Табыс атты ұлы өлгенде Нені айтып

Сабақтың тақырыбы

Зат есімнің септелуі

Сабақтың мақсаты

  • Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру.
  • Септік жалғауларымен және олардың сұрақтарымен таныстыру.

Дамытушылық және тәрбиелік мақсаттар

Дамытушылығы

Пәнге деген қызығушылығын дамыту.

Тәрбиелілігі

Сауатты әрі ұқыпты жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі мен әдісі

Түрі
Аралас сабақ
Әдісі
Сұрақ-жауап

Көрнекіліктер

  • Суреттер
  • Кестелер
  • Киіз үйдің суреті
  • Жетіген аспабының суреті
  • Үлестірме материал
  • Қима қағаз

Сабақтың жүру барысы

I. Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, құралдарын реттеу, назарын сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру: «Орнын тап» ойыны

Тақтаның бір шетіне кесте ілінеді. Оқушылар берілген сөздерді тиісті бағанға орналастырады. Осы тапсырма арқылы кім? және не? сұрақтары еске түсіріледі: адамға қатысты сөздерге — кім?, қалғандарының барлығына — не?.

Кесте бағандары

  1. 1.Заттар мен нәрселер
  2. 2.Өсімдіктер
  3. 3.Жануарлар
  4. 4.Адам
  5. 5.Табиғат құбылыстары

Үлгі сөздер

Заттар мен нәрселер Өсімдіктер Жануарлар Адам Табиғат құбылыстары
орындық бүлдірген аю тігінші жел

Екінші жақта жазылатын сөздер

орындық, аю, бүлдірген, тігінші, жел, қоян, дәрігер, найзағай, дауыл, ата, қарақат, шие, барыс т.б.

IV. Жаңа сабақ: Жетіген туралы аңыз арқылы септік сұрақтары

Мұғалім жетіген мен киіз үйдің суреттерін көрсетеді. Жетіген — көне ұлттық музыкалық аспап. Осы аспапқа қатысты аңыз арқылы септік жалғаулары мен септік сұрақтары түсіндіріледі.

Ертеде зат есімнің елінде Септік деген қария болыпты. Оның жеті ұлы болыпты. Бір жылы елде жұт болып, ашаршылық жайлапты. Ашаршылық Септік қарияның үйіне де жетіп, ол ұлдарынан бірінен соң бірін айырыла бастапты.

Жеті ұл және жеті сұрақ

Әр ұлы қайтыс болған сайын қария жетігенге бір ішек тағып, жоқтау айтқан екен. Сол жоқтаулардағы сұрақтар — септіктердің сұрақтары:

Атау

Қария үнсіз егілді.

Ілік

«Ненің зияны, кімнің көзі тиді екен?»

Барыс

«Кімге айтып жылайын, неге ғана өлді екен?»

Табыс

«Нені айтып, кімді қорғайын?»

Жатыс

«Кімге кетті обалың, неде жатып көз жұмдың?»

Шығыс

«Неден қайтыс болдың, кімнен сені сұраймын?»

Көмектес

«Кіммен өмір сүрмекпін, енді немен шұғылданамын?»

Сұрақтарды «Жетіген» сөзіне қою

Сұрақ Жауап
Не? Жетіген
Ненің? Жетігеннің
Неге? Жетігенге
Нені? Жетігенді
Неде? Жетігенде
Неден? Жетігеннен
Немен? Жетігенмен

Осылайша жеті ішек, жеті тиек тағылып, Жетіген аспабы пайда болды деген аңыз айтылады.

Сұрақ-жауап арқылы бекіту

Атау қайтыс болғанда кім үнсіз егілді?
Септік қария.
Ілік қайтыс болғанда қария не деді?
«Ненің зияны, кімнің көзі тиді екен?»

Осы ретпен Септік қарияның аузынан шыққан сұрақтар қайталанып, септік сұрақтары нақты бекітіледі.

VI. Оқулықпен жұмыс

7-жаттығу

Мәтінді оқып, қарамен жазылған сөздерге сұрақ қойыңдар. Сұрақтардың ретіне қарай зат есімнің жалғаулары қалай өзгеретінін байқаңдар.

8-жаттығу (өзіндік жұмыс)

Сұрақтардың орнына ақбөкен сөзін қойып, мәтінді көшіріп жазыңдар.

V. Сергіту сәті

Қысқа сергіту жаттығулары орындалып, оқушылардың зейіні қайта шоғырландырылады.

VI. Тақтамен жұмыс

9-жаттығу

Септіктердің атын, сұрақтарын және жалғауларын көшіріп жазып, жаттап алу.

10-жаттығу

  • Шеңбер, ата сөздерін септеу.
  • Өлеңді оқып, негізгі ойды анықтау.
  • Мәтіннен зат есімдерді тауып, септелген түрлерін жазу.

VII. Қорытынды

Бағалау

Оқушылардың тапсырмаларды орындауы, сұрақтарға жауап беруі және тақтамен жұмыстағы белсенділігі ескеріледі.

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы берілген тапсырмаларды аяқтау және септік сұрақтарын қайталау.