Даналық ағашы іскерлік ойынының сұрақтары
Сабақтың тақырыбы
Алкандардың алынуы, қасиеттері, таралуы.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларға алкандардың алынуын, физикалық және химиялық қасиеттерін, сондай-ақ таралуын меңгерту. Химиялық реакция теңдеулерін сауатты жазуға дағдыландыру.
Тәрбиелік
Саналы оқуға, жауапкершілікке және өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу. Тез ойлап, тез қорытуға және сөйлеу мәнерін дамытуға баулу.
Дамытушылық
Логикалық ойлау қабілетін және есептеу дағдыларын жетілдіру. Белсенділікті арттыру, пәнге қызығушылықты күшейту және дамыту.
Сабақтың сипаттамасы
Сабақтың түрі
Жаңа білімді игерту сабағы.
Сабақтың әдістері
- Түсіндірмелі сұрақ-жауап
- Ой-толғаныс
- Репродуктивті кестелермен жұмыс
- Іскерлік ойындар
Көрнекіліктер
Дидактикалық ойын: «Химиялық суреттер».
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен сәлемдесу.
- Оқушыларды түгелдеу.
- Сабаққа қажетті құрал-жабдықтардың дайындығын тексеру.
- Дұрыс отыруына және жұмыс тәртібіне назар аудару.
II. Үй тапсырмасын сұрау
1) «Даналық ағашы» іскерлік ойыны
Оқушылар жеміс ағашындағы «жемістерді» алу арқылы ұпай (фишка) жинайды. Ең көп ұпай жинаған оқушыға ағаштың ең ұшындағы «Білім кілті» табыс етіледі, яғни «5» бағасын алады. Қалған оқушылар жинаған ұпай санына қарай бағаланады.
Сұрақтар (теориялық)
- Алкандарды басқаша қалай атауға болады? Неліктен?
- Алкандар неге қаныққан көмірсутектер деп аталады?
- Гомологтар дегеніміз не?
- Гомологтық қатар дегеніміз не?
Сұрақтар (тәжірибелік және қолданбалы)
- Белгісіз қаныққан көмірсутектің молекулалық моделі берілген. Тапсырма: модель бойынша көмірсутекті анықтап, оның изомерін құрастыру.
-
Бейнесұрақ: қаныққан көмірсутектердің барлығында көміртек атомдарының тотығу дәрежесі бірдей емес.
Мысалы, метанда көміртектің тотығу дәрежесі −4. Этанда көміртектің тотығу дәрежесі неге тең?
Жауабы: −3.
-
Екінші бейнесұрақ: 2-метил-4-этилгексанның неше изомері бар?
Жауабы: 2 изомер.
Ескерту
Бейнесұрақтарды ауданымыздағы Жанқожа батыр атындағы №70 мектептің химия пәні мұғалімі Қаймақбай Күміс және мектебіміздің химия-биология пәні мұғалімі Ізбан Нұрсұлу ұсынады.
2) «Химиялық сурет» тапсырмасы
Келесі үй тапсырмасын сұрау шарты: презентацияда берілген сурет бойынша бейнеленген химиялық құбылысты анықтау.
III. Жаңа тақырып
Алкандардың алынуы, қасиеттері, таралуы.
Бұл бөлімде алкандарды алу жолдары, олардың физикалық және химиялық қасиеттері, сондай-ақ табиғатта таралуы қарастырылады. Оқушылар реакция теңдеулерін дұрыс құрастыру және жазу дағдыларын бекітеді.