Эксперименттік тапсырмалар орындау

Сабақ туралы мәлімет

Класс

7-сынып

Сабақтың тақырыбы

«Қысым» тарауы бойынша қайталау

Сабақтың типі

Білімді тиянақтау

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Физикалық ұғымдардың мазмұны мен маңызын еске түсіре отырып, теориялық сұрақтарға жауап беруде, эксперименттік тапсырмаларды орындауда және есеп шығаруда қолдана білуге баулу.

Тәрбиелік

Физиканың практикалық маңызын ашып көрсету, күнделікті өмірде кездесетін қарапайым физикалық құбылыстарды түсіндіре білуге баулу және есеп шығару дағдыларын дамыту.

Дамытушылық

Оқушының логикалық ойлауын, физикалық ұғымдарды есте сақтау қабілетін және қорытынды жасау мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету.

Көрнекіліктер мен ресурстар

Техникалық құралдар

  • Дауыс беру пульті
  • Слайдтар (бағдарламада дайындалған)
  • Флипчарт (бағдарламада дайындалған)

Оқу-әдістемелік материалдар

  • Эксперименттік тапсырмаларға арналған материалдар
  • Тест карточкалары
  • Физикалық әдебиеттер, журналдар
  • Интернеттен алынған суреттер мен иллюстрациялар
  • Жауап жазуға арналған А4 форматындағы ақ парақтар

Сабақтың жоспары

1

Ұйымдастыру кезеңі

Сабақтың тақырыбы, жоспары, мақсаттары мен ережелерін нақтылау.

1 мин
2

Топтық жұмыс

Миға шабуыл, тест және зертханалық эксперименттер.

30 мин
3

Үй тапсырмасын ұсыну

Оқушылардың дайындық деңгейін көрсетуі, жауаптарды талқылау.

10 мин
4

Үйге тапсырма беру

Келесі сабаққа арналған тапсырманы нақтылау.

1 мин
5

Бағалау

Топтық нәтижелер мен белсенділікті қорытындылау.

3 мин

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалім әрекеті

  • Сабақтың тақырыбын, жоспарын, мақсаты мен міндеттерін хабарлайды.
  • Күнін және жұмыстың түрін (топтық жұмыс) нақтылайды.
  • Сынып алдын ала 5 топқа бөлінгенін, әр топтың тарауға байланысты атауы болуы керегін ескертеді.
  • Нәтиже арнайы бағалау кестесінде топ бойынша бағаланатынын түсіндіреді: белсенділікті алдымен топ мүшелері анықтайды, мұғалім қорытынды пікірін қосады.

Оқушы әрекеті

  • Дәптерге күнін және сабақтың тақырыбын жазады.
  • Теориялық материалды еске түсіреді.
  • Есеп шығаруға қажет шамалар мен формулаларды қайталайды.
  • Үй тапсырмасы бойынша дайындығын пысықтайды.

II. Топтық жұмыс

Мұғалім әрекеті

I. Миға шабуыл

Тест тапсырмаларын орындату (10 мин). Жауаптар дауыс беру пульті арқылы қабылданады.

II. Зертханада

Эксперименттік тапсырмаларды орындату (10 мин). Әр топқа жеке эксперименттік тапсырма беріледі; топ мүшелері тапсырманы орнында орындап, қорытынды жасауы керек.

Оқушы әрекеті

Эксперименттік тапсырмамен танысады.

Тапсырманы орындайды.

1 мин

Орындау барысын түсіндіреді және қорытындысын айтады.

1 мин