағдыландыру.

3) Тәрбиелік

Ақыл-ойды дамытуға, адамгершілікке, имандылық пен әдептілікке, жақсы қасиеттерді бойға сіңіруге тәрбиелеу.

Сабақ жоспары

1-сағат

  1. 1 Жазушының өмірі мен шығармашылығы
  2. 2 Әлем әдебиетіндегі ана туралы шығармалар
  3. 3 Қазақ әдебиетіндегі ана туралы шығармалар

2-сағат

  1. 4 «Ананың анасы» шығармасының идеясы
  2. 5 Тірек сөздермен жұмыс
  3. 6 Сөздікпен жұмыс
  4. 7 Шығарманың құрылысы
  5. 8 Ана бейнесін ашатын кестелі сөздермен жұмыс
  6. 9 Ұлағатты сөздер
  7. 10 Түйін
  8. 11 Бағалау

Ғабит Мүсірепов: өмір жолы мен қызметі

  • Алғаш рет 1925 жылы «Едіге» әңгімесі «Еңбекші қазақ» газетінде жарияланды.
  • 1928–1938 жылдары Қазақстан баспасында, «Социалистік Қазақстан» және «Қазақ әдебиеті» газеттерінде редактор болды; Қазақ АКСР Халық ағарту комиссариатының өнер секторы меңгерушісі, Қазақ өлкелік комитеті баспасөз бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Қазақстан Компартиясы ОК саяси-ағарту бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды.
  • 1938–1955 жылдары шығармашылықпен шұғылданып, Қазақстан Жазушылар одағы төралқасының мүшесі болды.
  • 1956–1957 жылдары «Ара–Шмель» журналының редакторы қызметін атқарды.
  • 1957–1962 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы болды.
  • 1959 жылдан бастап КСРО Жазушылар одағы басқармасының хатшысы міндетін атқарды.
  • 1974–1975 жылдары ҚазКСР Жоғары Кеңесінің төрағасы болды.

Шығармашылық мұрасы

Проза

  • «Тулаған толқын» (1928) повесінде 1918–1920 жылдардағы азамат соғысы оқиғалары суреттеледі.
  • «Қос шалқар» (1928), «Көк үйдегі көршілер» (1929), «Туннель» (1930), «Алғашқы адымдар» (1932), «Шұғыла» (1935) әңгімелерінде қазақ ауылындағы әлеуметтік тартыстар бейнеленеді.
  • 1934 жылы «Ананың арашасы» новеллалар циклін жариялады.
  • «Оянған өлке» романы (1953; 1984) революцияға дейінгі Қарағандыдағы қазақ жұмысшыларының қалыптасу үдерісін суреттейді.
  • 1967 жылы «Кездеспей кеткен бір бейне» повесі жарық көрді.

Драматургия

  • «Қыз Жібек» операсына либретто (1934).
  • «Амангелді» (1939), «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» (1939), «Ақан сері – Ақтоқты» (1942) пьесалары.

Қоғамдық қызметі және марапаттары

Қызметі

  • КОКП-ның XXII съезінің делегаты.
  • Қазақстан Компартиясының X–XV съездерінің делегаты.
  • КСРО Жоғары Кеңесінің V шақырылымының депутаты.
  • ҚазКСР Жоғары Кеңесінің VI–XI шақырылымдарының депутаты.

Марапаттары

  • ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1970).
  • Ш. Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты (1976).
  • 3 мәрте Ленин, 2 мәрте Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы ордендерімен және медальдармен марапатталған.