Ұйымдастыру кезеңі - Оқушылармен сәлемдесу

Сабақ туралы мәлімет

Мекеме

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Қызылтөбе елді мекені, №2 орта мектебі

Пәні және мұғалім

Технология пәні мұғалімі — Утегенова Жібек Жаналиевна

Сабақтың тақырыбы

Үй печеньесі

Мақсаттар мен күтілетін нәтиже

Білімділік

Оқушылардың теориялық білімін іс-тәжірибемен ұштастыра отырып, үй печеньесі туралы толық мағлұмат беру. Тағамдардың ерекшелігі мен құндылығын таныту, білім аясын кеңейту.

Дамытушылық

Жеке тапсырмаларды орындау барысында технологиялық реттілік пен талаптарды сақтауға үйрету, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік

Жаңашылдыққа, әсемдікке, дастарқан мәдениетіне баулу. Ұқыптылық, тазалық, жауапкершілік және эстетикалық талғам қалыптастыру, тамақтану мәдениетін сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Әдістері

  • Сыни тұрғыдан ойлау
  • Ынтымақтастықта оқыту
  • Түсіндірмелі сұрақ-жауап

Көрнекіліктер мен пәнаралық байланыс

Көрнекіліктер

  • Тірек-сызбалар
  • Суреттер
  • Журналдар
  • Дастарқан жабдықтары және т.б.

Пәнаралық байланыс

Сызу Бейнелеу Тарих Әдебиет Алгебра Геометрия

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен сәлемдесу.
  • Сабаққа қатысуын анықтау.

2) Жаңа сабақ

Ұннан жасалатын кондитер тағамдарын әзірлеуде қамырдың бірнеше түрі қолданылады. Олар рецептурасы, консистенциясы және дайындалу тәсілі бойынша бір-бірінен ерекшеленеді.

Қамыр түрлері (қысқаша)

  • Консистенциясы бойынша: сұйық.
  • Дайындау тәсілі бойынша: ашытқылы және тұщы.
  • Тұщы қамыр түрлері: үгілмелі, қаттамалы, бисквитті.

Әр тағам түрі үшін қамыр нақты рецепт бойынша иленеді. Бұл сабақта үгілмелі қамырды илеу, пішіндеу, печенье үлгілерін жасау және пісіру жолдары меңгертіледі.

Ыдыс-аяқ және құрал-жабдықтар

  • Тостаған
  • Ас қасығы
  • Ас тақтайшасы
  • Металл қалыптар
  • Тәрелкелер
  • Пышақ

Азық-түлік (құрамы)

Ұн

2,5 стақан

Құмшекер

1 стақан

Сары май

100 г

Жұмыртқа

2 дана

Қосымша

Тұз, сода

3) Сабақты бекіту

Талқылау сұрағы: үй печеньесі туралы қандай мәліметтерді үйрендіңдер?

4) Үй тапсырмасы

Үй жағдайында үй печеньесін әзірлеу.