Барлық оқушылар - Өлеңді мәнерлеп оқы
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Пән
Әдебиеттік оқу, 2-сынып
Сабақтың тақырыбы
«Жуынамын күнбе-күн. Кірқоймас»
Алдыңғы меңгерілген білім
«Тазалықты сүйемін»
Оқу мақсаттары
-
2.1.5.1 — тірек сөздерді пайдалана отырып, өз ойы мен сезімін жеткізу.
-
2.2.4.1 — мақал-мәтел, жұмбақ, ертегі, тұрмыс-салт жырлары, әңгіме, өлең жанрларының ерекшеліктерін анықтау.
-
2.3.3.1 — шығармашылық жұмысты мұғалімнің көмегімен сурет, каллиграмма, аппликация, фотосуреттер арқылы ұсыну.
Тілдік мақсат және негізгі ұғымдар
Терминдер
Түсіндірме сөздік
Гигиена — денсаулықты сақтау және аурулардың алдын алу туралы ілім.
Үштілділік
Тазалық — чистота — purity
Құндылықтар, қауіпсіздік және пәнаралық байланыс
Құндылықтарды дарыту
- ұжымшылдық
- жауапкершілік
- сыйластық
- өзара түсіністік
Денсаулық және қауіпсіздік
Белсенді әрекеттер кезінде техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау.
Пәнаралық байланыс
- көркем еңбек
- дүниетану
- қазақ тілі
АКТ қолдану
Дереккөздермен жұмыс, слайдтар, кеспе қағаздар, оқулық, бейнежазба.
Сабақтың құрылымы
Сабақтың басы
Психологиялық дайындық
Зейінді сабаққа аудару үшін оқушылар қол ұстасып, өзімен де, айналасымен де сәлемдеседі.
Айтамыз алғыс қайталап,
Тыңдайды бізді шартарап.
Өмір сүру — бір бақыт.
Дос бола білу — шын бақыт!
Топқа бөлу
Түрлі-түсті шарлар арқылы 3 топқа бөлінеді:
- 1-топ: Денсаулық
- 2-топ: Тазалық
- 3-топ: Байлық
Үй тапсырмасын пысықтау (айтылым)
Топтық жұмыс: «Тазалық — денсаулық кепілі» тақырыбында әр топ постер дайындап, қорғайды.
ҚБ:
Бағалау тақташасы арқылы.
Жаңа сабақ
«Миға шабуыл» арқылы тақырыпты ашу
Жұмбақ:
Жылт-жылт етеді,
Жылғалардан өтеді.
Жауабы: су
Талқылау сұрақтары
- Тазалық деген не?
- Гигиена дегеніміз не?
- Тазалық не үшін қажет?
- Тазалық сақтау ережелері қандай?
Тақырып
Сұрақтарға жауап беру арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбы анықталады: «Жуынамын күнбе-күн. Кірқоймас».
Тыңдалым
Өлең аудиожазбадан тыңдатылады және тақырыпқа сай бейнежазба көрсетіледі.
Сабақтың ортасы: тапсырмалар
1-тапсырма (айтылым): «Өрмекші» әдісі
Оқушылар шеңбер бойымен тұрып, денсаулық пен тазалық туралы мақал-мәтелдер айтады. Осылайша «өрмекші торы» жасалады.
ҚБ:
Ауызша бағалау (мысалы: «Керемет!», «Жарайсың!», «Тапқырсың!»).
2-тапсырма (жұптық жұмыс): жазылым және айтылым, «Т» әдісі
Сұрақтарға қысқаша жауап жазады:
- Заттардың баладан қашуы. Неліктен?
- Заттардың қайта оралуы. Неліктен?
ҚБ:
Смайликтер арқылы бағалау.
Сергіту сәті
Қимыл-қозғалыс арқылы қысқа сергіту жаттығулары орындалады.
3-тапсырма (саралау)
Барлық оқушылар
Өлеңді мәнерлеп оқиды.
Көпшілік оқушылар
Өлеңді мазмұнына қарай екі топқа ажыратады.
Кейбір оқушылар
Жеке бас гигиенасының ережелерін құрастырады.
Дескриптор
- Өлеңді мәнерлеп оқиды.
- Өлеңді мазмұнына қарай екі топқа ажыратады.
- Гигиенаға қатысты ереже құрастырады.
ҚБ:
Смайликтер арқылы бағалау.
4-тапсырма (топтық жұмыс): жұмбақтарды шешу
Жұмбақ 1
Жуынып болғанда жүреді қолдарда.
Жауабы: орамал
Жұмбақ 2
Түйістіреді көзіңді көзіңе, жолықтырады өзіңді өзіңе.
Жауабы: айна
Жұмбақ 3
Қалтамда жатыр тісі бар, тістемей-ақ істер ісі бар.
Жауабы: тарақ
Жұмбақ 4
Қант та емес, ұн да емес. Ұқсастық бар ептеген. Тістің бәрін аппақ қып, тигізеді септігін.
Жауабы: тіс пастасы
ҚБ:
«Басбармақ» әдісі арқылы бағалау.