Балалар назарын негізгі түстерге көңіл бөлуге, түстерді ажырата білуге үйрету

Сабақ жоспары

Орны: Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебі

Пәні: Бейнелеу өнері және сызу

Мұғалім: Есіркеев Қайрат Еленбайұлы

Сабақ тақырыбы: «Бояулар бізде қонақта»

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға бояулар туралы түсінік қалыптастыру.

Балалардың назарын негізгі түстерге аударту, түстерді ажырата білуге үйрету.

Негізгі бояуларды бір-бірімен араластыру арқылы әртүрлі түстерді алу жолдарын меңгерту.

Жылы және суық түстер ұғымын таныстыру және қолдануға бағыттау.

Көрнекіліктер

  • Қағаз беттері
  • Бояу түрлері
  • Әртүрлі суреттер мен үлгілер

Сабақ барысында түстерді араластыру, салыстыру және нәтижені бақылау арқылы тәжірибелік жұмыс орындалады.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды түгендеу.
  • Тақтаға көрнекіліктерді орналастыру, жұмысқа дайындық.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Алдыңғы сабақта берілген тапсырма бойынша оқушылардың жұмыстарын қарап, қысқаша талдау жүргізіледі.

III. Жаңа сабақ

Түрлі түстерді қосу арқылы алынбайтын негізгі үш түс бар: қызыл, сары, көк. Екі түсті араластыру арқылы төмендегі түстер алынады — бұлар қосымша түстер.

Араластыру

Қызыл + сары

Қызғылт сары

Араластыру

Сары + көк

Жасыл

Араластыру

Көк + қызыл

Күлгін (сия көк)

Негізгі түстерді қосымша түстермен араластыру арқылы да көптеген жаңа реңктер алуға болады. Бұл — түстер әлемін тәжірибе арқылы танудың ең қызықты жолдарының бірі.

Түстер туралы аңыз-ертегі

Ертеде хайуанаттардың бәрі аппақ түсті болыпты. Бір күні жаңбырдан кейін аспанда кемпірқосақ пайда болады. Кемпірқосаққа қызыққан түйе оның үстіне шығып, қызғылт сары жолақпен сырғанап түседі.

Мұны көрген басқа хайуанаттар да сырғанай бастайды. Сөйтіп айдаһар — жасыл, арыстан — сары, түлкі — қызыл түске боялады.

Кешке олар үйлеріне қайтып келгенде, қызғылт сары түске боялған түйені «сәбіз» деп мазақ етеді. Ашуланған әрі ұялған түйе қайтадан кемпірқосаққа барып, жасыл жолақпен сырғанап өтіп, қазіргі түсіне боялады.

Тәжірибелік тапсырма

Осы аңызға сүйене отырып, кемпірқосақ түстерін қолданып, әртүрлі хайуанаттарды өзіне тән түстермен бояймыз. Оқушылар түстерді таңдау себебін түсіндіріп, жылы және суық түстерді ажыратып көреді.

IV. Қорытынды

Оқушылар аяқтаған жұмыстарын бірге талдайды.

Қолданылған бояу түрлерін атап, олардың ішінен негізгі және қосымша түстерді ажыратады.

V. Үй тапсырмасы

Бояуларды пайдаланып, әртүрлі жеміс-жидек бейнесін салыңыз. Әр суреттегі түстерді анықтап, қайсысы негізгі, қайсысы қосымша түстер екенін белгілеңіз.

Негізгі ұғымдарды бекіту

Негізгі түстер

Қызыл, сары, көк

Қосымша түстер

Қызғылт сары, жасыл, күлгін

Жылы түстер

Қызыл, сары, қызғылт сары

Суық түстер

Көк, жасыл, күлгін