Көбейтуді бөлумен тексеру
Сабақ туралы мәлімет
Мектеп және мұғалім
Алматы облысы, Ескелді ауданы, Шымыр ауылы, М. Маметова атындағы орта мектебі.
Бастауыш сынып мұғалімі: Орынтаева Гульзайран Амангельдиновна.
Пән, сынып, тақырып
Пән: Математика
Сынып: 4-сынып
Тақырып: Үш таңбалы санға көбейту және бөлу
Оқыту тәсілдері мен ресурстар
- СТО, ОүБ, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту
- АКТ/ИТ, оқулық
- Бағалау: «Бағдаршам» әдісі
Мақсаты
- 1 Үш таңбалы санға көбейту және бөлу дағдыларын қалыптастыру.
- 2 Топта ынтымақтастық орната отырып, пәнге қызығушылықты арттыру.
- 3 Ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже
Білім мен дағды
Үш таңбалы сандарды көбейтіп, бөле алады; орындалған амалдарды тексерудің тәсілдерін қолданады.
Коммуникация
Топта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырады, өзара тексеру арқылы жауапкершілікті арттырады.
Қолдану
Алған білімін өмірлік жағдаяттарда есептер шығару кезінде қолданады.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру және психологиялық ахуал
«Менің сізге тілегім» жаттығуы: әр оқушы қасындағы сыныптасына қысқа тілек айтып, жағымды орта қалыптастырады.
II. Топқа бөлу
Геометриялық фигуралар арқылы топқа бөліну: әр оқушы өзіне ұнаған фигураны таңдап, сол белгі бойынша топтасып отырады.
III. Үй тапсырмасын қайталау («Ыстық картоп»)
- Жылдамдықты қалай табамыз?
- Уақытты қалай табамыз?
- Қашықтықты қалай табамыз?
IV. Жаңа сабақ («Қай топ жылдам?»)
№1 тапсырма
5 × 457 көбейтіндісінің мәнін табу. Көбейтудің тиімді тәсілін қолдану ұсынылады. Тапсырманы аяқтаған топ белгі көтеріп, дайын екенін көрсетеді.
№2 тапсырма
Көбейтуді бөлумен тексеру. Амалдарды бұрыштап жазу тәсілімен әр оқушы жеке орындайды, кейін топ ішінде бір-бірінің жұмысын тексереді.
№3 тапсырма
Бөлуді орындау және нәтижені көбейтумен тексеру. Топтық жұмыс, тексеру: «Қар кесегі» әдісі.
1-топ
3720 ÷ 465 = 8
Тексеру: 8 × 465
2-топ
2552 ÷ 319 = 8
Тексеру: 8 × 319
3-топ
2944 ÷ 736 = 4
Тексеру: 4 × 736
V. Сергіту сәті
Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы оқушылардың назарын қайта шоғырландыру.
VI. №5 тапсырма: постер қорғау (мәтінді есеп)
Есепті әртүрлі тәсілмен шығару және шешімін постерде қорғау.
Шарт
- 1 жылда: 15000 пәтер тапсыру керек.
- Тапсырылды: 198 пәтерден 6 үй, және 270 пәтерден 5 үй.
- Сұрақ: тағы қанша пәтер тапсыру керек?
Шешуі
198×6 + 270×5 = 1188 + 1350 = 2538
15000 − 2538 = 12462
Жауабы
12462 пәтер тапсыру қажет.
VII. №6 тапсырма: теңдеулерді шешу
Топтар теңдеулерді шешіп, өз шешімдерін дәлелдейді. Тексеру барысында амалдардың орындалу ретін және теңдіктің сақталуын назарда ұстайды.
1-топ
18 : x = 81 : 9
81 : 9 = 9
18 : x = 9
x = 18 : 9 = 2
Тексеру: 18 : 2 = 81 : 9
2-топ
x × 12 = 15 × 4
15 × 4 = 60
x = 60 : 12 = 5
Тексеру: 5 × 12 = 15 × 4
3-топ
419 + x = 209 × 4
209 × 4 = 836
x = 836 − 419 = 417
Тексеру: 419 + 417 = 209 × 4
VIII. Қорытынды
Қайта байланыс
Оқушылар өз түсінігін қысқаша айтып, бүгінгі сабақтағы қиындық пен жетістікті атап өтеді.
Бағалау
«Бағдаршам» тәсілі арқылы өзін-өзі және өзара бағалау жүргізіледі.
Үй тапсырмасы
Оқулық бойынша берілген тапсырмаларды орындау (мұғалім нұсқауына сәйкес).