Паскаль тілін ұсынған швецариялық ғалым

Информатика (9-сынып): Шарттарды ұйымдастыру операторлары

Бұл сабақ шарттық және таңдау операторларын түсіндіруге, олардың айырмашылықтарын айқындауға және есеп шығаруда орынды қолдануға бағытталған.

Сабақтың түрі

Жаңа сабақты меңгерту

Оқыту әдістері

  • Сөздік
  • Көрнекі
  • Практикалық

Сабақтың мақсаты

  • Басқару операторларымен таныстыру.
  • Шартты және таңдау операторларының ұғымдарын енгізу, айырмашылықтарын көрсету.
  • Басқа пәндерден алған білімді жан-жақты қолдану дағдысын қалыптастыру.
  • Пәнге деген қызығушылықты арттыру.

Оқушылар білуі тиіс

Басқару операторларын, оларды қолдану ережелері мен қызметтерін.

Оқушылар меңгеруі тиіс

Есеп шығаруда шартты операторларды орынды және дұрыс қолдану.

Ресурстар және ұйымдастыру

Көрнекіліктер

  • ДК
  • Проектор
  • Экран
  • Презентация

Оқыту формасы

  • Ұжымдық
  • Жеке

Қосымша материалдар

  • Үлестірме тапсырмалар: «Дайындық қалай?», «Сәйкестендір»
  • Тірек-сызба
  • Сөзжұмбақ
  • Электронды құжат: АС9, ЭЕМ

Пәнаралық байланыс

Математика, ағылшын тілі, қазақ әдебиеті.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

  1. Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын ретке келтіру.
  2. Компьютер журналын толтыру.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Паскаль программалау тілі әртүрлі блоктардан тұратындықтан, бүгінгі жұмысты да блоктарға бөліп ұйымдастырамыз.

1) «Зерделеу» блогы: «Дайындық қалай?» тапсырмасы

  • Қатені тап.
  • Шама түрін анықта.
  • Сызбаны толтыр.

2) Есепті компьютерде орындау

Үйге берілген есепті компьютерге енгізіп, нәтижесін шығарыңыз:

  • u = 69,3 және r = 3,3 мәндерін беріп, нәтижені есептеңіз.
  • Кернеу (u) мәніне биылғы жылды, кедергі (r) мәніне Желтоқсан оқиғасы болған жылды енгізіп, нәтижені шығарыңыз.

Ескерту: Егер программаңыз дұрыс құрылған болса, нәтиже берілген үлгіге сәйкес шығуы тиіс.

3) Қайталау: сөзжұмбақ сұрақтары

Өткен тақырыпты бекіту үшін сөзжұмбақты шешіңіз:

  1. WRITE қандай оператор? (шығару)
  2. Паскаль тіліндегі программа құрылымы: (сипаттау)
  3. Алгоритмдік тілді машина тіліне автоматты түрде аударатын түрлендіргіш программа: (транслятор)
  4. Алгоритм жазудың бір түрі: (табиғи)
  5. Алгоритм құрылымы: (тармақталу)
  6. Әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритм: (сызықтық)
  7. Дисплей, экран: (монитор)
  8. Программалау тілі: (Паскаль)
  9. Әркім өз қалауынша тағайындайтын шама аты: (бейстандарт)
  10. Символдық типтегі шамалар қайда жазылады? (апостроф)
  11. Эллипс блок-сызбасына алгоритмнің қай бөлігі жазылады? (басы)
  12. Алгоритм қасиеті: (ортақтық)
  13. Араб математигі Әл-Хорезми есімінің латынша жазылуынан пайда болған атау: (алгоритм)
  14. Паскаль тілін ұсынған швейцариялық ғалым: (Вирт)