Сағынтай БотакөзЖетекшісі
3-сынып оқушысы
Сағынтай Ботакөз
Жетекшісі: Шахыманова Айзат Ержанқызы
Тақырыбы: Сәулет ескерткіштері
Мақсаты
- Қазақстандағы сәулет өнері ескерткіштерімен танысу.
- Суретті орындау техникасы мен заңдылықтары туралы ұғым қалыптастыру.
- Алған білімнің оқушының дамуына ықпал етуі және оны өмірде қолдана білуіне жағдай жасау.
Орта ғасырлардағы сәулет өнерінің дамуы
Мемлекеттің қалыптасуы мен шаруашылықтың өркендеуі орта ғасырларда қазақ жерінде құрылыстың кеңінен салынуына негіз болды. Құрылыс пен тұрғын үй салу өнері сәулет өнері деп аталады.
Бүгінде Қазақстан жерінде ортағасырлық сәулет өнерінің аса көрнекті туындылары сақталған. Солардың қатарында Айша бибі, Жошы хан, Қожа Ахмет Йасауи кесенелері және Алаша хан күмбезі бар.
Айша бибі кесенесі
Айша бибі (XI–XII ғғ.) — Қараханидтер әулетінің негізін қалаушы Қараханның қалыңдығы. Кесене қазіргі Тараз қаласының маңында орналасқан.
Бұл ескерткіш — күрделі архитектуралық көркемдігімен ерекшеленетін туынды. Оның сәндік шешімінде сонау скиф дәуірінен бастау алатын және қазақ қолөнерінде ғасырлар бойы қолданылып келе жатқан ою-өрнек пен әшекей түрлерінің бай қоры көрініс тапқан.
Жошы хан кесенесі
Жошы хан күмбезі — Жезқазған қаласынан солтүстік-шығысқа қарай шамамен 50 км жерде, Кеңгір өзенінің жағасында орналасқан көне архитектуралық ескерткіш.
Күмбезде сақталған таңбаларға қарағанда, оны салуға Жошыға бағынған тайпалардың көпшілігі (оғыз, арғын, қыпшақ, керей, найман, қоңырат, қаңлы және т.б.) қатысқан.
Тарихи дәстүр бойынша күмбезді қайтыс болған адамның жылдық асын беруден бұрын тұрғызатын болған. Осыған сүйенсек, 1227 жылы қайтыс болған Жошыға 1228 жылы күмбез тұрғызылған болуы мүмкін.
Қожа Ахмет Йасауи кесенесі
Қожа Ахмет Йасауи кесенесі — Түркістан қаласында XIV ғасырдың соңында тұрғызылған сәулеттік ғимарат.
Қожа Ахмет Йасауи дүние салғаннан кейін, халық көп жиналатын орынға айналған шағын мазарға жерленген. Кейінірек бұл кесене мұсылмандардың жаппай тәуеп ететін қасиетті орнына айналды.
Алаша хан күмбезі
Алаша хан күмбезі Ұлытауда, Қаракеңгір өзенінің жағасында (Сарыкеңгір өзенінің құяр саласына жақын), биік жотаның үстінде орналасқан.
Ғалымдар бұл күмбезді Қарахан әулетіне және оғыз-қыпшақ дәуіріндегі (X–XIII ғғ.) сәулет өнері үлгілерінің қатарына жатқызады. Зерттеушілер жаңа болжамдар (XV–XVI ғғ. деушілер де бар) айтқанымен, күмбездің мүжіліп тозған келбеті және басқа ескерткіштерге ұқсамайтын көркемдеу тәсілдері оның тым көне кезеңдерге тән екенін аңғартады.
Қорытынды
Оқушының белсенділігі, оған деген сенім және бірлесіп жұмыс жасау — ынтымақтастықтың нақты көрінісі. Мысалы, оқушылар ақылдасып рельеф жасауға кіріскенде, өзара түсіністік күшейді.
Оқушылар ынтымақтаса отырып оқу үдерісіне белсенді араласты, жеке тұлға ретінде өзіне сеніммен қарап жұмыс жасады (өзін-өзі бағалады), әрі білім берудегі жаңа мүмкіндіктерді — достарымен бірге жұмыс істеуді — тиімді пайдалана алды.
Бұл жұмыстағы ең негізгі қағида — сенім білдіру мен ынтымақтастық.
Ескерту: сілтемені қажетті файлға бағыттаңыз.