Заттың түсін білдіретін сөз
Сабақтың мақсаты мен нәтижелері
Мақсаты
Сын есімнің заттың сапалық қасиетін білдіретін сөз табы екенін түсіндіру; бұрынғы білімді кеңейтіп, бекіту.
Пәндік нәтиже
Сын есімнің мағынасын дұрыс түсініп, сөйлеу мен жазуда орынды қолдану дағдысын дамыту.
Тұлғалық нәтиже
Салыстыру, талдау, жинақтау тәсілдерін қолдану; өз күшіне сенімділікті арттыру.
Жүйелі-әрекеттік нәтиже
Сын есімдер мен теңеу сөздерді пайдаланып, сурет бойынша көркем мәтін құрастыру.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Күннен, жерден нәр алған
Біз — өмірдің гүліміз.
Сәрсенбінің сәтінде
Сәтті болсын күніміз.
II. Көркем жазу
Жазуға арналған сөздер:
Кіріспе әңгіме
Балалар, біз қай мемлекетте өмір сүріп жатырмыз? Еліміздің Президенті кім? Бүгінде Қазақстанды әлем танып, өркениетті елдердің қатарына қосылу жолында үлкен қадамдар жасалып жатыр.
Еңселі ел болу үшін біз қандай болуымыз керек? Білімді болуымыз керек. Білімді болу — ең алдымен адам болу. Өмірдегі барлық жақсылық білімнен басталады. Тәуелсіз елдің тірегі — білімді ұрпақ, ал ол өз қолдарыңда.
Ана тілің — арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
Осы оймен қазақ тілі сабағын бастаймыз.
Үй тапсырмасын тексеру: «Бәйге» ойыны
Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімін пысықтау мақсатында сұрақтар ұпаймен беріледі.
Заттың қимыл-іс әрекетін білдіретін сөздерді тап.
10 ұпайЗаттың атын білдіретін сөздерге сәйкес қимыл-іс әрекет сөздерін тауып жаз.
20 ұпайЕтістік дегеніміз не?
30 ұпайЕтістіктің сұрақтарын ата.
20 ұпайЕтістіктері бар өлең шумағын айтып бер.
30 ұпайЖаңа сабақ: «Сын есім»
Тақырыпты ашу: сөзжұмбақ
Сөзжұмбақ сұрақтары арқылы жаңа тақырып анықталады:
- «Әдемі» сөзіне мәндес сөз.
- Естиміз, айтамыз.
- «Қысқа» сөзіне қарама-қарсы сөз.
- Сөз таптарының бірі.
- Заттың түсін білдіретін сөз.
- Көреміз, жазамыз, оқимыз.
- Жазбаша немесе ауызша ойды жеткізетін, бірнеше сөйлемнен құралған бірлік.
Түсіндіру
Бұған дейін сын есімді заттың сынын білдіретін сөздер деп танып келдік және оның сұрақтарымен таныстық. Енді ұғымды кеңейте отырып: заттың түрін, түсін, сапасын білдіретін сөздер сын есім деп аталады. Жаңа тақырып кестелер арқылы түсіндіріледі.
Тапсырмалар мен ойындар
1-тапсырма: «Артығын тап»
1) Жылқы, тай, құлын, ат, асау.
Қорытынды: асау — сын есім, қалғандары — зат есім.
2) Дәмді, көже, тәтті, көңілді, әдемі.
Қорытынды: көже — зат есім, қалғандары — сын есім.
3) Майлы, майлады, шегеледі, тойлады, жайнады.
Қорытынды: майлы — сын есім, қалғандары — етістік.
2-тапсырма: сурет бойынша жұмыс
Суреттегі заттарды салыстырып, айырмашылығын сөйлеммен айтыңдар:
- Қызыл кітап жуан, ал сары кітап жіңішке.
- Пияз ащы, ал сәбіз тәтті.
- Түнде қараңғы, ал күндіз жарық болады.
Қорытынды: берілген сын есімдер заттың сапасын білдіреді.
3-тапсырма: шығармашылық жұмыс
Сын есімдерді пайдаланып, «Ана» тақырыбында шағын шығарма жазыңдар.
4-тапсырма: «Бір әріптің ізімен» дидактикалық ойыны
Берілген әріптермен сөйлем құраңдар. Сөйлемде мүмкіндігінше сын есім болғаны дұрыс.
Үлгі:
Әәәә — Әйгерім әдемі әшекей әкелді.
Мысал:
Ааа — Ашулы арыстан ақырды.
Бұл сөйлемдегі сын есім — ашулы. Оны басқаша ызалы деп айтуға болады.
Мұндай сөздер мәндес сөздер деп аталады (мағыналары бір-біріне жуық).
Жаттығу:
Оқулықтағы 2-жаттығуда берілген сын есімдерге мәндес сөздер тауып, үлгі бойынша жазыңдар:
- ашулы — ызалы
- әдемі — сұлу
- күшті — мықты
- ақылды — білгір
- мөлдір — тұнық
- үркек — қорқақ
Қосымша тапсырма:
Берілген сын есімдерден туынды сын есімдерді тап және туынды екенін дәлелде: ашулы, ызалы, күшті, ақылды.
Дәлел: жұрнақ арқылы жасалған.
5-тапсырма: «Жұмбақ зат» ойыны
Ойын шарты: сынып оқушылары жасырылған затты әртүрлі сөз таптарымен сипаттайды. Тақтаға шыққан оқушы затты табуы керек. Алғашқы үш сөйлемге дейін тапқан оқушы жеңімпаз атанады.
Мысал (шахмат тақтасы):
- Онда ақ және қара фигуралар бар.
- Ол төртбұрышты.
- Онда 64 торкөз бар.
Жасырылатын заттар: терезе, дөңгелек, жол белгісі, орамал.
Қорытындылау
Сын есім туралы не білеміз?
- Сын есім заттың түрін, түсін, сапасын білдіреді.
- Сын есімдерге қандай? және қай? сұрақтары қойылады.
- Сын есім сөйлемде зат есіммен байланысып қолданылады.
- Сын есімнің негізгі және туынды түрлері бар.
- Туынды сын есім жұрнақ арқылы жасалады.
Бағалау және мадақтау
Сабаққа белсене қатысып, ұтымды жауап берген оқушыларды сынып болып атап өтеміз. Оқушылардың өздеріне үздіктерді анықтауды ұсынып, қошемет көрсетіледі.
Үй тапсырмасы
- Өлеңді оқып, сын есімдерді тап. Қай зат есіммен байланысып тұрғанын анықта.
- Абай Құнанбайұлы туралы мәлімет жинап кел.
Ескерту
Сабақ жоспары оқушылардың жас ерекшелігіне, сынып деңгейіне және уақыт мүмкіндігіне қарай ықшамдалып немесе кеңейтіліп қолданылуы мүмкін.