Қазақша шебер сөйлейтін атқамінерлердің ондығы жасалды (Видео) Қазақстан Ұлттық арасындағы Апта бағдарламасының сараптамалық орталығы қазақ тілінде қапысыз сөйлейтін атқамінерлердің ондығын жасады
Қоғам • Тіл • Рейтинг
Қазақша шебер сөйлейтін атқамінерлердің ондығы жарияланды (видео)
«Қазақстан» ұлттық арнасындағы «Апта» бағдарламасының сараптамалық орталығы қазақ тілінде қапысыз, жатық сөйлейтін атқамінерлердің үздік ондығын жасады. Рейтингке түрлі саладағы басшылар мен саясаткерлер енгізілген.
10–6 орындар
10-орын
Ералы Тоғжанов
Маңғыстау облысының әкімі
Сарапшылар бұл орынға екі ай бұрын Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалған Ералы Тоғжановты енгізген.
9-орын
Нұрлан Ноғаев
Атырау облысының әкімі
Сарапшылардың айтуынша, Нұрлан Ноғаевтың тілі жатық: қазақтың жалпақ тілімен кез келген мәселені тігісін жатқызып жеткізеді. Әртүрлі шаралар мен алқалы жиындарда мемлекеттік тілдің қадірін арттыра сөйлейтіні үшін ол тоғызыншы орынға лайық деп танылған.
8-орын
Жақып Асанов
Бас прокурор
Құқықтық саладағы ауқымды реформаларымен көзге түсіп жүрген тұлғалардың бірі ретінде Жақып Асанов сегізінші орынға жайғасқан.
7-орын
Бердібек Сапарбаев
Ақтөбе облысының әкімі
Инвесторлардың бірімен мемлекеттік тілдің мәртебесі туралы әңгімесі кең тараған Бердібек Сапарбаев жетінші орыннан көрінген.
6-орын
Қырымбек Көшербаев
Қызылорда облысының әкімі
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев рейтингтің алғашқы алтылығына енген.
5–2 орындар
5-орын
Иманғали Тасмағамбетов
Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және Өкілетті елшісі
«Апта» сараптамалық орталығы Иманғали Тасмағамбетовті тілі мірдің оғындай, кез келген мәселені шегелеп сөйлейтін саясаткер ретінде атап өтеді. Түрлі лауазымды қызметтерді атқарған Иманғали Нұрғалиұлы бесінші орынға орналастырылған.
4-орын
Бақытжан Сағынтаев
Премьер-министр
Соңғы кезде жаңа қырынан танылып, қызыл тілді шешен ретінде бағаланған Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев төртінші орынға ие болған.
3-орын
Бекболат Тілеухан
Мәжіліс депутаты
Үздік үштікті Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан түйіндеген.
2-орын
Мұхтар Құл-Мұхаммед
«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары
Сарапшылар Мұхтар Құл-Мұхаммедті шешен сөйлеудің хас шебері деп бағалайды. Олардың пікірінше, Мұхтар Абрарұлы әуезді тілмен еркін көсіліп сөйлегенде, қазақ тілінің қадірін білетін қалың жұртты баурап алады. Осы себепті оған екінші орын лайық деп танылған.
1-орын
1-орын
Мақсат Ысқақов
прокурордың көмекшісі
Бірінші орынды төрт жыл бұрын «Болашақ» бағдарламасының мерейтойында Елбасымен әдемі әрі тапқыр әңгіме өрбітіп, көпшіліктің есінде қалған Мақсат Ысқақов иеленген. Қазіргі таңда ол прокурордың көмекшісі қызметін атқарады.
Рейтингтің толық нұсқасы мен қосымша үзінділер «Апта» бағдарламасының материалдарында ұсынылған.